Қазақстан Республикасы мен Канада арасында құқықтық қатынастар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт жасалсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
(РҚАО-ның ескертуі: Шарт жобасының мәтіні қоса берілмеген)