Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуір-маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 30 наурыз N 578

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:

      1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2001 жылдың сәуір-маусымында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.

      2. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құралымдарына 2001 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

      3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді органдармен бірлесіп, тиісті әскери комиссариаттар арқылы 2001 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұланы мерзімді әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелтуді және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады