Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Жарлығына түсініктеме

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына түсініктемесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді.
      1997 жылы Мемлекет басшысы ел халқына "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатынын артуы" атты Жолдаумен қайырылып, онда Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық басымдықтары айқындалды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарының алғашқы онжылдығын іске асыру аяқталып, оның негізгі мақсаттарына қол жеткізілді.
      Келесі онжылдықтың шешуші бағыттары мен стратегиялық мақсаттары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында анықталды.
      Мемлекеттің күш-жігері шешуші бес бағытқа шоғырландырылатын болады:
      - дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлену;
      - экономиканы жедел әртараптандыру;
      - болашаққа инвестициялар;
      - азаматтарға арналған қызметтер;
      - ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
      Қазақстанды дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу аясында болашақ сапалы осу үшін негіз қалауға мүмкіндік беретін іскерлік ахуалды жақсарту, қаржы жүйесінің тұрлаулығын қамтамасыз ету және сенімді құқықтық ортаны қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделеді.
      Экономикалық әртараптандыру мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл бұйымдар өндірісі; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын ендіру; сондай-ақ энергетика, көлік және телекоммуникациялар секілді басым бағыттар бойынша оза даму есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Әртараптандырудың шешуші басымдықтары Елді 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады.
      Адам ресурстарының әлеуетін арттыру отандық білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін кешенді жаңғырту және еңбек ресурстарын тиімді басқару есебінен қамтамасыз етуді көздейді.
      Азаматтардың өмір сапасын жақсартуға және халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруға осы заманғы әлеуметтік қорғау жүйесін құру және елдің тұрғын үй-коммуналдық кешенін жедел жаңғырту жолымен қол жеткізілетін болады.
      Ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті және халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін күш-жігерді ішкі саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен сынақтарды бейтараптандыруға және қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыруға шоғырландыру ұсынылады.
      Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін тиімді мемлекеттік аппарат қажет. Осыған байланысты мемлекеттік секторды реформалаудың басым бағыттары анықталған. Тиімділік, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарымен әкімшілік реформаларды тереңдету көзделеді.
      Стратегиялық жоспарда елді дамытудың мынадай шешуші көрсеткіштеріне қол жеткізу көзделген:
      өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ құрылымыңдағы үлесі 2015 жылға қарай кем дегенде 12,5%-ды, 2020 жылға карай кем дегенде 13%-ды құрайды;
      экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2015 жылға қарай 10-нан 40%-ға дейін және 2020 жылға қарай 45%-ға дейін ұлғаяды;
      өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай 1,5 есеге және 2020 жылға қарай 2 есеге өседі;
      ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай 2 есеге және 2020 жылға қарай 4 есеге ұлғаяды;
      ІЖӨ-нің энергияны пайдалануы 2015 жылға карай кем дегенде 10%-ға және 2020 жылға карай кем дегенде 25%-ға төмендейді.
      2015 жылға қарай аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін ұлғайып, құрылыстың ішкі тұтынуы 80%-ға қазақстандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілетін болады, отандық мұнай өңдеу зауыттары елдің отынға деген қажеттілігін толық келемінде қамтамасыз ететін болады.
      Бес жылда металлургия енімдерін өндіру мен экспорттау 2 есеге, химия өнімдерінің өндірісі 3 есеге өседі.
      Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 2020 жылға қарай нақты көрінісінде 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда кем дегенде үштен бірге ұлғаяды.
      Онжылдық кезеңде инфляция орташа есеппен 5-8% шегінде болады.
      Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің кем дегенде 30%-ын (90 млрд. АҚШ доллары) құрайды.
      Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылға қарай 5%-дан аспайды.
      2020 жылға қарай:
      қалалық, сол секілді ауылдық жердегі барлық балалар бірі қалмай мектепке дейінгі тәрбие берумен және оқытумен қамтамасыз етіледі;
      орта білім беруде білім алуға ғана емес, сонымен бірге оқушы құзыретінің дағдыларын алуға және дамытуға негізделген 12 жылдық оқыту моделі ойдағыдай қызмет ететін болады;
      кәсіби және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, жұмыс берушілердің сұраныстарына өзара байланыстырылады;
      ана мен сәби өлімі екі есе төмендетіледі;
      жалпы өлім 30%-ға азаяды;
      туберкулезбен ауру 20%-ға қысқарады.
      Тұтастай алғанда өмірдің күтілетін ұзақтығы 68-ден 72 жасқа дейін ұлғаяды.
      Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өз қызметтерінде Стратегиялық жоспардың қағидаларын басшылыққа алады және оның нәтижелі орындалуы үшін тиісті бағдарламалық және жоспарлы құжаттар қабылданады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады