Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 ақпандағы N 335 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .  

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120  U963120_  Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы ережеде: 
      1) 1-тармақтың з) тармақшасы алынып тасталсын; 
      2) 3 және 4-тармақтардағы "Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам" сөздері "адамдар" сөзімен алмастырылсын; 
      3) 3-тармақтың екінші абзацы: 
      "- басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылғаны туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама" сөздерімен толықтырылсын; 
      4) 5-тармақ мына редакцияда жазылсын: 
      "Заңның 17-бабының 7-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш беруші адам басқа мемлекеттің азаматы болса өтініш қабылданбайды. Бұл норма адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарында ол ерікті түрде шетелдің азаматтығын алған жағдайда тиісті мемлекеттің азаматтығынан өзінен-өзі айрылуын көздейтін жағдайларда қолданылмайды"; 
      5) 8, 9, 10, 21, 27 және 32-тармақтарда "Азаматтық бөліміне", "Азаматтық бөлімі" сөздері "Мемлекеттік-құқық бөліміне", "Мемлекеттік-құқық бөлімі" сөздерімен алмастырылсын; 
      6) 12-тармақта "тұрғылықты жеріндегі соттан" сөздері "Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетінің аумақтық органдарынан" сөздерімен алмастырылсын; 
      7) 13-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық ақпарат орталығынан" сөздері "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығы мен оның аумақтық бөлімшелерінен" сөздерімен алмастырылсын;
      8) 18-тармақта "басқа азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін" сөздері алынып тасталсын. 

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады