Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсан N 507 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі болып; U973377
      2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, индустрия және сауда саласындағы өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне беріліп, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі болып;
      3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, геология және жер қойнауын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне беріліп, қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, ал жер қойнауын пайдалану саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне беріліп, таратылсын;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріле отырып;
      3) Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне беріліп, таратылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мыналарды:
      Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттікті; U041449
      таратылған Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінU020931
      таратылған Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетін;
      таратылған Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетін құруды қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетін, оның функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігіне бере отырып, таратсын;
      3)
      4) бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.
      Ескерту. 3)-тармақша алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.02.20 N 811 жарлығымен.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы абзацтар алынып тасталсын:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі";
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі";
      "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі".
      Мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі".
      5. "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясын" құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 70-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 2) тармақшасында "өнімді бөлісу туралы, роялти туралы келісімдердегі әрі", "басқа да" деген сөздер алынып тасталсын.
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті
 

О реорганизации, упразднении и образовании отдельных государственных органов Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 13 декабря 2000 года N 507

      В соответствии с пунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, пунктом 2 статьи 22 Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан" постановляю:
      1. Реорганизовать:
      1) Министерство экономики Республики Казахстан в Министерство экономики и торговли Республики Казахстан; 
      2) Министерство энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан в Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, передав полномочия в области индустрии и торговли Министерству экономики и торговли Республики Казахстан;
      3) Министерство природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан, передав функции и полномочия в области геологии и охраны недр Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.
      2. Упразднить:
      1) Агентство Республики Казахстан по инвестициям, передав функции и полномочия Министерству иностранных дел Республики Казахстан, а в области недропользования - Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан;
      2) Агентство Республики Казахстан по государственным закупкам, передав функции и полномочия Министерству финансов Республики Казахстан;
      3) Агентство Республики Казахстан по борьбе с наркоманией и наркобизнесом, передав функции и полномочия Министерству юстиции Республики Казахстан.
      3. Правительству Республики Казахстан:
      1) обеспечить образование:
      Агентства по государственным материальным резервам; 
      Комитета по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий упраздненного Агентства Республики Казахстан по инвестициям;
      Комитета по государственным закупкам Министерства финансов Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий упраздненного Агентства по государственным закупкам;
      Комитета по борьбе с наркоманией и наркобизнесом Министерства юстиции Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий упраздненного Агентства Республики Казахстан по борьбе с наркоманией и наркобизнесом;
      2) упразднить Комитет по государственным материальным резервам Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан, с передачей его функций и полномочий Агентству Республики Казахстан по государственным материальным резервам;
      3) (исключен - N 811 от 20.02.2002 г.)
      4) в месячный срок принять иные необходимые меры по реализации настоящего Указа.
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - Указом Президента РК от 20 февраля 2002 г. N 811.
      4. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года N 6 "О структуре Правительства Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:
      в пункте 1:
      исключить абзацы следующего содержания:
      "Министерство энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан";
      "Министерство экономики Республики Казахстан";
      "Агентство Республики Казахстан по инвестициям";
      "Агентство Республики Казахстан по государственным закупкам";
      "Агентство Республики Казахстан по борьбе с наркоманией и наркобизнесом".
      Дополнить новыми абзацами следующего содержания:
      "Министерство экономики и торговли Республики Казахстан";
      "Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан";
      "Агентство Республики Казахстан по государственным материальным резервам".
      5. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 4 марта 1997 года N 3378 "О создании "Национальной нефтегазовой компании "Казахойл" (САПП РК, 1997 г., N 10, ст. 70) следующее изменение:
      в подпункте 2) пункта 1 слова "о разделе продукции, о роялти и других соглашениях" исключить.
      6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      7. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Склярова И.В.)