Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі N 445 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 867 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 867 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Z960048_ Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасы бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2000 жылғы 15 қыркүйектегі
N 445 Жарлығымен   
бекітілген      

      Сипаттаманың тақырыбында және мәтін бойынша "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет", "Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2011.02.02 № 1148 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдары туларының
сипаттамасы

       Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдарының туы тікбұрыш нысанды, ұзындығы 145 см және ені 115 см, үш жағынан алтын түстес шашақпен көмкерілген, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы түстес) матадан жасалады. Матаның өң жағының орта тұсында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы кестеленген. Кестеленген Елтаңбаның диаметрі 50 см. Елтаңба периметрі бойынша алтын түстес қосарланған баумен көмкеріледі. Елтаңбаның үстіңгі жағында, матаның жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген алтын түстес жазу кестеленеді. Әріптердің биіктігі 5,5 см. Елтаңбаның астыңғы жағында, матаның төменгі бөлігінде "ӨРТТЕН ҚОРҒАУ ҮШІН" деген алтын түстес девиз кестеленген. Девиздің әріптерінің биіктігі 9 см. Матаның сырт жағының ортасында, "желдер бағыты" мен халықаралық азаматтық қорғаныс белгісі (қою сарғыш түс шеңберіндегі көгілдір ұшбұрыш) бейнеленген жер шарының айшықты контурының бейнесі кестеленген. Бейненің мөлшері 80х58 см. Матаның жоғары жиегін бойлай биіктігі 5,5 см алтын түстес әріптермен "МІНДЕТ, ӨЖЕТТІК, ЕРЛІК!" деген девиз кестеленген. Матаның төменгі жиегін бойлай мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органының атауы алтын түспен кестеленген. Әріптердің биіктігі 3 см. Тудың сабының жоғарғы жағы алтын түстес металл ұштыққа ұласады. Саптың ұзындығы 3 м. Тудың бауы ширатылған, алтын түсті жібектен жасалады, баудың ұштарында қос шашағы бар. Баудың ұзындығы 2,5 м. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдарының туы кестелеу, құрақтау және жібекпен өрнектеу техникасымен орындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады