Конституциялық Кеңес Республика Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзге рістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жоба сының Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сəйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.
Өзінің қорытындысында Конституциялық Кеңес Заң жобасының Республикасы Президентінің "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында əзірленгенін атап өтті.
Кеңестің пікірінше, ұсынылған шаралар қоғамның тез трансформациялануға бағыт алған кезеңінде жүргізіліп жатқан реформалардың берік саяси-құқықтық іргетасын қалауға арналған.
Заң жобасымен Мемлекет басшысының өкілеттіктері нақтыланған, Парламенттің, мəслихаттардың рөлі нығайтылған, бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын табысты іске асырудың маңызды факторына айнал мақ. Жаңғыртылған президенттік бас қару нысанының құрылымы билік институттарының оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етеді.
Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, бірқатар өзгерістер мен толықтырулар биліктің заң шығарушы (өкілді) тармағын қайта форматтауға бағытталған. Бұлар мемлекеттің күшті парламенттік мəдениеті мен институционалдық тұрақтылығын арттырады.
Сенат пен Мəжілісті құрудың жаңа тəр тібіне оң баға берілді. Мəжіліс сайлауында аралас сайлау жүйесін енгізу уақыт талабынан туындайды. Сондайақ, бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мəжіліс депутатын сайлаушылардың кері қайтарып алу құқығы да орынды енгізілген. Парламенттің Президенттің қол қоюына заң ды ұсынуы; Сенаттың Мəжіліс қабыл даған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы; Үкіметке конституциялық құндылықтарға қатер төндіретін жағдайларда заң күші бар уақыт ша нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға құқық беру жəне басқалар да уақыт талабынан туған өзгерістер.
Республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылау күшейтілді.
Конституциялық Кеңес жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару кепіл діктері күшейтілгенін атап өтті. Оған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана əкімдерін тағайындаудың жаңа тəртібі куə. Сонымен қатар, Республика Президентінің аталған əкім дердің актілерінің күшін жою немесе қолданылуын тоқтата тұру құқығы жойылды.
Кеңес өз қорытындысында өлім жазасын жоюды, Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің конституциялық мəртебесін күшей туді, прокуратура туралы жеке консти туциялық заң қабылдауды адам құқықтарын қорғау саласындағы прогрессивті өзгерістер деп атап өтті.
Конституциялық Кеңес Конституциялық Сотты құруға оң баға берді. Кон ституциялық Сотқа өтініш субъектілері қатарына азаматтарды, Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қосу əділ жəне құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам болатынына ерекше назар аударды. Бұндай қадам тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институционалды түрде нығайтады деп санайды.
Жер мен табиғи ресурстардың меншік иесі халық екендігі туралы норманы нақты бекіту болашақта осы тұрғыда əр түрлі түсінулерге жол бермейтін болады.
Осы орайда, Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы Конституцияда белгіленген талаптарға сəйкес деп санайды.
Конституциялық Кеңес қорытын ды сының толық мəтіні баспасөзде жəне Кеңес сайтында жарияланады.
Конституциялық Кеңес |