Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ында жариялануға тиіс
Қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 26 наурыздағы
N 1320 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
N 839 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің
қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Әбдікәрімов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Оралбай хатшысы, Комиссия төрағасы
Рогов - Қазақстан Республикасы Президенті
Игорь Иванович Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
Мемлекеттік-құқық бөлімінің
меңгерушісі, Комиссия төрағасының
орынбасары
Федотов - Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық
Виктор Данилович бөлімінің мемлекеттік инспекторы,
Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ғабидолла Рахматоллаұлы қызмет істері жөніндегі агенттігінің
төрағасы
Әкімбеков - Қазақстан Республикасының Премьер-
Назымбек Қыздарбекұлы министрі Кеңсесі Қорғаныс және құқық
тәртібі бөлімінің меңгерушісі
Ахметов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қабдығали Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ерболат Асқарбекұлы министрі
Доскен - "Қазақстан" Республикалық
Ғалым Төлембекұлы телерадиокорпорациясы" ЖАҚ басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нартай Нұртайұлы қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Жалыбин - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сергей Михайлович Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Жұмабеков - Қазақстан Республикасының
Оңалсын Исламұлы Әділет министрі
Қалмырзаев - Қазақстан Республикасының
Сарыбай Сұлтанұлы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық
қылмысқа қарсы күрес жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Өксікбаев - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы бақылау жөніндегі есеп комитетінің
төрағасы
Тұрысбеков - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Зауытбек Қауысбекұлы министрі
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Бас
Рашид Төлеутайұлы прокуроры
Червинский - "Казахстанская правда" республикалық
Олег Чеславович газеті" ААҚ президенті (келісім
бойынша)