"Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 932 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 1145 Жарлығына түсініктеме

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

      2011 жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 932 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа (бұдан әрі – Жарлық) қол қойды.
      Жарлық Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласының әлемдік стандарттарға сәйкес қаржы орталығы ретінде дамуына ықпал ететін мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметін жетілдіруге бағытталған.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 932 Жарлығымен бекітілген, Агенттік көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары жаңа редакцияда мазмұндалып отыр.
      Мемлекет басшысының бизнестік ахуалды жақсарту, бизнесті тіркеу және жүргізумен байланысты бизнестің операциялық шығындарын қысқарту туралы тапсырмаларын іске асыру мақсатында Агенттікке заңды тұлғалар ұсынатын құжаттардың кейбір даналарының саны азайтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сәйкес, «Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарынан заңды тұлғаларға статистикалық карточканы ресімдеуді, беруді реттейтін нормалар алынып тасталды.
      Тұтастай алғанда, Агенттіктің жаңартылған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың құқықтарын, бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
      Жарлықтың толық мәтіні Агенттіктің www.rfca.gov.kz Интернет-ресурсында орналастырылған және Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында жарияланатын болады.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
      мониторинг бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады