Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығына түсініктеме

      Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының І съезінде берген тапсырмасына сәйкес дайындалды.
      Жастар саясаты жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Оның негізгі міндеттері жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру мен іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ жастар арасындағы ахуал туралы Президентті хабардар етіп отыру және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау болып табылады.
      Негізгі міндеттерді іске асыру үшін Кеңес Президентке мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізетін, жастар мәселелері бойынша Мемлекет басшысының ресми құжаттарын дайындауға, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, талқылауға қатысатын, өз жұмысына мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартатын және өзара іс-қимыл жасайтын, сондай-ақ жастар саясаты саласында халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.
      Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және сол секілді өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институттары, жастар ұйымдары мен жұртшылық өкілдері қатарынан құрылады.

      Президент Әкімшілігінің
      Ішкі саясат бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады