Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы N 570 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) бiр ай мерзiмде Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн;
      2) Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үш жыл сайын қажеттi бюджет қаржысының бөлiнуiн көздесiн.

      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi Мемлекеттiк бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      5. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2001 жылғы 12 наурыздағы 
N 570 Жарлығымен     
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы

Бағдарламаның паспорты

      Атауы              Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды
                         және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға
                         арналған мемлекеттiк бағдарламасы

      Әзiрлеуге          Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
      негiздеме          2 желтоқсандағы "Дене шынықтыру және
                         спорт туралы" Заңы. Қазақстан Республикасы
                         Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған
                         Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру
                         жөнiндегi iс-шаралар жоспары

      Негiзгi            Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
      әзiрлеушiлер       жөнiндегi агенттiгi, Қазақ мемлекеттiк
                         спорт және туризм академиясы

      Қысқаша            Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды
      мазмұны            және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға
                         арналған мемлекеттiк бағдарламасы түрлi
                         аймақтар мен халықтың әлеуметтiк-демогра.
                         фиялық топтарына арналған жекелеген дене
                         тәрбиесi бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде
                         басшылыққа алынатын негiзгi қағидаттық
                         ережелерiн құрайды және мыналарды көздейдi:
                         1) халықтың әртүрлi әлеуметтiк-демография.
                         лық топтарына арналған дене тәрбиесiнiң
                         сабақтастығы;
                         2) дене шынықтыру-спорттық қозғалысты
                         басқару жүйесiн жетiлдiру;
                         3) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт
                         объектiлерi желiсiн дамыту;
                         4) мамандарды даярлау және саланы бiлiктi
                         кадрлармен қамтамасыз ету;
                         5) дене шынықтыру-спорттық іс-шараларды
                         өткiзудi жетiлдiру;
                         6) саланы ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және
                         медициналық қамтамасыз ету;
                         7) салауатты өмiр салтын қалыптастырудың
                         маңызды факторы ретiнде дене шынықтыруды
                         және спортты насихаттау;
                         8) жоғары бiлiктi спортшылар даярлаудың
                         және спорт резервi мәселелерiн шешу

      Бағдарламаны       Республикалық және жергiлiктi бюджет
      қаржыландыру       қаражаттары, бюджеттен тыс қаржыландыру
      көздерi

      Күтілетiн          Балалар мен жасөспiрiмдердi iспен қамтуды
      нәтижелер          арттыру жастар арасында құқық бұзушылықтың
                         алдын алу, нақты дене шынықтырумен және
                         спортпен айналысушылардың санын өсiру,
                         лайықты спорт резервiн даярлау, Қазақстан
                         спортшыларының халықаралық аренада табысты
                         өнер көрсетуiн қамтамасыз ету. Аурулардың
                         алдын алу ел халқының денсаулығын сақтау
                         және нығайту

Кіріспе

      Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңына сәйкес әзiрлендi.
      Мемлекеттiк бағдарлама мектепке дейiнгi жастағы балалардың, оқушылардың және студент жастардың, орта және егде жастағы халықтың, мүгедектердiң дене тәрбиесiнiң, спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды дайындаудың басты аспектiлерiн қамтиды, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамытуды, ғылыми-зерттеу базаны құру және нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi қарастырады.
      Осы Мемлекеттiк бағдарлама "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының " қисынды жалғасы болып табылады, оны iске асыру дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының және республиканың жергiлiктi атқарушы органдарының бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмiр салты қағидаттарын қалыптастыруға, халықаралық дәрежедегi спортшыларды және спорт резервiн даярлауға назар аударуына мүмкiндiк бердi.
      Бұрынғы бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде, республикада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 24,1 пайызға өстi, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткiзудiң саны едәуiр артты, салалық спартакиадаларды, оқушылардың спартакиадасын және студенттiк универсиадаларды өткiзу қайта қолға алынды. Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиада резервi желiсi мектептерiн қысқарту тоқтатылды. Қазiргi уақытта, республикада 290 спорт мектебi жұмыс iстейдi, оларда 134 мың балалар мен жасөспiрiмдер шұғылданады. Мектептен тыс мекемелер саны арта бастады, тұрғылықты жерi бойынша жұмыс жанданды. Спорттағы дарынды балаларға арналған жаңадан 6 мектеп-интернат ашылды, соның нәтижесiнде, мектеп-интернат оқушыларының саны 942-ден 2385-ке жеттi. Спорт резервiн даярлаудың облыстық орталықтарын құру жөнiнде жұмыс басталды, халықтың дене дайындығының президенттiк сынақтары әзiрленiп, ол табысты енгiзiлуде. Республикада кәсiптiк спорт клубтарын, тұрғылықты жерi бойынша клубтарды және отбасылық спорт клубтарын құру басталды, салауатты өмiр салты қағидаттарын дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы насихаттау жөнiндегi жұмыс жанданды.
      Сонымен бiрге, спорт базаларының жағдайы, республикадағы мектеп жасындағы балалардың 7 пайызына ғана оларда сабақтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi желiсiнiң жеткiлiксiз дамытылуы, жоғары бiлiктi жаттықтырушы-оқытушылардың тапшылығы халықтың, әсiресе, балалар мен жасөспiрiмдердің дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын толық қанағаттандырмайды. Сапалы мүкаммалмен және жабдықтармен жарақтандырылған қазiргi заманғы спорт объектiлерiнiң, олимпиадалық даярлық орталықтарының және спорт резервi орталықтарының болмауы елдегi спорт резервiн даярлау мен спорт шеберлiгiн арттыруды тежеп отыр.
      Дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту, спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгерiп жатқан талаптарын ескере отырып, оқу жаттығу процесiн және бұқаралық дене шынықтыруды ұйымдастыруда жаңа көзқарасты талап етедi.
      Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу дене шынықтыру және спорт саласында қалыптасқан ұйымдық және құқықтық қатынастарға өзгерiстер енгiзу, Қазақстан спортының халықаралық аренадағы жоғары беделiн сақтау, халықтың қалың жiктерiн спортпен жүйелi шұғылдануға тарту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмiр салты қағидаттарын енгiзу қажеттiгiнен туындады.

1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау

      Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спортының жай-күйi, әлемдiк спорт дамуының қазiргi заманғы үрдiстерi республикада спортты дамыту жөнiнде түбегейлi шұғыл шаралар қабылданбайынша, қазақстандық спортшылардың әлемдiк аренадағы көрсеткiштерi төмендей беретiнiн көрсетiп отыр.
      Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебi, ең алдымен, бүгiнгi күнi әлемдiк биiк талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы спорт базаларының жоқтығы болып табылады.
      Қазiргi заманғы спорт деңгейi өзiнiң даму сатысында спорттық нәтижелердiң өсуiнде ғылыми және инженерлiк жетiстiктерге негiзделген жаңа көзқарастарға маңызды рөл бередi. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен жарыстар үшiн арнайы жағдайлар жасау iсiндегi жаңа жетiстiктер, арнайы киiм, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнiң мықты спортшыларының көрсеткiштерiн күрт жақсартуға жеткiздi және ХХI ғасырға спорттың қандай негiзгi бағыттарда қарыштап енетiнiн айқындады.
      Бүгiнгi күнi республикадағы дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасының жай-күйi, халықтың дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын қанағаттандырмайды, ұйымдарда дене шынықтыру мамандары жетiспейдi, кәсiпорындарда, тұрғылықты жерi бойынша және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттарының, қарапайым спорттық мүкаммалдардың және жабдықтардың жетiспеуi өткiр сезiледi.
      Ел халқының дене қозғалысы белсендiлiгiнiң төмендiгi жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары органы ауруларынан өмiр сүру жасын қысқартуға әсер ететiн және өлiм деңгейiнiң жоғары болуына әкеп соқтыратын факторлардың бiрі болып табылады. Ел тұрғындарының тұратын аймағына қарай 5-тен 10,5 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданады.
      Бiлiм беру жүйесiнде де спортты дамытуға жеткiлiктi көңiл бөлiнбей отыр. Республикадағы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының тек 56,5 пайызында ғана бiр үлгiдегi спорт залдары және 14,9 пайызында бейiмделген спорттық үй-жайлар бар. Республикадағы орта және жалпы кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы оқу сабақтарының көлемi ғылыми негiзделген нормативтен 3-4 есе төмен. Қозғалыс белсендiлiгiнiң жоспарланған ғылыми негiзделген деңгейiне жету үшiн жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында дене шынықтырудан аптасына мiндеттi үшiнші сабақ енгiзу қажет, оқу процесiн спорттық мүкаммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.
      Сабақтан бос уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыс дамымай отыр. Тұмау және түрлi созылмалы ауруларына бейiм балалардың және жасөспiрiмдердiң саны арта түсуде. Бұл ретте, денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтардағы оқушыларға сабақ жекелеген оқу орындарында ғана жүргiзiледi.
      Тұтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай-күйi бұқаралық спортты одан әрi дамыту, халықтың арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жандандыру, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде кiдiрiссiз, нақты шешiмдер қабылдауды талап етедi.

2. Негiзгi мақсаттар мен мiндеттер

      Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жолымен, дене шынықтыруды және спортты дамытудың тиiстi қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк құқықтық қамтамасыз етiлуiн құру арқылы қатынастарды реттейдi, барлық үлгiдегі балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, мүгедектерге арналған мамандандырылған топтардың, емдеу-дене шынықтыру диспансерлерi санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.

Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгі мақсаттары:

      елде дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту;
      халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшiн жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерiн және халық ойындарын дамыту;
      саланы басқарудың оңтайлы жолдарын және қазiргi тәсiлдемесiн белгiлеу;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдарды жетiлдiру;
      бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды дайындаудың ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз етiлуi жөнiнде зерттеулер жүргiзу;
      спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау.

Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:

      дене шынықтыруды және спортты насихаттау жолымен салауатты өмiр салтының қағидаттарын орнықтыру, халықтың неғұрлым кең жiктерiн дене шынықтырумен жүйелi айналысуға тарту;
      халықтың дене тәрбиесi дайындығының президенттiк сынақтарын енгiзу;
      дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, спорт ғимараттарына халықтың кең жiктерi үшiн қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
      құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыс істемейтiн және оқымайтын жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту;
      дене шынықтыру-спорттық бiрлестiктерiнiң және спорт клубтарының жұмысын жандандыру;
      балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң желiсiн және олимпиадалық резерв мектептерiн дамыту, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар, олимпиадалық резервтi даярлаудың аймақтық орталықтарын, олимпиадалық даярлаудың республикалық орталықтарын құру;
      дене шынықтыру және спорт жөнiндегі ақпараттық-бiлiм беру және насихаттық қызметті күшейту;
      жоғары жетiстiктер спорты үшiн, сондай-ақ халықтың әртүрлi әлеуметтiк-демографиялық топтарымен жұмыс iстеу үшiн дене тәрбиесi мамандарын даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру;
      дене шынықтыру және спорт саласында озық технологияны енгiзу және шетелдiк дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ұйымдарымен тәжiрибе алмасу мақсатында халықаралық байланыстарды дамыту мен орнату жөнiндегi қызметтi жандандыру.

3. Дене шынықтыру және спортты дамытудың негiзгi бағыттары

      Мемлекеттiк бағдарлама салауатты өмiр салтын қалыптастыру құралы ретiнде бұқаралық дене шынықтыру - сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты дамытудың, еңбекпен оңалтудың, белсендi ұзақ жасаудың, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен спорт секцияларында балалар, жасөспiрiмдер мен жастардың қамтылуын арттырудың негiзгi бағыттарын, сондай-ақ дене тәрбиесi процестерiн бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етудi, спорт резервiн және халықаралық спорт ареналарында Қазақстанды лайықты көрсетуге қабiлеттi жоғары деңгейдегi спортшыларды даярлауды көздейдi.
      Мемлекеттiк бағдарлама халықтың әртүрлi жастағы топтарының дене тәрбиесiн ұйымдастыруда сараланған көзқарасын қарастырады.

Мектепке дейiнгi жастағы балалардың дене тәрбиесi

      Балалардың өмiрге деген қажеттi негiзгi қозғалыс дағдылары ерте жастан, сәби дұрыс жүрудi, отыруды, тұруды үйрене бастағанда қалыптасады, ол қарапайым дене жаттығуларын орындауды, кеңiстiктi бағдарлауды, шынығу процедураларын қабылдауды, салауатты өмiр салтының негiзi болып табылатын күнделiктi дене шынықтыру-спорттық жаттығуларды үйренуге әдеттенедi. Осы жастағы балалардың дене тәрбиесiн ұйымдастыру олармен мектепке дейiнгi мекемелерде және отбасында мектепке дейiнгi жаттығуларды эмоциональды ойын түрiнде, әдетте, ашық ауада, олардың мазмұнын тұрақты жаңалай отырып, өткiзудi талап етедi. Дене жаттығулары сабағының негiзiнде балалардың функционалдық мүмкiндiктерiн арттыратын, ағзаның күллi физикалық қасиеттерiн дамытатын жан-жақты дене дайындығы болуы керек. Педиатрия және дене шынықтыру мен спорт саласының жетекшi ғалымдары мектепке дейiнгi жастағы балаларға арналған қозғалыс белсендiлiгi көлемiнiң аптасына кемiнде 10-12 сағат болуын ұсынады.
      Бұл мiндеттердi шешудiң негiзгi бағыттары:
      мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде және халықтың тұрғылықты жерi бойынша материалдық база құру;
      мектепке дейiнгi мекемелерде дене тәрбиесi жөнiндегі оқу бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу;
      ата-аналар үшiн отбасында мектепке дейiнгi жастағы балалардың дене тәрбиесi жөнiндегi әдiстемелiк құралдар және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

Оқушылардың және студент жастардың дене тәрбиесi

      Оқушылардың және студент жастардың дене тәрбиесi олардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелi шұғылдануға жоғары мұқтаждықты және салауатты өмiр салтын қамтамасыз етудi мұрат етедi. Спорт түрлерiне, дене жаттығуларының жүйесiне қызығушылықты ескере отырып, мiндеттi дене шынықтыру сабақтарын дене мәдениетi сабақтарына айналдырып, оқудан бiртiндеп, оқудан тыс және аудиториядан тыс жұмысқа көшудi қамтамасыз ету қажет. Сабақтарда табиғат факторларын ұтымды пайдалануға үйрету, еңбек пен демалысты ұштастыру, дене жаттықтыру, дененi баптау және қауiпсiздiк техникасы негiздерiне үйрету, жүктеме көлемiн және қарқынын үйлестiру, жаттығуларды дұрыс орындауға және олардың дәйектiлiгiне, ағзаның физиологиялық ерекшелiктерi туралы теориялық бiлiмнiң қажеттi көлемiн беру, дене жаттығуларымен шұғылданудың гигиенасына үйрету қажет.
      Оқушылардың және студент жастардың дене тәрбиесi негiзгi қозғалыс қасиеттерiн дамытуды және жетiлдiрудi қамтамасыз етудi, дене шынығуын дамыту және денсаулықты нығайтуды, салауатты өмiр салтын жүргiзудiң саналы қажеттiгін тәрбиелеудi мұрат етедi.
      Осы мiндеттердi iске асыру мақсатында:
      жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында дене шынықтыру мен спорт бойынша мiндеттi үшiншi сабақ енгiзу және бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм ұйымдарында дене шынықтыру бойынша аптасына төрт сағаттық мiндеттi сабақтар енгiзудi;
      мектептегi сабақтардың мазмұнын толықтыратын дене шынықтыруды мектептен тыс ұйымдастырудың нысандарын жетiлдiру, мiндеттi дене шынықтыру сабақтарынан кейiн, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, спорт түрлерi бойынша жаттығуларға одан әрi көшу мақсатымен жаттығу бағдарламаларының қазiргi заманғы нұсқаларын әзiрлеу;
      оқушы және студент жастармен олардың физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, сыныптан тыс, сабақтан тыс және аудиториядан тыс жүргiзiлетiн жаттығулар жүйесiн жетiлдiру;
      мектеп оқушыларының қысқы және жазғы спартакиадаларын ұйымдастыру және өткiзу, орта арнаулы оқу орындарында оқушылардың спорт фестивальдарын және студенттiк универсиадаларды ұйымдастырып, өткiзу;
      оқушылар мен студент жастардың аптасына 8-10 сағаттан кем емес дене шынықтыру және спортпен белсендi шұғылданудың көлемiн орындауы қажет.

Еңбекшiлер мен егде жастағы азаматтардың дене тәрбиесi

      Еңбекшiлер мен егде жастағы азаматтардың дене тәрбиесi денсаулықты сақтау мен нығайту, аурулардың алдын алу және шығармашылық пен өмiрлiк белсендiлiктi арттыруды көздейдi.
      Дене шынықтыруды және спортты еңбектi ұйымдастыру және азаматтардың демалысы жүйесiне ендiру, өндiрiстiк гимнастика, емдеу дене жаттығуларының сауықтыру мазмұнын күшейту еңбекшiлердiң кәсiбiнiң, жасының, бiлiмiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, еңбек белсендiлiгi мерзiмiн ұзарту үшiн мiндеттi дене жаттығуларын ұтымды пайдалану мақсатында құрылуы қажет.
      Дене шынықтыру және белсендi спорт жаттығуларының аптасына 3-4,5 сағаттан кем емес көлемiн жұмыстан бос уақытта орындау үшiн жағдайлар жасалуға тиiс, ол үшiн:
      дене шынықтыру және спортты жұмыс берушiлер мен еңбек ұжымдары арасындағы ұжымдық шарттар арқылы еңбек пен демалысты ұйымдастыру жүйесiне енгiзу;
      ұйымдарда және бұқаралық демалыс орындарында дене жаттығуларымен шұғылдануға және бос уақытты белсендi өткiзу үшiн жағдайлар жасау;
      еңбекшiлер мен егде жастағы азаматтар үшiн әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
      еңбек етуге қабiлетсiз адамдарды дене шынықтырумен шұғылдануға тарту, белсендi ұзақ өмiр сүрудi ынталандыру мақсатымен еңбекшiлер мен егде жастағы азаматтардың қозғалыс режимiн оңтайландыру үшiн дене шынықтыру және спорт құралдарын пайдалану;
      кәсiптiк-қолданбалы дене дайындығын енгiзу;
      дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткiзудi ұйымдастыру қажет.

Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру мен спорт

      Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру мен спорт олардың қоғамға бейiмделуi үшiн қажеттi психологиялық жағдайлар жасайды. Спорттық iс-шараларға белсендi қатысу психикалық теңдiктi қалпына келтiредi, сенiмдiлiк сезiмi мен өзiн құрметтеу сезiмiн қайтарады және шектеулi мүмкiндiктерiне қарамастан, белсендi өмiрге қайта келуге мүмкiндiк бередi.
      Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру мен спорт жан-жақты дене оңалтуды, ортаны бағдарлау мүмкiндiктерiн кеңейтудi, өзiнiң денесiн игерудi және әлеуметтiк бейiмдiлiктi көздейдi.

      Негiзгi бағыттар:

      мүгедектердiң дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қажеттi жағдайлар жасау;
      мүгедектердi дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы оңалту үшiн әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
      дене шынықтыру және спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу;
      халықаралық жарыстарға даярлау мен қатысуға жәрдем көрсету.

Ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерi мен халық
ойындарын дамыту

      Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң бай тәжiрибесiн пайдалану қажет. Бұл халықтық педагогиканың сарқылмайтын қазынасы және қазiргi заман жағдайында оның пәрмендi күшi бар, себебi онда халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты дамытудың және салауатты өмiр салтын қалыптастыру үшiн қажеттi дайын қалыптарының негiзi салынған. Олардың сауықтыру мүмкiндiктерi мен қолданбалы сипатын аша отырып, ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын одан әрi дамыту жөнiнде нақты шаралар қолдану қажет. Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы мәдениеттердiң де өзара кiрiгу процесiнде үлкен рөл атқарады.
      Техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту жастардың дене дайындығын, арнайы дене қасиеттерiн жетiлдiрудi, әскери-техникалық және қолданбалы дағдыларды қалыптастыруды көздейдi. Халықтың осы спорт түрлерiмен шұғылдануы олардың шығармашылық ойлауын дамытуға, техникалық сауаттылығын арттыруға ықпал етедi.
      Ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерiн және халық ойындарын дамыту:
      ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту, оларды қазiргi дене тәрбиесi жүйесiне енгiзу үшiн жағдайлар жасауды;
      балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерi желiсiн дамытуды;
      отандық ат әбзелдерiн, спорт киiмдерiн, мүкаммалдарды және ұлттық спорт түрлерi үшiн жабдықтар өндiрiсiн дамытуды, арнайы спорт ғимараттары мен ипподромдар салуды;
      ұлттық спорт түрлерiн және халық ойындарын дамыту жөнiндегi республикалық орталықты, көкпар ұлттық ойыны бойынша спорт клубтарын құруды, сондай-ақ оларды шетелде насихаттауды көздейдi.

Спорт резервiн даярлау

      Спорт резервiн даярлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру одан әрi спорттық жетiлдiру, республиканың ұлттық құрама командаларын спорт түрлерi бойынша толықтыру үшiн перспективалы спортшыларды таңдау мақсатында балалар мен жасөспiрiмдердi спортпен тұрақты шұғылдану сабақтарын ұйымдастыруды көздейдi.
      Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiн және олимпиадалық резерв мектептерiн, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарды, спорт түрлерi бойынша олимпиадалық резервтiң даярлау орталықтарын бiрiктiретiн спорт резервiн даярлау жүйесiн құру қажет. Мектеп оқушылары мен студент жастар арасында республикалық жарыстарды өткiзудi қайта жаңғырту қажет.
      Спорт резервiн сапалы даярлауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру үшiн:
      балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң желiсiн және олимпиадалық резерв мектептерiн дамыту;
      елiмiздiң барлық аймақтарында спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар құру;
      олимпиадалық резерв даярлау орталығын құру;
      материалдық-техникалық базаны дамыту және оны қазiргi заманғы жабдықтармен және мүкаммалдармен жарақтандыру қажет.

Халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау

      Халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлаудың негiзгi бағыттарының бiрi республиканың ұлттық құрама командаларында оқу-жаттығу процесiн орталықтандырып өткiзу болып табылады. Олимпиадалық дайындықтың бiрiздендiрiлген кешендi орталықтарын құруды көздеу қажет, олар өздерiне қазiргi заманғы жеңiлатлетикалық ядроны, жүзу бассейнiн, спорттық мамандандырылған залдарды, жабдықталған тренажер залдарын, рекреациялық жабдықтар жүйесiн құруды қоса, жаттығу процесi үшiн қажеттi объектiлердiң толық циклiн бiрiктiруi тиiс. Бұл ретте, спорт ғимараттары жалпы дене дайындығының қалыпты процесiнiң талаптарына да, спорттың белгiлi бiр түрiнiң ерекшелiгiне де сай болуы тиiс. Республикалық спорт орталықтарын жекелеген қалаларда белгiлеп, құру қажет, ал басқаларында спортшыларды даярлау жергiлiктi деңгейде шоғырланған шағын орталықтарды құру қажет.
      Жоғары дәрежедегi спортшыларды даярлау:
      жоғары жетiстiктер спорты үшiн материалдық-техникалық базаны жасауды, оны қазiргi заманғы мүкаммалдармен және жабдықтармен жарақтандыруды;
      спорттың ойын түрлерi бойынша спорт клубтарын құруды;
      республиканың ұлттық құрама командаларының әлем, Азия чемпионаттары және Олимпиада мен Азия ойындарына, басқа да халықаралық спорт іс-шараларын қоса алғанда, халықаралық жарыстарға қатысуын көздейдi.

Ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз ету

      Болжамды негiзде спортты тұрақты, жоспарлы дамыту үшiн, ғылыми және технологиялық ойдың жаңа жетiстiктерiн ескере отырып, оларда бұқаралық дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спорты саласындағы зерттеулер мен талдамалар шоғырланған, тиiстi қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет.
      Бұл қағида толығымен жаттықтыру және жарыстыру процестерi кезiнде медициналық қамтамасыз етуге де қатысты болады. Қазiргi уақыттағы спорттың дамуы осындай, онда бiрiншi кезекке осы саладағы жаңа жетiстiктер негiзiнде спорттық қызметтiң медициналық-биологиялық реттелу деңгейi шығады.

      Ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз ету:
      бұқаралық дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спорты проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтын құруды;
      халықтың дене тәрбиесi және сауықтыру жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзудi;
      спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жүйесiн оңтайландыруды;
      оқу-жаттығу процесiн әдiстемелiк және медициналық-биологиялық қамтамасыз етудi;
      спортшыларды психологиялық даярлауды;
      спорттық жарақаттанушылықтың алдын алу емдеу және қайта қалпына келтiру, оқу-жаттығу процесiн медициналық қамтамасыз етудi;
      спортшылардың республикалық допингке қарсы зертханасын арнайы жабдықтармен жарақтандыруды;
      облыстық дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiн құруды;
      денсаулық орталықтары желiсiн ұйымдастыруды көздейдi.

Кадрларды даярлау және мамандардың бiлiктiлiгiн
арттыру жүйесi

      Бұқаралық дене шынықтыруды және жоғары жетiстiктер спортын дамыту проблемаларын табысты шешу үшiн жаңа мамандықтардың (шығыс жекпе-жегі, ұлттық және қолданбалы спорт түрлерi, халық ойындары) енгiзiлуiн ескере отырып, саланы жаттықтырушы-оқытушылар кадрларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру қажет.
      Қазiргi уақытта Қазақстан спорты жоғары бiлiктi жаттықтырушылар тапшылығын сезiп отыр. Қазiргi спорт әсiресе әртүрлi жаңалықтарға ұшырауға бейiм және де спортшылармен жұмыс iстеудiң жаңа әдiстемелерiн меңгерген мамандарды дайындауға айрықша көңiл бөлудi талап етедi.
      Осыған байланысты:
      республиканың жетекшi жаттықтырушыларын шетелдiк спорт орталықтарында оқытуды ұйымдастыру;
      аймақтардың қажеттiлiктерiн ескере отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың даярлануы мен қайта даярлануын қамтамасыз ету қажет.

Материалдық-техникалық базаны дамыту

      Елдiң дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының желiсi олардың жеткiлiксiз санымен, негiзiнен сапасының төмендiгi және бiркелкi орналастырылмауымен сипатталады.
      Халықтың барлық топтарының, әсiресе балалардың, жасөспiрiмдер мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшiн жағдай жасау қажет, қолда бар дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын тиiмдi пайдаланып, осы ғимараттардағы қызмет көрсету сервисiнiң қажеттi деңгейiн, олардың қол жетiмдiлiгiн және тартымдылығын қамтамасыз ету қажет.
      Республикада материалдық-техникалық базаны дамыту мыналардың есебiнен жүзеге асырылуы тиiс:
      қолда бар спорт ғимараттарын, қолданыстағы спорт алаңдарын қайта жаңғырту және жаңалау, спорт залдары мен спорт кешендерiн шағын комплектiлi және әмбебап спорт жабдықтарымен жарақтандыру;
      спорт алаңдарын, спорт залдарын және басқа да ғимараттарды халықтың жаппай тұратын жерлерi мен демалыс орындарында салу;
      тұрғын үйлер алабы аумақтарында ойын және серуен алаңдарын, жүгiру жолдарын, велосипед және шаңғы трассаларын жоспарлау және салу, бұқаралық жарыстар өткiзу үшiн орындарды жабдықтау;
      халықтың дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын өткiзу үшiн қолда бар спорт ғимараттарын кеңiнен пайдалану.

Халықтың дене тәрбиесi және дене шынықтыру мен спорт
саласындағы ғылыми зерттеулердi басқару жүйесi

      Республикада дене тәрбиесiн жалпы басқаруды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жергiлiктi атқарушы органдар халықтың дене тәрбиесiн басқару жөнiндегi аумақтық құрылымдық бөлiмшелердi аудандық буынды қоса құрады, бұқаралық дене шынықтыру және спорт жұмысының негiзгi талаптарын ескере отырып, аймақтағы халықпен жүргiзiлетiн жұмыстың, спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлаудың бағыттарын әзiрлейдi, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамытады.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұқаралық дене шынықтыру мен жоғары жетiстiктер спортының тәжiрибесiн байытуға ықпал ететiн iргелi, қолданбалы және әлеуметтiк зерттеулердi ұйымдастыруға және жүргiзуге жағдай жасайды.

Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру

      Бұқаралық дене шынықтыруды және жоғары жетiстiктер спортын дамыту нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi, оның iшiнде:
      тұрғын үйлер алабының спорт ғимараттарымен қамтылу нормативтерiн қабылдауды;
      мектепке дейiнгi мекемелердiң және оқу орындарының спорт ғимараттарымен қамтылу нормативтерiн қабылдауды талап етедi.

Ақпараттың-насихат жұмысы

      Ақпараттық-насихат жұмысы мыналарды:
      салауатты өмiр салтын насихаттауды;
      дене жаттығуларының адам ағзасына, әсiресе, жас және егде жастағы адамдарға тигiзетiн пайдалы ықпалы туралы түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi көздейдi.
      Халықты ақпараттандыру жөнiндегi жұмыс жан-жақты дене дайындығының қажеттiгiн түсiндiруге бағытталып, ғылыми негiзделуi тиiс.
      Белгiлi спортшыларды, әлем, Азия, Олимпиада және Азия ойындарының чемпиондарын және жүлдегерлерiн, еңбегі сiңген спорт шеберлерi мен жетекшi жаттықтырушы-педагогтарды халықпен жұмыс істеуге тарта отырып, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану сабақтарын кеңiнен таратып, жүзеге асыру қажет.
      Азаматтардың өздiгiнен бiлiмiн арттыруға, дене шынықтырумен және спортпен жүйелi шұғылдануына тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ететiн танымал басылымдарды, әдiстемелiк оқулықтарды, басқа да көрнекi құралдардың шығарылуын көздеу қажет.

4. Бағдарламаны қаржыландыру

      Мемлекеттiк бағдарламаны қаржыландыру дене шынықтыру мен спортты дамытуға мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерiн тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттiк бағдарламада көзделген iс-шараларды мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi республикалық бюджет туралы заңмен және тиiстi қаржы жылына жергілiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттардың шешiмдерiмен белгiленетiн болады.

5. Күтiлетiн нәтижелер

      Қоғамда салауатты өмiр салты қағидаттарын орнықтыру, демографиялық ахуалды жақсарту үшiн жағдай туғызу.
      Дене шынықтырумен және спортпен іс жүзiнде шұғылданушы азаматтардың санын 10-15 пайызға ұлғайту, соның нәтижесiнде халық арасында ауруға шалдығу деңгейiн төмендету.
      Республиканың балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi спорт секцияларында спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспiрiмдердiң санын 180-нен 200 мыңға дейiн арттыру жеткiншек ұрпақ арасында құқық бұзушылықтардың санын төмендету.
      Елiмiздiң барлық аймақтарында спорттағы дарынды балалар үшiн мектеп-интернаттар ашу.
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына халықаралық дәрежедегi спортшыларды және болашағы бар спорт резервi кандидаттарының санын ұлғайту.
      Ұлттық, қолданбалы, техникалық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту арқылы жастарды спортпен белсендi шұғылдануға тарту.
      Халықаралық аренада Қазақстанның биiк бет-бейнесiн сомдауға қабiлеттi халықаралық дәрежедегi спортшылар даярлауға жағдай жасау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады