Мемлекет басшысы "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға қол қойды.
Заң нормаларына сəйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жем қорлық субъектілеріне жəне əкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.
Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квази мемлекеттік сек тор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады. Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн АЕК-тен асатын (44 млрд 850 млн теңге немесе шамамен 100 млн АҚШ доллары) активтері болуға тиіс.
Активтерді қайтару жұмыстарын арнаулы уəкілетті орган (Бас прокуратура ведомствосы) жүзеге асырады. Ол мемлекеттік органдардың ақпараты жəне заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде мониторинг пен талдау жүргізеді.
Мониторинг жəне талдау барысында активтерді заңсыз шығару схемасына қатысы бар тұлғалар тобы, олармен үлестес тұлғалар тобы, активтердің жиынтық мөлшері, активтерді заңсыз иемденудің, оларды елден тыс жерге шығарудың белгілері мен мəн-жайы жəне өзге де мəліметтер айқындалады.
Талдау қорытындысы бойынша, егер уəкілетті органда сатып алынған активтердің заңдылығына қатысты орынды күмəн туындаса, ол активтерді қайтару жөніндегі комиссияға (Парламент депутаттарынан, қоғам қайраткерлерінен, Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан жəне өзге де тұлғалардан құралған комиссияны Премьер-министр жасақтайды) осындай субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларын тиісті реестрге қосу туралы ұсыныс енгізеді.
Заңда уəкілетті органның орынды күмəндануына негіз болатын критерийлер нақты айқындалған. Бұл – активтер құнының заңды кірістер көлеміне немесе активтерді иемденуіне, тұлғаның немесе оның үлестес тұлғаларының активтерді белгіленген шектен жоғары бағада (жауапты лауазымға орналасу кезінде не одан кейін) сатып алуына арналған шығыстарды жабудың өзге де көздеріне сəйкес келмейтін жəне Заңда белгіленген басқа да негіздер.
Комиссия тұлғаларды Реестрге енгізу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ əлеуметтік, саяси жəне экономикалық тұрақтылықты ескере отырып, активтерді қайтару жөніндегі алдағы шаралар туралы шешім қабылдайды, қала құраушы кəсіпорындардың активтері бойынша ұсынымдар əзірлейді.
Комиссия адамдарды Реестрге енгізген жағдайда, уəкілетті орган бұл туралы оларды хабардар етеді жəне осы сəттен бастап тұлғалар активтерді иемденудің заңдылығын растай отырып, активтер туралы декларацияны тапсыра алады (бір ай ішінде не 3 ай ішінде – құжаттарды жинау жəне дайындау үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған жағдайда).
Декларацияда субъектілер заңды тұлғаның кірістерін, активтерін, жарғылық капиталына қатысу үлестерін, Қазақстандағы жəне шетелдегі қарыздарды, активтердің шығу тегі туралы өзге де мəліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз активтер деп танылады.
Активті елден шығару немесе оны иеліктен шығару қаупі туындаған кезде, уəкілетті орган алдын алу шараларын қабылдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Заңсыз иемделінген актив терді қайтару ерікті түрде немесе Республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзы ретті органдарының шешімдері негізінде мəжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Шарттар ақша төлеу, актив тердің бір бөлігін немесе барлығын мемлекетке қайтару, сондай-ақ толық алынбаған салықтың, келтірілген залалдың, активтерді иеленген жалпы кезең ішінде тұлға тапқан табыстың сомасын, бірақ мемлекетке келтірілген залалдан кем емес сомаларды жəне басқа да шарттарды қамтуы мүмкін.
Активтерді мəжбүрлі түрде қайтару уəкілетті органның сотқа жүгінуі арқылы азаматтық процестік заңнама қағидаларының жалпы негіздемелеріне сəйкес жүзеге асырылады.
Заңда адал сатып алушыларды қорғау тетіктері көзделген.
Мемлекет пайдасына түскен активтер Қаржы министрлігіндегі қолма-қол ақшаны бақылау шоты саналатын Арнаулы мемлекеттік қорға беріледі. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан əлеуметтік, экономикалық жобаларды қар жыландыруға жұмсалады.
Активтердің шетелде болуы мүмкін екенін ескере отырып, Заңда соттар шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, ақпарат алмасу жəне өзге де құқықтық өзара іс-қимылдар үшін халықаралық құқықтық ынтымақтастық тетіктері қарастырылған.
Уəкілетті орган жыл сайын активтерді заңсыз иемденуге жəне шығаруға қарсы іс-қимыл, қабылданған жүйелі шаралар, оның ішінде ресми сайтында жарияланатын активтерді заңсыз иемденуге жəне шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын қамтитын ақпарат дайындайды.
Мұндай заңдарды қолданысқа енгізу жөніндегі жалпы талаптарға сəйкес, жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін аза маттардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ережелерді қоспағанда, Заң жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі