Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 506 қаулысына түсініктеме

      Электр тұрмыстық тауарларының рыногын дамыту үшін қажетті құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау үшін Үкіметтің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 506 қаулысымен "Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына Сауда компаниялар мен электр тұрмыстық, компьютерлік техниканы және күрделі техникалық жүйелерді тауар өндірушілерінің қазақстандық қауымдастығы бірлестігінің (КАТЭКС) Қазақстан Республикасына импортталатын электр тұрмыстық тауарларына арналған бағалар жөніндегі ақпараттық анықтамалығына бекітілген өзгеріс енгізілді.
      Ақпараттық анықтамалық әкелінетін электр тұрмыстық тауарлардың құнын өндірушілердің атауына, бренді және басқа да сапалық және техникалық сипаттамаларға байланысты бөлуге бағытталған.
      Аталған анықтамалық кедендік құнды айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде ғана пайдаланылатын болады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің 
      Кедендік бақылау комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады