Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 қыркүйектегi N 1184 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 1376 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  21-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 қыркүйектегi N 1184  Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы:
      үшiншi абзацта "Әскери прокуратурасының" деген сөздер "прокуратура органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацта "және прокуратура органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      алтыншы абзац алынып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады