Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2001 жылғы есепті бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 7 мамыр N 867

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2001 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2002 жылғы 20 мамырға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2001 жылғы есеп және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 867 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын қалыптастыру
және пайдалану туралы 2001 жылғы есеп 2002 жыл

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының
түсімдері және оның пайдаланылуы туралы
есеп

____________________________________________________________________ р/с                                                  Сомасы
N                                                  (мың теңге)
____________________________________________________________________1.   Қордың есепті кезеңнің басындағы ақшалай қаражаты
     Барлығы:                                                   -
____________________________________________________________________
2.   Түсімдер Барлығы:                                   197353993
     Оның ішінде:
        заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы:          67777053
        қосылған құн салығы                               16859
        үстеме пайдаға салынатын салық                      -
        бонустар                                          72291
        роялтилер                                         20662540
        жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу
        жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі             -
        ресми трансферттер                                    -
        Қорды басқарудан алынатын инвестициялық кірістер  10096227
        Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
        салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер          98729023
3.   Пайдаланылуы Барлығы:                                7546324
     Оның ішінде:         
        бюджеттердің шығындарын өтеу                      7509108
        мақсатты трансферттер                                 -
        Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті
        жүргізуге байланысты шығыстарды жабу              37216
4.   Қордың есепті кезеңнің аяғындағы ақшалай қаражаты
     Барлығы:                                      189807669
____________________________________________________________________

2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын
сенімді басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын сенімді басқару
нәтижелері туралы есеп

____________________________________________________________________р/с                                                        Сомасы
N                                                      (мың теңге)
____________________________________________________________________1.   Қор активтерінің есепті кезеңнің  басындағы
     нарықтық құны:                                           -
2.   Қордың операциялары бойынша кірістер:                100966227

2.1. бағалы қағаздардың және басқа да қаржы
     құралдарының ағымдағы құнының өзгеруінен
     алынатын кірістер                                     2373152
 
  2.2. бағалы қағаздарды және басқа да қаржы
     құралдарын сатып алу-сатудан алынатын кірістер        1450448
 
  2.3. акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістер          -
 
  2.4. сыйақы түріндегі кірістер                              809180

2.5. валюталық бағамның өзгеруі нәтижесінде туындаған
     оң бағамдық айырма                                    5463447 2.6. сыртқы басқаруға берілген активтер бойынша кірістер      -
 
  3.   Қорды басқару жөніндегі шығыстар:                        -
 
  3.1. бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының
     ағымдағы құнының өзгеруінен болатын шығыстар             -
 
  3.2. бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын
     сатып алу-сатудан болатын шығыстар                       -
 
  3.3. валюталық бағамның өзгеруі нәтижесінде туындаған теріс
     бағамдық айырма                                          -
 
  4.   Қор активтерінің есепті кезеңнің аяғындағы
     нарықтық құны:                               187221885

____________________________________________________________________

3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын
басқару жөніндегі өзге де деректер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын
         қалыптастыру көздері

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының (бұдан әрі - Қор) жұмыс істеу кезеңінде оған түсетін түсімдердің негізгі үлесі "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік үлесті сатудан түсетін қаражаттың есебінен қалыптастырылды, оның сомасы капиталдандыруды ескере отырып, 674378570,70 АҚШ долларын құрады. Бұдан басқа, Қордың жұмыс істеу сәтінен бастап 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың шотына ұлттық валютада 88528,7 млн. теңге түсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың шотына түскен шетел валютасында есептелген теңгені АҚШ долларына айналдыруды мезгіл-мезгіл жүргізіп отырды.
      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен шикізат секторы ұйымдарынан алынатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 2001 жылға арналған түсімдердің жылдық көлемі 82257689 мың теңге сомасында, соның ішінде республикалық бюджеттің кірісіне 51765715 мың теңге және жергілікті бюджеттердің кірісіне 30491974 мың теңге бекітілді. 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шикізат секторы ұйымдарынан іс жүзінде 163477326 мың теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 47155542 мың теңге және жергілікті бюджеттерге 27793041 мың теңге есепке алынды. Нәтижесінде шикізат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін түсімдердің сомасы 88528743 мың теңгені құрады. Республикалық және жергілікті бюджеттердің өтемақысы Қордан толық көлемде өтелді және 7509108 мың теңгені құрады, оның ішінде:
     Ақтөбе                     - 2632185
     Атырау                     -   74850
     Шығыс Қазақстан            - 1141049
     Батыс Қазақстан            - 1840223
     Қарағанды                  -  412491
     Маңғыстау                  - 1408310.
     Салықтардың түрлері бойынша Қорға түсетін қаражат түсімдерінің құрылымы тұтас алғанда 2001 жыл үшін мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
____________________________________________________________________Салықтық төлемдердің түрі              Сомасы       Жалпы көлемдегі
                                      (мың теңге)        үлес (%)
____________________________________________________________________Заңды тұлғалардан алынатын               48679078           54,99
табыс салығы
Резидент заңды тұлғалардан               4625192             5,22
алынатын, төлем көзінен
ұсталатын табыс салығы  
Резидент емес заңды тұлғалардан          14472783           16,35
алынатын, төлем көзінен
ұсталатын табыс салығы 
Барлығы заңды тұлғалардан                67777053           76,56
алынатын табыс салығы
Қосылған құн салығы                         16859            0,02
Бонустар                                    72291            0,08
Роялтилер                                20662540           23,34
Барлығы (өтеуді есепке алмай)      88528743          100,00

____________________________________________________________________

      Шикізат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін түсімдердің негізгі бөлігін - 54,99%-ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 23,34%-ын құрайтын роялтилер және 14472783 мың теңге сомасындағы немесе түсімдердің жалпы сомасының 16,35% резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы алады. Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы түсімдердің жалпы сомасының 5,22%-ын, бонустар 0,08%-ын және қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) - 0,02%-ын құрады.
      Шикізат секторы ұйымдары - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының жоспары 60411610 мың теңге мөлшерінде бекітілді, іс жүзінде 104010265 мың теңге түсті, ол 172,2%-ды құрады. Қорға жоспардан тыс төлемдер түрінде 48679078 мың теңге табыс салығы аударылды. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының шикізат секторы ұйымдары - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жоспар орындалған жоқ, осыған байланысты салықтың осы түрі бойынша республикалық  және жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу 5280423 мың теңгені құрады. Кәсіпорындар бөлінісінде табыс салығы жоспарының орындалуын талдау мынадай көрсеткіштермен сипатталады: ____________________________________________________________________                             Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
      Ұйымның атауы                          (мың теңгемен)
                   ________________________________________________                          Жоспар  іс жүзіндегі   ауытқу   Ұлт.қорға
                                                         түскені ____________________________________________________________________Ақтөбе    
"Ақтөбемұнайгаз СНПС" ААҚ  3569700   1535184    -2034516  198729
"Дөң кен байыту к-ты" ААҚ  1180000   1050964    -129036   189282
облыс бойынша жиыны        4749700   2586148    -2163552  388011
 
  Атырау
"Теңізшевройл" БК" ЖШС    20725864   42590018    21864154  21545143
"Қазақойл-Ембі" ААҚ       2956966    4108118     1151152    1470163
облыс бойынша жиыны       23682830   46698136    23015306   23015306
Шығыс Қазақстан
"Қазмырыш" ААҚ            5045000    4670159     -374841     566208
облыс бойынша жиыны       5045000    4670159     -374841     566208
 
  Батыс Қазақстан
"Қарашығанақ Петр.Опер Б.В."  253000      0     -253000          0
облыс бойынша жиыны           253000      0     -253000          0
 
  Қарағанды
"Қазақмыс" ААҚ             10450000   12324210   1874210    2227733
облыс бойынша жиыны        10450000   12324210   1874210    2227733
 
  Қызылорда
"Харрикейн Құмкөл Мұнай" ААҚ  4997580  10065893  5068313    5068313
"Торғай Петролеум" ЖАҚ        2363500  3972525   1609025    1609025
облыс бойынша жиыны           7361080  14038418  6677338    6677338
 
  Маңғыстау
"Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ     3250000    14228532  10978532  10978532
"Өзенмұнайгаз" ААҚ          4553188    8397850   3844662    4825950
"Қаражамбасмұнайгаз" ААҚ    1066812    1066813      1 
облыс бойынша жиыны        8870000    23693195   14823195  15804482

Түсімдердің барлығы  60411610    104010266  43598656 48679078

____________________________________________________________________

      "Ақтөбемұнайгаз СНПС" ашық акционерлік қоғамы бойынша табыс салығының жоспары жасалған келісімшарт бойынша осы кәсіпорынның құрылыс бойынша шығындарды шегерімдерге жатқызуы нәтижесінде 2034516 мың теңгеге орындалған жоқ. Сол сияқты "Қазмырыш" ашық акционерлік қоғамы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының жоспары мырышқа экспорттық бағаның 1049$/т-дан 772$/т-ға төмендеуіне байланысты 374841 мың теңгеге орындалған жоқ.
      Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы 4625192 мың теңге сомасында түсті, ол жоспардан тыс төлемдер ретінде Қорға толығымен есепке алынды. Осыған ұқсас 14472783 мың теңге мөлшерінде резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы Қорға есепке алынды.
      ҚҚС жоспары 233000 мың теңге мөлшерінде Ақтөбе облысы ("Дөң кен-байыту комбинаты" ашық акционерлік қоғамы) үшін ғана бекітілді, ҚҚС түсімдерінің іс жүзіндегі көлемі 169238 мың теңгені немесе 72,6%-ды құрады, оның ішінде 16859 теңге Қорға есепке алынды. 2001 жылғы 1 шілдеден бастап Ресеймен тауар айналым бойынша "арналған елі" принципімен ҚҚС алуға көшуге байланысты 63762 мың теңге сомаға ҚҚС жете түскен жоқ. Республикалық бюджетке түсетін өтем сомасы 80621 мың теңгені құрады.
      Бонустар бойынша жоспар 149700 мың теңге мөлшерінде, оның ішінде "Қазақойл-Ембі" ашық акционерлік қоғамы және "Торғай Петролеум" жабық акционерлік қоғамы 74850 мың теңгеден бекітілді.
      "Торғай Петролеум" жабық акционерлік қоғамы бойынша ғана іс жүзінде 147141 мың теңге түсті, оның ішінде Қорға 72291 мың теңге есепке алынды. Келісімшарт бойынша өндіру көлемі жоспарының орындалмауына байланысты "Қазақойл-Ембі" ашық акционерлік қоғамынан алынатын бонустардың түсімі болған жоқ, сондықтан Атырау облысының шығынын өтеу 74850 мың теңгені құрады.
      Шикізат секторы ұйымдарынан алынатын роялтидің жоспары 18601686 мың теңге мөлшерінде бекітілді, іс жүзінде 38778236 мың теңге түсті, ол 208,5%-ды құрады. Қорға жоспардан тыс төлем түрінде 20662540 мың теңге роялти аударылды. Республикалық бюджеттің шығынын өтеу 485990 мың теңге мөлшерінде өтелді.
      Жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасының үлесі түсімдерінің жоспары тек Батыс Қазақстан облысы бойынша 2861693 мың теңге мөлшерінде ғана жеткізілген. Төлемнің осы түрі бойынша іс жүзінде 1274470 мың теңге немесе 44,5% түсті. Ресеймен ҚҚС алу тетігінің реттелмеуіне байланысты Батыс Қазақстан облысының бюджетіне Қордан өтелген 1587223 мың теңге жете түскен жоқ.
      2. Қордың шығыстары
      Қордың есебінен есепті кезеңде мынадай шығыстар жүргізілді:
      республикалық және жергілікті бюджеттерге шығындарды өтеу түрінде (шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілген және іс жүзіндегі сомасының арасындағы айырма) 7509107631,83 теңге, оның ішінде республикалық бюджетке 4710173888,36 теңге және жергілікті бюджеттерге 2798933743,47 теңге аударылды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған Сенімді басқару туралы шартқа сәйкес Қорды басқарғаны үшін сыйақы түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 37216032,45 теңге аударылды.
      Бұдан басқа, 2001 жылдың 4-тоқсанына төлеуге Қорды сенімді басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 35226 мың теңге сомасында комиссиялық сыйақы, заң кеңесшісі қызметтеріне 826 мың теңге есептелді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады