"Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кей бір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына түсініктеме

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 6 шілдедегі заңдарына түсініктеме

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кей бір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды.

      Заң нормаларына сəйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

      Бұл аумақ ядролық жəне радиация лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады.

      Арнаулы аймақты кешенді экология лық тексеру жəне мемлекеттік экологиялық сараптама нəтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.

      "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заңда мына төмендегі қарастырылған:

      1. Бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде жəне нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы" арнаулы аймағын құру;

      2. Радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;

      3. Полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру жəне кəдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;

      4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады