Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1238 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 1294 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияға қол қою туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1238 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 500-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рахат Мұхтарұлы Әлиевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияға қол қоюға өкілеттік берілсін.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады