Мемлекет басшысы металл тиындарды ақша айналымынан толық шығып болғанға дейін алу көзделген "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды.
Мұндай шараларды қабылдаудың қажеттігі тиындардың едәуір көлемінің болуымен, олардың бүгінгі таңда қолма-қол ақша айналымы кезінде түрлі объективті себептерге байланысты жүруінің іс жүзінде тоқтатылуымен байланысты болды.
Сонымен қатар, бұл Жарлықта барлық төлем құжаттарында қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау тәртібі мен тиындардың көрсетілуі өзгеріссіз қалдырылады деп белгіленді.
Тиындарды қолма-қол ақша айналымынан алудың, сондай-ақ қабылдау мен теңгемен айырбастаудың жоғарыда аталған тәртібін Ұлттық Банк жүзеге асыратын болады.
Бұған қоса азаматтардың, соның ішінде зейнеткерлер мен табысы аз азаматтардың, халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктерінің құқықтарына қысым жасауға жол бермеу мақсатында республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттен тиынмен есептелген әлеуметтік төлемдердің барлық сомасын бір теңгеге дейін дөңгелектеу тәртібін әзірлеп, бекітеді.
Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық
бөлімі