"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің Түсіндірмесі

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

      Осы Жарлық Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне және күштік құрылымдардың қайта ұйымдастырылуына байланысты әзірленді.

      Ішкі қызмет жарғысы, Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы, Тәртіптік жарғы жаңа редакцияда жазылды.

      Ішкі қызмет жарғысында әскери қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттері және қаруды қолдану тәртібі келтірілген. Ол ішкі тәртіпті, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін, негізгі лауазымды адамдардың міндеттерін айқындайды.

      Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және қарауыл қызметтерін ұйымдастыру мен атқарудың, гарнизондық іс-шаралар өткізудің тәртібі айқындалған. Жаңа редакцияда гарнизон бастықтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтілген.

      Келесі бір толықтыру қылмыстық-атқару заңнамасы шеңберінде әрекет ететін ұлттық сындарлы тетік қатысушылары мен қоғамдық-бақылау комиссиялары мүшелерінің гауптвахталарды тексеруді жүзеге асыруына рұқсат ету болып табылады.

      Әскери қызметшілерді жерлеу және әскери құрмет тұту рәсімдері де нақтыланды.

      Тәртіптік жарғыда әскери тәртіп ұғымы мен оның мәні, әскери қызметшілердің әскери тәртіпті ұстанудағы міндеттері, ынталандырулардың, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалардың түрлері, қызметтік тергеп-тексеру жүргізудің тәртібі, әскери қызметшілерді жауаптылыққа тартудың тәртібі айқындалды.

      Саптық жарғы аздап өзгерістерге ұшырады, онда сапта жүріп-тұру қимылдарына қойылатын талаптар өзгерді. Осыған сәйкес саптық плацтағы саптық алаңды белгілеп сызу өзгертілді.

      Тұтас алғанда, Жарлықты іске асыру Қарулы Күштер мен басқа да әскери құралымдардың қызметін заңнамаға сәйкес келтіріп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді.

      ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің

      Әскери қауіпсіздік

      және қорғаныс бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады