Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.12.2022 № 61 Жарлығымен.
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтіні бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке кіре отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлт байлығын және айналадағы ортаны қорғау ісіндегі өзімнің жоғары жауапкершілігімді сезіне отырып:
- Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, олардан ешқандай ауытқуға жол бермей қатаң сақтауға;
- өзіме жүктелген міндеттерді адал және білікті атқаруға, Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкері жоғары атағын қадірлеуге, мемлекеттік құпияларды жария етуге жол бермеуге;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде азаматтардың конституциялық құқықтарының, бостандықтарының, азаматтар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің шектелуіне жол бермеуге;
- өзімнің кәсіби шеберлігімді ұдайы арттырып отыруға, пара алмауға, өртке қарсы қызметтің озық дәстүрлерін сақтап, молайтуға салтанатты түрде ант етемін.
Осы антты бұзғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ең қатаң жазаны өтеуге дайынмын.
2000 жылғы (қолы)
Мамандар: Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.