"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Заң кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және салық сорақылығы жылдарында тапқан қаржысын жария еткісі келетін адамдарға бағытталған.
Экономикалық рақымшылықтың негізгі міндеті капиталдың жария емес, жасырын айналымға ағылуына жол бермеу және халықтың қолында бар қаражатты ел экономикасына тарту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады, мұның өзі республика азаматтарының кәсіпкерлік белсенділігіне бұрынғыдан да көп жәрдемдеседі.
Осыған байланысты Үкімет өзінің шешімімен жария ету кезеңі аяқталғаннан кейінгі үш айлық мерзімге кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін; жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеудің нөлдік ставкасын енгізеді. Бұған қоса осы кезеңде кәсіпкерлік үшін тиісті құжаттар берудің ресімдері жеңілдетіледі.
"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың жекелеген мәселелері
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметтік ақпарат бөлімінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 1 маусымдағы N 751 қаулысына түсініктемесі
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз