"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы Заңына түсініктемесі

      Елбасы жаңа мемлекеттік награда — "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын енгізуді көздейтін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
      Аталған мемлекеттік награда "Алтын Қыран" орденімен және "Халық қаһарманы" атағымен қатар ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі болып табылады.
      "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз және "Отан ордені тапсырылады.
      "Қазақстанның Еңбек Ері" мемлекеттік наградасының сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті өкімімен бекітілді.
      "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президентінің Әкімшілігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады