ДДҰ-ның Темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1387 Жарлығы

"Президент пен Үкімет   
актілерінің жинағында"  
жариялануға тиіс    

      Қаулы етемін:

      1. Женевада 2003 жылғы 21 мамырда жасалған ДДҰ-ның Темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясына қол қойылсын.

      2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлі Ержан Хозеұлы Қазыхановқа Қазақстан Республикасының атынан көрсетiлген Негiздемелiк конвенцияға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ДДҰ-ның темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк
конвенциясы

  Кiрiспе

      Осы Конвенция тараптары,
      адамдар денсаулығын қорғауға деген өз құқығына баса көңiл бөлуге барынша бел байлап,
      темекi эпидемиясын тарату адам денсаулығы үшiн айтарлықтай салдары бар және мүмкiндiгiнше барынша кең халықаралық ынтымақтастық пен барлық елдердiң тиiмдi, тиiстi және жан-жақты халықаралық жауапты iс-қимылдарға қатысуын талап ететiн ғаламдық проблема екендiгiн мойындай отырып,
      адамдар денсаулығы үшiн зиянды салдарына, темекi пайдаланумен және темекi түтiнiнiң әсерiмен байланысты бүкiл әлемдегi әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салдарларына байланысты халықаралық қоғамдастықтардың алаңдаушылығын көрсете отырып,
      бүкiл әлем бойынша, әсiресе дамушы елдерде сигарет пен басқа да темекi өнiмдерiн пайдалану және өндiруге байланысты, сондай-ақ мұның отбасыларына, кедей адамдар мен ұлттық денсаулық сақтау жүйелерiне түсiретiн ауыртпалығына қатысты айтарлықтай алаңдай отырып,
      темекi пайдалану мен темекi түтiнiнiң әсерi өлiмнiң, ауру мен мүгедектiктiң себебi болып табылатындығын және темекi шегудiң әсерi мен темекi өнiмдерiн пайдаланудың басқа да түрлерi мен темекiге байланысты ауруларға шалдығудың арасында белгiлi бiр уақыт алшақтығы болатынын ғылыми деректер анық дәлелдеп бергенiн мойындай отырып,
      сонымен қатар сигареттер мен құрамында темекi бар басқа да өнiмдер тәуелдiлiк туғызатындай және қолдайтындай етiп жасалған жоғары технологиялық өнiмдер болып табылатындығын және олардағы көптеген құрамдас бөлiктер мен олардан бөлiнетiн түтiн фармакологиялық белсендi, уытты, мутагендi және канцерогендi болып табылатындығын, сондай-ақ темекiге тәуелдiлiк аурулардың негiзгi халықаралық жiктелiмдерiнде жеке бұзылу ретiнде жiктелетiндiгiн мойындай отырып,
      қазiргi кезде темекi түтiнiнiң зиянды әсерi балалар денсаулығы мен дамуына қолайсыз жағдай туғызатыны туралы нақты ғылыми деректер бар екенiн мойындай отырып,
      бүкiл әлемде балалар мен жасөспiрiмдердiң темекi шегуi мен темекiнiң басқа да түрлерiн пайдалануының таралуына байланысты, әсiресе барған сайын тым ерте жаста темекi шегуге байланысты қатты алаңдатушылық таныта отырып,
      бүкiл әлемде әйелдер мен қыздардың темекi шегуi мен темекiнiң басқа да түрлерiн пайдалануының мөлшерi артуына байланысты алаңдатушылық таныта және әйелдердiң саясатты әзiрлеу мен жүзеге асырудың барлық деңгейiне толық қатысуы қажеттiлiгiн, сондай-ақ гендерлiк аспектiлердi ескеретiн темекiге қарсы стратегияларының қажеттiлiгiн назарға ала отырып,
      байырғы халықтардың темекi шегуi мен темекiнiң басқа да түрлерiн пайдалануының жоғары деңгейiне байланысты қатты алаңдаушылық таныта отырып,
      темекi өнiмдерiн пайдалануды көтермелеу мақсатында сату мен демеушiлiктi ынталандыра отырып, жарнамалардың барлық нысандарының ықпалы тұрғысынан айтарлықтай алаңдатушылық бiлдiре отырып,
      контрабанданы, заңсыз өндiру және жасанды көшiрмелердi қоса алғанда, сигареттер мен басқа да темекi өнiмдерiн заңсыз сатудың барлық нысандарын жою үшiн бiрлескен iс-қимылдың қажеттігiн мойындай отырып,
      барлық деңгейдегi, әсiресе дамушы елдер мен өтпелi экономикалы елдерде темекiге қарсы күрес жеткiлiктi қаржылық және темекiге қарсы күрес жөнiндегi қызмет үшiн қазiргi кездегi және болжамдалған қажеттiлiктермен шамалас техникалық ресурстарды талап ететiндiгiн түсiне отырып,
      темекiге деген сұранымды қысқартудың табысты стратегияларының ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк және экономикалық салдарларын қарау үшiн тиiстi тетiктер әзiрлеудiң қажеттілігiн мойындай отырып,
      кейбiр дамушы елдердегi және өтпелi экономикалы елдердегi темекiге қарсы күрес бағдарламасының орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективасында әлеуметтiк және экономикалық қиындықтар туғызуы мүмкiн екендiгiне көңіл бөле отырып және қалыпты даму стратегияларының ұлттық деңгей аясында әзiрленген техникалық және қаржы көмегiне олардың зәрулiгiн мойындай отырып,
      темекiге қарсы күрес саласында көптеген мемлекеттердiң жүргiзген табысты жұмыстарын және Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының жетекшiлiгiн, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының басқа да ұйымдары мен органдарының және темекiге қарсы күрес саласында шаралар әзiрлеу жөнiндегi басқа да халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдардың күш-жiгерiн мақұлдай, мойындай отырып,
      кәсiби денсаулық сақтау органдарының, әйелдер топтарын, жастар топтарын, табиғат қорғау топтары мен тұтынушылар топтарын, академиялық мекемелер мен денсаулық сақтау мекемелерiн қоса алғанда, темекi өнеркәсiбiне байланысы жоқ үкiметтік емес ұйымдар мен басқа да азаматтық қоғам мүшелерiнiң ұлттық және халықаралық деңгейлердегi темекiге қарсы күрес бойынша күш салуға айрықша үлестерiн, сондай-ақ олардың темекiге қарсы күрес бойынша ұлттық және халықаралық күш-жігер жұмсауға қатысуларының өмiрлiк маңызын айрықша атай отырып,
      темекi өнеркәсiбiнiң темекiге қарсы күрес бойынша жұмсалған күш-жiгердi бұзуға немесе жоққа шығаруға кез-келген ұмтылыстарына қатысты қырағылық танытудың қажеттiлiгiн және темекiге қарсы күрес бойынша күш-жiгерге терiс ықпал ететiн темекi өнеркәсiбiнiң қызметi туралы хабардар етудiң қажеттілігін мойындай отырып,
      әрбiр адамның тән және жан саулығының ең жоғары қолжетiмдi деңгейiне құқығы бар екендiгi туралы айтылатын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiнiң 12-бабын еске сала отырып,
      сонымен қатар нәсiлiне, дiнiне, саяси сенiмiне, экономикалық немесе әлеуметтiк жағдайына қарамастан барлық адамның денсаулықтың ең жоғары қолжетiмдi деңгейiне ие болуы негiзгi құқықтарының бiрi болып табылатындығы туралы айтылатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Жарғысының кiрiспесiн еске сала отырып,
      қазiргi бар және ғылыми-техникалық әрi экономикалық көзқарастарға негiзделген темекiге қарсы күрес шараларына табанды шешiммен жәрдемдесуге,
      әйелдерге қатысты кемсiтушілiктiң барлық нысандарын жою туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы 18 желтоқсанда қабылдаған  Конвенцияда осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердiң медициналық-санитарлық жәрдем саласында әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою үшiн тиiстi шаралар қолданатыны көзделгенiн еске сала отырып,
      сонымен қатар, бала құқықтары жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған Конвенцияда осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердiң баланың денсаулықтың ең жоғары қолжетiмдi деңгейiне ие болу құқығын мойындайтынын еске сала отырып,
      мыналар туралы келiстi:

  I Бөлім: Кіріспе

  1-бап
Терминдердi пайдалану

      Осы Конвенцияның мақсаты үшiн:
      (а) "Заңсыз сауда" заңмен тыйым салынған, осындай қызметке жәрдемдесу мақсаты бар практиканың немесе мiнез-құлықтың кез-келген түрiн қоса алғанда, өндiруге, жiберуге, алуға, иеленуге, бөлуге, сатуға немесе сатып алуға қатысы бар практиканың немесе мiнез-құлықтың кез келген түрiн бiлдiредi.
      (b) "Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы" бiрнеше егемен мемлекеттерден тұратын және оның мүше мемлекеттерi бiрқатар мәселелер бойынша, осы мәселелер бойынша мүше мемлекеттерiне мiндеттер жүктейтiн шешiмдер қабылдау құқығын қоса алғанда, өзiнiң өкiлеттiктерiн берген кез-келген ұйымды бiлдiредi.
      (с) "Жарнама және темекi сатуды ынталандыру" темекi өнiмдерiн сатуды немесе темекi пайдалануды ынталандырудың тура немесе жанама мақсатымен, нәтижесiмен немесе ықтимал нәтижесiмен коммерциялық ақпараттар, ұсынымдар берудiң кез-келген түрiн немесе әрекет бiлдiредi.
      (d) "Темекiге қарсы күрес" халықтың темекi өнiмдерiн пайдалануын жою немесе азайту, сондай-ақ оған темекi түтiннiң әсерiн азайту арқылы оның денсаулығын жақсартуға бағытталған жеткiзiлiм, сұраным және зиянды азайту саласындағы стратегиялардың кең шеңберiн бiлдiредi.
      (e) "Темекi өнеркәсiбi" темекi өнiмдерiн дайындаумен, көтерме бөлумен және импортпен айналысатындардың бүкілiн білдiредi.
      (f) "Темекi өнiмдерi" шегу, copy, шайнау немесе иiскеу үшiн пайдаланатындай етiп дайындалған шикiзат материалы ретiнде темекi жапырағынан толық немесе iшiнара дайындалған өнiмдердi бiлдiредi.
      (g) "Темекiге демеушiлiк" темекi өнiмдерiн сатуды немесе темекi пайдалануды тура немесе жанама ынталандыру мақсатымен, нәтижесiмен немесе ықтимал нәтижесiмен кез-келген оқиғаға, iс-шараларға немесе жеке адамға кез-келген салым түрiн бiлдiредi.

  2-бап
Осы Конвенция мен басқа да шарттар мен
заңды құжаттардың арасындағы байланыс

      1. Адамдардың денсаулығын үздiк сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар осы Конвенция мен оның хаттамаларында талап етiлгендерден тысқары шараларды жүзеге асыруға бiр-бiрiн көтермелейдi, оның үстiне Тараптарға осы құжаттардағы ештеңе де, олардың ережелерi келiсiлгендiктен әрi халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетiндiктен, неғұрлым қатаң талаптар қолдануға кедергi келтiрмейдi.
      2. Осы Конвенция мен оның хаттамаларының ережелерi Конвенция мен оның хаттамаларына қатысты немесе осы Конвенция мен оның хаттамалары бойынша осындай келiсiмдер олардың мiндеттемелерiмен сыйымды болып табылған жағдайда оларға қатысты қосымша болып табылатын мәселелер бойынша өңiрлiк немесе қосалқы өңiрлiк келiсiмдердi қоса алғанда, Тараптардың екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер жасасу құқығына ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Тиiстi Тараптар мұндай келiсiмдер туралы Хатшылық арқылы Тараптар Конференцияларын хабардар етедi.

  ІІ Бөлім: Мақсаты, басшылық қағидаттары мен жалпы міндеттер

  3-бап
Мақсаты

      Осы Конвенция мен оның хаттамаларының мақсаты қазiргi және болашақ ұрпақтарды адам денсаулығы үшiн күйретушi салдарлардан, сондай-ақ темекi пайдаланудың кең таралымдығы мен темекi түтiнiнiң әсерiн тұрақты әрi айтарлықтай қысқарту үшiн Тараптардың ұлттық өңiрлiк және халықаралық деңгейлерде жүзеге асыруына жататын темекiге қарсы күрес шаралары үшiн тиiстi шеңберлер қамтамасыз ету арқылы темекi пайдаланудың таралуы мен темекi түтiнi әсерiнiң әлеуметтiк, экологиялық және экономикалық салдарынан қорғаудан тұрады.

  4-бап
Басшылық қағидаттары

      Осы Конвенция мен оның хаттамаларының мақсатына қол жеткiзу және оның ережелерiн жүзеге асыру үшiн Тараптар төменде жазылған қағидаттарды басшылыққа алады, атап айтқанда:
      1. Темекi пайдалану және темекi түтiнi әсерiнiң денсаулыққа есiрткi сипатындағы салдары мен өлiм қаупi туралы әрбiр адам хабардар болуға тиiс және осыған байланысты адамдарды темекi түтiнiнiң әсерiнен қорғау үшiн тиiстi үкiметтiк деңгейде тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк немесе өзге де шаралар қараған жөн.
      2. Мыналарды ескере отырып, ұлттық, өңiрлiк және халықаралық деңгейлерде жан-жақты сектораралық шаралар мен үйлестiрiлген жауап iс-қимылдарын әзiрлеу және қолдау iсiн табанды саяси ұстану қажет:
      (а) бүкiл адамды темекi түтiні әсерiнен қорғау үшiн шаралар қолданудың қажеттілiгi;
      (b) темекi өнiмдерiн пайдалануды қысқарту мен азайтуға кез-келген нысанда жәрдемдесу мен қолдаудың басталуын болдырмау үшiн шаралар қолданудың қажеттілiгi;
      (с) тұрғылықты адамдар мен қауымдардың әлеуметтiк әрi мәдени тұрғыдан олардың қажеттiлiгi мен перспективаларына сәйкес келетiн темекiге қарсы күрес бағдарламалар әзiрлеуге, жүзеге асыру мен бағалауға қатысуына жәрдемдесу жөнiнде шаралар қолданудың қажеттiлiгi; және
      (d) темекiге қарсы күрес стратегияларын әзiрлеу кезiнде әртүрлi жыныстағылар үшiн тән қауiптердiң есебi бойынша шаралар қолданудың қажеттiлiгi.
      3. Жергіліктi мәдени жағдайларды, сондай-ақ экономикалық, саяси және заң факторларын ескере отырып, темекiге қарсы күрестiң тиiмдi бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру үшiн халықаралық ынтымақтастық әсiресе технологиялар, бiлiм беру және қаржы көмегiн көрсету, сондай-ақ тиiстi сараптамалық қызметтер ұсыну осы Концепцияның маңызды бөлiгi болып табылады.
      4. Ұлттық, өңiрлiк және халықаралық деңгейлерде қолданылатын барлық темекi өнiмдерiн пайдалануды қысқарту жөнiндегi жан-жақты көп секторлы шаралар мен жауап iс-шаралар қоғамдық денсаулық сақтау қағидаттарына сәйкес темекi пайдалану мен темекi түтiнiнiң әсерiнен болған аурушаңдықтың, ерте мүгедектiк пен қайтыс болудың алдын алу үшiн қажет.
      5. Өзiнiң юрисдикция шегiнде жауапкершiлiкке байланысты мәселелер әрбiр Тараппен қалай айқындалатындығы темекiге қарсы жан-жақты күрестiң маңызды бөлiгi болып табылады.
      6. Дамушы елдер болып табылатын Тараптардағы, сондай-ақ өтпелi экономикалы Тараптардағы темекiге қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру күнкөрiс қаражатына айтарлықтай ықпал ететiндiктен темекi өсiретiн адамдар мен темекi өнеркәсiбi қызметкерлерiнiң экономикалық өтуiне жәрдемдесу үшiн ұлттық деңгейде әзiрленетiн тұрақты даму стратегиясының аясында техникалық және қаржы көмегiнiң мәнiн мойындаған және есепке алған жөн.
      7. Конвенция мен оның хаттамаларының мақсатына қол жеткiзу үшiн азаматтық қоғамның қатысуы қажет.

  5-бап
Жалпы міндеттер

      1. Өздерi Тараптары болып табылатын осы Конвенция мен оның хаттамаларына сәйкес әрбiр Тарап темекiге қарсы күрес жөнiндегi жан-жақты көп секторлы ұлттық стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламалар әзiрлейдi, жүзеге асырады, дүркiн-дүркiн жаңартады және қайта қарайды.
      2. Осы мақсатқа жету үшiн әрбiр Тарап өздерiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес:
      (а) темекiге қарсы күрес жөнiндегi ұлттық үйлестiру тетiгiн немесе үйлестiру органдарын құрады немесе нығайтады және қаржыландырады; және
      (b) тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк және/немесе өзге де шаралар қолданады әрi жүзеге асырады және тиiстi жағдайларда темекi пайдаланудың, никотиндiк тәуелділiк пен темекi түтiнiнiң әсерiнiң алдын алу және қысқарту үшiн тиістi саясатты әзiрлеуге басқа Тараптармен ынтымақтасады.
      3. Темекiге қарсы күрес жөнiндегi қоғамдық денсаулық сақтауда өзiнiң саясатын әзiрлеу мен жүзеге асыру кезiнде Тараптар ұлттық заңына сәйкес темекi өнеркәсiбiнiң коммерциялық және корпорациялық мүдделерi ықпалынан өзiнiң саясатын қорғайтындай етiп iс-қимыл жасайды.
      4. Өздерi Тараптары болып табылатын осы Конвенция мен хаттамалардың жүзеге асырудың ұсынылған шараларын, ресiмдерi мен басшылық қағидаттарын әзiрлеуде Тараптар ынтымақтасады.
      5. Тараптар тиiстi жағдайларда өздерi Тараптары болып табылатын осы Конвенция мен хаттамалардың мақсаттарына қол жеткiзу үшiн құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен және басқа да органдармен ынтымақтасады.
      6. Тараптар өздерiнiң иелiгiндегi қаражаттар мен ресурстар шегiнде қаржыландырудың екi жақты және көп жақты тетiктерiнiң көмегiмен осы Конвенцияны тиiмдi жүзеге асыру үшiн қаржы ресурстарын жұмылдыру мақсатында ынтымақтасады.

  III Бөлім: Темекіге сұранымды қысқартуға қатысты шаралар

  6-бап
Темекіге сұранымды қысқарту жөніндегі
баға және салық шаралар

      1. Тараптар баға және салық шаралары халықтың әртүрлi топтарының, әсiресе жастардың темекi пайдалануын қысқартудың тиiмдi және маңызды құралы екендiгiн мойындайды.
      2. Тараптардың егемен құқықтары үшiн өзiнiң салық салу саясатын зиянсыз айқындауда және белгiлеуде әрбiр Тарап темекiге қарсы күреске қатысты денсаулық сақтау саласындағы өзiнiң ұлттық мақсаттарын ескеруге тиiс және тиiстi жағдайларда мыналар қамтылуы мүмкiн шаралар енгiзудi немесе сақтауды ескеруге тиiс:
      (а) салық саясатын және орынды болған жағдайда денсаулық сақтау саласында темекi пайдалануды қысқартуға бағытталған мақсаттарға қол жеткiзуге жәрдемдесу үшiн темекi өнiмдерiне қатысты баға саясатын жүзеге асыру; және
      (b) тиiстi жағдайларда халықаралық сапарларды жүзеге асыратын адамдардың темекi өнiмдерiн салықсыз және баж салығынсыз сатуына және/немесе олардың осы өнiмдердi әкелуiне тыйым салу немесе шектеу.
      3. 21-бапқа сәйкес Тараптар Конференциясында Тараптар кезеңдiк баяндамаларында темекi өнiмдерiне салық салу ставкалары мен темекi пайдаланудағы үрдiстер туралы ақпарат ұсынады.

  7-бап
Темекiге сұранымды қысқарту жөнiндегi бағадан тыс шаралар

      Тараптар жан-жақты бағадан тыс шаралар темекi пайдалануды қысқартудың тиiмдi әрi маңызды құралы болып табылатындығын мойындайды. Әрбiр Тарап 8-13-баптар бойынша өзiнiң мiндеттерiн сақтау үшiн қажеттi тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк және/немесе өзге де шараларды қолданады әрi жүзеге асырады және тиiстi жағдайларда оларды жүзеге асыру мақсатында басқа Тараптармен тiкелей немесе құзыреттi халықаралық ұйымдар арқылы ынтымақтасады. Тараптар Конференциясы осы Баптардың ережелерiн жүзеге асыру үшiн тиiстi басшылық қағидаттар ұсынады.

  8-бап
Темекi түтiнiнiң әсерiнен қорғау

      1. Тараптар ғылыми деректер темекi түтiнiнiң әсерi өлiмнiң, аурулар мен мүгедектіктiң себебi болып табылатындығын анық дәлелдейтiнiн мойындайды.
      2. Әрбiр Тарап ұлттық заңнамамен айқындалған қолданыстағы ұлттық юрисдикция саласында үй-жайлардың iшiндегi жұмыс орындарында, қоғамдық көлiк пен жабық қоғамдық орындарда және тиiстi жағдайларда басқа да қоғамдық орындарда темекi түтiнiнiң әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк және/немесе өзге де шаралар қолданады әрi жүзеге асырады және юрисдикцияның басқа деңгейлерiнде де қолданылуына әрi жүзеге асырылуына белсендi ықпал етедi.

  9-бап
Темекi өнiмдерiнiң құрамын реттеу

      Тараптар Конференциясы құзыреттi халықаралық органдармен консультацияға темекi өнiмдерiнiң құрамы мен олар бөлiп шығаратын өнiмдердi сынау мен өлшеудiң басшылық қағидаттарын, сондай-ақ осы құрам мен бөлiп шығарылған өнiмдердi реттеудi ұсынады. Әрбiр Тарап құзыреттi ұлттық органдар мақұлдаған жағдайларда осындай сынау мен өлшеу жөнiнде, сондай-ақ осындай реттеу жөнiнде тиiмдi заңнамалық атқарушылық, әкiмшiлiк және өзге де шаралар қолданады әрi жүзеге асырады.

  10-бап
Темекi өнiмдерiнiң құрамын ашуды реттеу

      Әрбiр Тарап үкiметтiк органдарға темекi өнiмдерiн дайындаушылар мен импортерлерден темекi өнiмдерiнiң құрамы мен олар бөлiп шығаратын өнiмдер туралы ақпаратты ашып көрсетуiн талап ететiн өзiнiң ұлттық заңына сәйкес заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк және өзге де шаралар қолданады әрi жүзеге асырады. Одан басқа, әрбiр Тарап темекi өнiмдерi мен өнiмдерiнен бөлiнiп шығатын уыттық құрам туралы көпшiлiктi хабардар ету жөнiнде тиiмдi шаралар қолданады әрi жүзеге асырады.

  11-бап
Темекi өнiмдерiн бумалау және таңбалау

      1. Әрбiр Тарап осы Конвенция күшiне енген сәттен бастап үш жыл кезеңi iшiнде өзiнiң ұлттық заңына сәйкес осы Тарап үшiн:
      (а) темекi өнiмдерiн бумалау мен таңбалау жалған, адастыратын немесе алдау болып табылатын немесе кез-келген терминдi, сипаттауды, сауда маркасын, белгiлi темекi өнiмiнiң басқа темекi өнiмдерiне қарағанда зиянының аз екендiгiн белгiлейтiн тура және жанама жалған әсер туғызатын символдық немесе кез-келген өзге белгiсiн қоса алғанда, оның сипаттамасы, денсаулыққа әсерi, қаупi немесе бөлiп шығаратын өнiмдерi туралы терiс әсер туғызатын кез-келген жолмен темекi өнiмдерiн сатуға ынталандырмайтын; Олар "құрамында смолалары аз", "жеңіл", "өте жеңiл" немесе "жұмсақ" деген терминдердi енгiзуi мүмкiн; және
      (b) темекi өнiмдерiнiң әрбiр қорабы мен бумасында және кез-келген сыртқы бумада және осы сияқты өнiмдердiң таңбалауында сонымен қатар темекi пайдаланудың зиянды салдарын сипаттайтын денсаулық үшiн зияны туралы ескертуден тұруы, және басқа да тиiстi хабарламалар келтiрілуi; Олар мынадай ескертулер мен хабарламалар:
      (i) құзыреттi ұлттық органдар арқылы бекiтiледi,
      (іі) дүркiн-дүркiн өзгередi,
      (iii) iрi, нақты, айқын және жеңiл оқылатын болып табылады,
      (iv) негiзгi таңбаланған үстiңгi бет 50%-тi немесе одан аса алып жатады, бiрақ ешқандай жағдайда негiзгi таңбаланған үстiңгi беттiң 30%-iнен кем емес,
      (v) суреттер немесе пиктограмма түрiнде орындалуы мүмкiн, немесе оларды енгiзілуi үшiн тиiмдi шаралар қолданады әрi жүзеге асырады.
      2. Темекi өнiмдерiнiң әрбiр қорабы мен бумасында және кез-келген сыртқы бумада және осы сияқты өнiмдерiнiң таңбалауында, осы Баптың 1 (b)-тармағында көзделген ескертулерге қосымшада ұлттық органда айқындалған темекi өнiмдерiнiң мен олар бөлiп шығаратын өнiмдердiң сәйкес құрамдас бөлiктерi туралы ақпарат болуға тиiс.
      3. Әрбiр Тарап осы Баптың 1 (b)-тармағы мен 2-тармағында көрсетiлген ескертулер мен басқа да мәтiндiк ақпарат темекi өнiмдерiнiң әрбiр қорабы мен бумасында және кез-келген сыртқы бумада және осы сияқты өнiмдердiң таңбалауында оның негiзгi тiлi мен негiзгi тiлдерде айшықталуын талап етедi.
      4. Осы Баптың мақсаттары үшiн "сыртқы бума мен таңбалау" терминi осы өнiмнiң бөлшек саудада пайдаланылатын кез-келген бума мен таңбалаудағы темекi өнiмдерiне қатысты қолданылады.

  12-бап
Халықты aғарту, ақпарат беру, даярлау және хабардар ету

      Әрбiр Тарап тиiстi жағдайларда барлық қолданыстағы ақпарат беру құралдарын пайдалана отырып, темекiге қарсы күрес мәселесi бойынша халықты ақпараттандыру жүйесiн қолдайды және нығайтады. Осы мақсатта әрбiр Тарап:
      (а) дағдылануды қоса алғанда, темекi пайдалану мен темекi түтiнiнiң денсаулыққа әсер ету қаупi туралы халықты ақпараттандырып, ағартудың тиiмдi және жан-жақты бағдарламаларына кеңiнен қолжетiмдiлiгiне;
      (b) халықты темекi пайдалану мен темекi түтiнiнiң әсер етуi денсаулыққа төндiретiн қауiпi, сондай-ақ 14.2-бапта көрсетiлгендей темекiнi пайдалануды тоқтатудың, темекiге тәуелсiз кездегi өмiр сүру өзгешелiгiнiң басымдықтары туралы халықты ақпараттандыруға;
      (с) ұлттық заңнамаға сәйкес осы Конвенцияның мақсатына жататын темекi өнеркәсiбi туралы әртүрлi ақпараттарға халықтың қолжетiмдiлiгiне;
      (d) денсаулық сақтау қызметкерлерiне, қауымдастық қызметкерлерiне, әлеуметтiк қызметкерлерге, бұқаралық ақпарат құралдарының кәсiби қызметкерлерiне, оқытушыларға, шешiм қабылдайтын адамдарға, басшылар мен өзге де тиiстi адамдарға бағдарланған темекiге қарсы күрес жөнiндегi тиiмдi және тиiсiнше бағдарламаларға немесе ақпараттылығы мен ағартушылық көтеру жөнiндегi бағдарламаларға;
      (е) мемлекеттiк және жеке мекемелердi, темекi өнеркәсiбiмен байланысы жоқ үкiметтiк емес ұйымдарды ақпараттандыруға және оларды темекiге қарсы күрес саласында сектораралық бағдарламалар мен стратегияларды әзiрлеуге әрi iске асыруға қатысуға; және
      (f) халықты темекiнi өндiру мен тұтынудың адам денсаулығына керi әсер ету себептерi, сондай-ақ оның экономикалық және экологиялық зардаптары туралы ақпараттандыруға және осындай ақпараттарға қолжетiмдiлiгiне тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшілiк және жәрдемдесуге бағытталған өзге де шаралар қолданады әрi жүзеге асырады.

  13-бап
Темекi өнiмдерiн жарнамалау, сатуды ынталандыру
және демеушілiк

      1. Тараптар жарнамалауды, сатуды ынталандыру мен демеушiлiктi толық тоқтату темекi өнiмдерiн тұтынудың қысқаруына әкелiп соғатынын мойындайды.
      2. Әрбiр Тарап өзiнiң конституциясы немесе конституциялық қағидаттарына сәйкес барлық темекi өнiмдерiн жарнамалауға, сатуды ынталандыруға және демеушілiкке толық тыйым салу енгiзедi. Бұл сол Тарапта бар құқық шарттарын сақтай және қолда бар техникалық құралдардың болуын ескере отырып, оның аумағынан шығатын барлық трансшекаралық жарнамаға, сатуды ынталандыру мен демеушiлiкке толық тыйым салуды қамтиды. Осыған байланысты әрбiр Тарап осы Тарап үшiн Конвенция өз күшiне енгеннен кейiнгi бес жыл ішінде тиiстi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшілiк және/немесе өзге де шаралар қабылдайды және 21-бапқа сәйкес тиiстi баяндамалар ұсынады.
      3. Өз конституциясының күшiне немесе конституциялық қағидаттарға сәйкес толық тыйым салуға мүмкiндiгi жоқ Тарап барлық жарнамаға, темекi өнiмдерiн сатуды ынталандыру мен демеушiлiкке шектеу қолданады. Бұл сол Тарапта бар құқық шарттарын сақтай және қолда бар техникалық құралдардың болуын ескере отырып, оның аумағынан шығатын және трансшекаралық әсерi бар трансшекаралық жарнамаға, сатуды ынталандыру мен демеушiлiкке шектеу қоюды немесе толық тыйым салуды қамтиды. Осыған байланысты әрбiр Тарап тиiстi заңнамалық, орындаушылық, әкiмшiлiк және/немесе өзге де шаралар және 21-бапқа сәйкес тиiстi баяндамалар ұсынады.
      4. Кемiнде және өздерiнiң конституцияларына немесе конституциялық қағидаттарына сәйкес Тараптар:
      (а) темекi өнiмдерiн рынокқа жалған, адастыратын немесе алдамшы өзге жолмен немесе адам денсаулығына керi әсер ететiн, қауiптi немесе бөлiнетiн өнiмдерi туралы олардың сипаттамалары бұрыс түсiнiк туғызатын құралдармен келген жарнамалаудың, темекi өнiмдерiн сату мен демеушiлiктiң барлық түрлерiне тиым салады;
      (b) денсаулыққа зияны туралы ескертулер немесе өзге де тиiстi ескертулер темекi өнiмдерiн жарнамалаудың кез-келген түрiнде болуын, тиiстi жағдайларда сатуды және демеушiлiктi ескертудi талап етедi;
      (с) халықтың темекi өнiмдерiн алуын көтермелейтiн тiкелей немесе жанама ынталандыруды пайдалануды шектейдi;
      (d) темекi өнеркәсiбiнiң, егер ол әлi толық тыйым салу енгiзбесе, әлi тыйым салынбаған жарнамаға, сатуды ынталандыру мен демеушiлiкке шығыстары туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға ақпараттар ашуын талап етедi. Бұл органдар осы мәлiметтердi қоғамның және 21-бапты орындау үшiн Тараптардың Конференциясының билiгiне беру туралы ұлттық заңнамаларға сәйкес шешiм қабылдай алады;
      (е) Толық тыйым салады немесе өздерiнiң конституциясының немесе конституциялық қағидаттарының күшiне сәйкес Тараптар толық тыйым сала алмайтын жағдайда, радио, телевидение, бұқаралық ақпарат құралдарының баспа басылымдары, тиiстi жағдайларда Интернет сияқты басқа да ақпарат құралдарында жарнаманы, темекi өнiмдерiн сату мен оны демеушiлiктi бес жылдық кезең iшiне шектейдi; және
      (f) Тыйым салады немесе Тараптар өзiнiң конституциясының немесе конституциялық қағидаттарының күшiне сәйкес тыйым сала алмайтын жағдайда, халықаралық оқиғалар, iс-шаралар немесе қатысушылар арасында темекi өнiмдерiне демеушiлiк жасауды шектейдi.
      5. Тараптар 4-тармақта көрсетiлген мiндеттемелер шегiнен шығатын шараларды iске асырғаны үшiн бiр-бiрiн көтермелейдi.
      6. Тараптар трансшекаралық жарнамаларды жоюға қажеттi технологиялар мен өзге де құралдарды әзiрлеу жөнiнде ынтымақтасады.
      7. Темекi жарнамалауға, оларды сату мен демеушiлiктi ынталандыру мен демеушiлiктiң кейбiр нысандарына тыйым салған Тараптар, өз аумағына түскен трансшекаралық жарнаманың, сатуды ынталандыру мен демеушiлiктiң өз аумағынан шыққан iшкi жарнамаға, сатуды ынталандыру мен демеушiлiкке қолданылатын санкция салу сияқты өз ұлттық заңнамасына сәйкес тыйым салу нысандарына егемен құқығы бар. Осы тармақ қандайда бiр нақты санкцияны мақұлдауды немесе бекiтудi бiлдiрмейдi.
      8. Тараптар трансшекаралық жарнамаға, сату мен демеушiлiктi ынталандыруға толық тыйым салу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты талап ететiн тиiстi шаралар баяндалған хаттама әзiрлеу туралы мәселе қарайды.

  14-бап
Темекiге тәуелдiлiкке қатысты сұранысты қысқарту
және темекi тұтынуды тоқтату жөнiндегi шаралар

      1. Әрбiр Тарап темекiнi тұтынуды тоқтатуға жәрдемдесу мен темекiге тәуелдiлiктен барабар емделудi қамтамасыз ету үшiн ұлттық жағдайлар мен басымдықтарды ескере отырып, ғылыми деректер мен үздiк практикаға негiзделген тиiсiнше, жан-жақты әрi кешендi басқару қағидаттарын әзiрлейдi және таратады.
      2. Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн әрбiр Тарап:
      (а) темекiнi тұтынуды, соның iшiнде оқу орындары, медициналық-санитарлық мекемелер, жұмыс орындары мен спорт шараларын өткiзетiн орындарда тоқтатуға жәрдемдесуге бағытталған тиiмдi бағдарламалар әзiрлеуге және iске асыруға;
      (b) темекiге тәуелдiктiң диагностикасы мен емдеудi және темекi шегудi тоқтатуға қатысты консультация беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi денсаулық сақтау саласында және тиiстi жағдайларда денсаулық сақтау қызметкерлерiн, қауымдастықтардағы қызметкерлер мен әлеуметтiк сала қызметкерлерiнiң қатысуымен ағартушылықты ұлттық бағдарламаларға, жоспарлар мен стратегияларға енгiзуге;
      (с) медициналық-санитарлық жәрдем мен оңалту орталықтарында диагностика, консультация беру, темекiге тәуелділіктiң алдын алу мен емдеу жөнiнде бағдарламалар жасауға;
      (d) емделуге қол жеткiзудi жеңiлдету және 22-бапқа сәйкес фармацевтикалық препараттарды қоса алғанда, темекiге тәуелдiлiктен емделу бағасы бойынша қолжетiмдiлiкте өзге Тараптармен ынтымақтасуға ұмтылады; мұндай препараттар мен олардың құрамдас бөлiктерi дәрiлiк заттарды енгiзуге, сондай-ақ тиiстi жағдайларда диагностика үшiн пайдаланылатын дәрiлiк заттарды, препараттарды қамтуы мүмкiн.

  IY Бөлім. Темекі жеткізілімін қысқартуға қатысты шаралар

  15-бап
Темекi өнiмдерiн заңсыз сату

      1. Тараптар, контрабанданы, заңсыз өндiру мен қолдан жасауды, сондай-ақ субөңiрлiк, өңiрлiк және ғаламдық келiсiмдерден басқа, тиiстi ұлттық заңнаманы әзiрлеу мен жүзеге асыруды қоса алғанда, темекi өнiмдерiн заңсыз сатудың барлық нысандарын жою темекiге қарсы күрестiң қажеттi құрамдас бөлiктерi екенiн Тараптар мойындайды.
      2. Әрбiр Тарап темекi өнiмдерiнiң шыққан жерiн айқындауда Тараптарға көмек беру үшiн темекi өнiмдерiнiң барлық қораптары мен орамдары және мұндай бұйымдардың сыртқы орамдары таңбалануын қамтамасыз ету және ұлттық заңдар мен екiжақты және көпжақты келiсiмдерге сәйкес, ауытқу нүктесiн, сондай-ақ темекi өнiмдерiнiң мониторингiн, құжаттандырылуы мен қозғалысын бақылауды және заңды мәртебесiн белгiлеуде Тараптарға көмектесу үшiн тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк немесе өзге де шаралар қолданады әрi жүзеге асырады. Мұнан басқа, әрбiр Тарап:
      а) темекi өнiмдерiнiң әрбiр жеке қорабы мен орамында мынадай мәтiндегi жазу болуын: "Тек қана мынадай жағдайда сатуға рұқсат етiледi (елдiң, субұлттық, өңiрлiк немесе федералдық аумақтық бiрлiгi қамтылады)" немесе баратын соңғы нүктесiн көрсететiн немесе аталған өнiмнiң iшкi рынокқа оның iшкi рыногында бөлшек және көтерме саудада сату үшiн темекi сату үшiн заңды негiзде түскен-түспегенiн органдарға айқындауға көмектесетiн кез-келген басқа тиiмдi таңбалануы болуын талап етедi; және
      b) тиiстi жағдайларда бөлу жүйесiн одан әрi қорғайтын және заңсыз сауда жағдайларын тергеуге көмектесетiн практикалық назарда ұстау мен назарда ұстау режимi жүйесiн құру туралы мәселенi қарайды.
      3. Әрбiр Тарап осы Баптың 2-тармағында көрсетiлген орамдағы немесе таңбалаудағы ақпараттың анық және/немесе негiзгi тiлде немесе негiзгi тiлдерде болуын талап етедi.
      4. Темекi өнiмдерiн заңсыз сатуды жою мақсатында әрбiр Тарап:
      а) заңсыз сатуды қоса алғанда, темекi өнiмдерiн трансшекаралық сату туралы мониторинг пен деректер жинауды жүзеге асырады, сондай-ақ, тиiстi жағдайларда кеден, салық және өзге де органдар арасында ұлттық заңдарға және қолданыстағы екi жақты немесе көп жақты келісімдерге сәйкес ақпараттар алмасады;
      b) темекi өнiмдерiн заңсыз сатуға қарсы, соның iшiнде қолдан жасалған және контрабандалық сигареттердi сатуға бағытталған заңнаманы тиiстi санкциялармен және түзету шараларымен қабылдайды немесе нығайтады;
      с) тәркiленген барлық өндiрiстiк құралдарды, қолдан жасалған және контрабандалық сигареттер мен өзге де темекi өнiмдерiн жойылуы үшiн, iс жүзiнде жүзеге асыруға болатын жағдайда, экологиялық таза әдiстердi пайдалана отырып немесе iшкi заңдарға сәйкес аластауды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi қадамдар жасайды;
      d) өзiнiң заңдық шегiнде салықсыз немесе баж салығынсыз режимде сақталып қойылатын және тасымалданатын темекi өнiмдерiн сақталуы мен бөлiнуiне мониторинг, құжаттандыру және бақылау жүргiзу мақсатында шаралар қабылдайды және iске асырады;
      е) темекi өнiмдерiн заңсыз сатудан түскен кiрiстi тәркiлеу мақсатында қажеттi шаралар қолданады.
      5. Осы Баптың 4(а) және 4(d) тармақшаларына сәйкес жиналған ақпараттарды Тараптар тиiстi жағдайларда 21-бапқа сәйкес жинақталған түрде өздерiнiң кезеңдiк баяндамаларында Тараптардың Конференциясына ұсынады.
      6. Тараптар темекi өнiмдерiн заңсыз сатуды жою мақсатында тиiстi жағдайларда және ұлттық заңнамаға сәйкес, ұлттық мекемелер, сондай-ақ тиiстi өңiрлiк және халықаралық үкiметаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа бұл тергеуге, сот қудалауы мен рәсiмдерiне қандай дәрежеде қатысты екенiне қарай жәрдемдеседi. Негiзгi назар темекi өнiмдерiн заңсыз сатумен күрес мақсатында өңiрлiк және субөңiрлiк деңгейдегi ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.
      7. Әрбiр Тарап заңсыз сауданың алдын алу мақсатында тиiстi жағдайларда темекi өнiмдерiн бақылау немесе өндiрiсiн реттеу және бөлу үшiн лицензиялауды қоса алғанда, одан әрi шаралар қолдануға әрi жүзеге асыруға ұмтылады.

  16-бап
Кәмелеттiк жасқа толмағандарға сату және
кәмелеттік жасқа толмағандардың сатуы

      1. Әрбiр Тарап iшкi заңнамада, ұлттық заңнамада белгіленген жасқа немесе он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекi өнiмдерiн сатуға тыйым салу үшiн тиiмдi заңнамалық, атқару, әкiмшілiк немесе шараларды тиiстi үкiметтiк деңгейде шаралар қолданады және жүзеге асырады:
      Бұл шаралар:
      (а) темекi өнiмiн сатушылардың барлығынан өздерiнiң сату нүктесiнiң iшiнде көрiнетiн жерде кәмелеттiк жасқа толмағандарға темекi өнiмдерiн сатуға тыйым салынғаны туралы хабарландыру iлу талабын, егер күдiк болған жағдайда, олардан заңмен белгiленген кәмелеттiк жасқа жеткенiн айғақтайтын құжатты талап етудi;
      (b) темекi өнiмдерiн кез келген тәсiлмен, мәселен мұндай өнiмдерге дүкеннiң сөрелерiнен тiкелей қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн тәсiлмен сатуға тыйым салуды;
      (d) кәмпиттердi, тiскебасарларды, ойыншықтарды немесе өзге де заттарды кәмелетке толмағандардың көңiлiн аударатын темекi өнiмдерi түрiнде жасауға және сатуға тыйым салуды; және
      (с) темекi өнiмдерiн сататын өзiнiң заңдық құзырындағы автоматтарға кәмелетке толмағандардың қолы жетпейтiндей және кәмелетке толмағандарға темекi өнiмдерiн сатуды ынталандырмайтындай болатын жағдайды қамтамасыз етудi қамтиды.
      2. Әрбiр Тарап тегiн темекi өнiмдерiнiң халықтың, әсiресе кәмелетке толмағандардың арасында таратуға тыйым салады және тыйым салуға ықпал етедi.
      3. Әрбiр Тарап сигареттiң кәмелетке толмағандарға қолжетiмдi болуын ұлғайтатындай бiр данадан немесе шағын қаптамалармен сатуға тыйым салуға ұмтылады.
      4. Тараптар кәмелетке толмағандарға темекi өнiмдерiн сатуға алдын алу жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн күшейту үшiн, қажет болған жағдайда осы Конвенцияда қамтылған өзге де ережелермен үндестiкте жүзеге асырылуға тиiс екенiн таниды.
      5. Тараптар Конвенцияға қол қойған, бекiткен, қабылдаған не оған қосылған кезде, немесе Тарап кез келген уақытта кейiннен мiндетті күшi бар жазбаша өтiнiштiң көмегiмен өзiнiң заңдық құзырының шегiндегi темекi өнiмдерiн сататын автоматтарды iске қосуға тыйым салуға мiндеттенуiн, немесе тиiстi жағдайларда темекi өнiмдерiн сататын автоматтарға толық тыйым салуды енгiзудi мiндеттенуiн көрсете алады. Осы Баптың негiзiнде жасалған мәлiмдеменi Конвенцияның барлық Тараптарына Депозитарий жолдайды.
      6. Әрбiр Тарап осы Баптың 1-5-тармақтарында қамтылған мiндеттемелердi қамтамасыз ету мақсатында, көтерме және бөлшек сауда жасаушыларға қарсы санкцияларды қоса алғанда, тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк немесе өзге де шаралар қолданады және жүзеге асырады.
      7. Әрбiр Тарап тиiстi жағдайларда iшкi заңнамада, ұлттық заңнамада белгiленген жасқа немесе он сегiз жасқа толмағандарға темекi өнiмдерiн сатуға тыйым салу мақсатында атын шараларды немесе тиiмдi заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк шараларды қолдануы және жүзеге асыруы керек.

  17-бап
Экономикалық өмiршең қызметтiң балама түрлерiн қолдау

      Тараптар басқа Тараптармен, халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен ынтымақтастықта, темекi өндiрумен және өсiрумен айналысатын адамдардың және тиiстi жағдайларда жеке сатушылардың мүддесiнде экономикалық өмiршең басқа баламаларға ықпал етедi.

  Y Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

  18-бап
Қоршаған ортаны қорғау және адамдардың денсаулығы

      Осы Конвенция бойынша Тараптар өз аумағында темекi өсiру мен оны өндiруге қатысты өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау кезiнде қоршаған ортаны қорғау мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты адамдардың денсаулығын сақтау мәселелерiн тиiстi деңгейде ескеруге келiседi.

  YI Бөлім: Жауапкершілікке байланысты мәселелер

  19-бап
Жауапкершiлiк

      1. Темекiге қарсы күрес мақсатында Тараптар қажет кезiнде тиiстi жағдайлардағы өтемақыны қоса алғанда, қылмыстық және азаматтық жауапкершілiк мәселелерiн шешу үшiн заңнамалық шараларды қабылдау немесе қолданыстағы заңнаманы дамыту мүмкiндiгiн қарайды.
      2. Тараптар 21-бапқа сәйкес Тараптардың Конференциялары арқылы бiр-бiрiмен ақпарат алмасу жөнiнде ынтымақтасады, оның iшiнде:
      (а) темекi өнiмдерiн пайдаланудың денсаулыққа келтiретiн және 20.3(а)-бапқа сәйкес темекi түтiнi әсерiнiң салдары жайында ақпарат алмасады; және
      (b)қолданыстағы заңнама мен ережелер, сондай-ақ тиiстi сот практикасы туралы ақпарат алмасады.
      3. Тараптар тиiстi жағдайларда және өзара келiсе отырып, бiр-бiрiне ұлттық заңнама, саясат, құқықтық практика және де осы Конвенцияға сәйкес азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке қатысты iс жүргiзу қимылдарын жүзеге асыруда қолданылып, iске қосылатын атын шарт тетiктерi шеңберiнде көмек бередi.
      4. Конвенция Тараптардың бiр-бiрiнiң сот органдарына қол жеткiзу құқықтарына, мұндай құқықтар бар жерде оларға ешқандай қол сұқпайды немесе шектемейдi.
      5. Тараптардың Конференциясы тиiстi халықаралық форумдарда жүргiзілетiн жұмысты ескере отырып, осы мәселелерге тиiсiнше халықаралық тұрғыдан келу және Тараптарға қолдау көрсету жөнiндегi тиiстi құралдарды қоса алғанда, олардың өтiнiшi бойынша, осы Бапқа сәйкес олардың заңнамалық және өзге де қызметiнде жауапкершілікке қатысты мәселелердi мүмкiндiгiнше ертерек сатысында қарауы мүмкiн.

  ҮІІ Бөлім: Ғылыми-техникалық
ынтымақтастық және ақпарат беру

  20-бап
Ғылыми зерттеулер, эпидқадағалау және ақпарат алмасу

      1. Тараптар темекiге қарсы күрес саласындағы ұлттық зерттеулердi дамыту мен оларға жәрдемдесу және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын үйлестiру жөнiндегi шараларды өңiрлiк әрi ғаламдық деңгейлерде қабылдайды. Бұл мақсатқа қол жеткiзу үшiн Тарап:
      (а) зерттеулер және ғылыми бағалаулар жүргiзуде тiкелей немесе құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдар мен басқа органдар арқылы ынтымақтастыққа бастамашылық жасайды әрi жүзеге асырады және бұл ретте темекi тұтынуды қозғаушы себептерi мен зардаптары және темекi түтiнiнiң әсерiн зерделеуге бағытталған, сондай-ақ балама дақылдарды анықтауға бағытталған зерттеулерге жәрдемдеседi және қолдау көрсетедi; және
      (b) құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдар мен басқа органдардың қолдауымен ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, темекiге қарсы күрес жөнiндегi қызметпен айналысатындардың барлығын даярлау және қолдау көрсетудi, жүзеге асыруды және бағалауды дамытады әрi нығайтады.
      2. Тараптар тиiстi жағдайларда темекi тұтынудың зардаптары мен темекi түтiнi әсерiнiң ауқымын, құрылымдарын, қозғаушы себептерiн ұлттық, өңiрлiк және ғаламдық эпидқадағалау бағдарламаларын жасайды. Осы мақсатта Тараптар темекiнi эпидқадағалау бағдарламасын өңiрлiк және халықаралық деңгейлердегi деректердiң салыстырмалылығы мен талдаудың мүмкiндiгiн тиiстi жағдайларда қамтамасыз ету үшiн денсаулық жай-күйiн эпидқадағалаудың ұлттық, өңiрлiк және ғаламдық бағдарламаларына енгiзедi.
      3. Тараптар халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдар мен басқа да органдар тарапынан қаржылық және техникалық көмектiң маңызын таниды. Әрбiр Тарап:
      (а) темекi тұтынуды эпидемиологиялық қадағалаудың ұлттық жүйесiн және тиiстi әлеуметтiк және экономикалық көрсеткiштердi және денсаулық көрсеткiштерiн кезең-кезеңiмен жасауға;
      (b) темекiнi өңiрлiк және ғаламдық эпидқадағалауда және осы Баптың 3(а)-тармағында көрсетiлген көрсеткiштер туралы ақпарат алмасуда үкiметтiк және бейүкiметтiк ұйымдарды қоса алғанда, құзыретті халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен және басқа да органдармен ынтымақтасуға;
      (с) темекiге байланысты эпидқадағалау деректерiн жинау, талдау және таратуды айқындауға арналған жалпы басшылық қағидаттарды немесе рәсiмдердi әзiрлеуде Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтасуға ұмтылады.
      4. Тараптар өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес ашық ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық, коммерциялық және заңдық ақпаратпен, сондай-ақ осы Конвенцияға қатысы бар темекi өнеркәсiбi мен темекi өсiру практикасына қатысты ақпарат алмасуға жәрдемдеседi және оны жеңiлдетедi, бұл ретте дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптардың айрықша қажеттiлiктерiн ескередi және қарайды. Әрбiр Тарап:
      (а) құрамында темекiге қарсы күрестi регламенттейтiн заңдар мен ережелер бар жаңартылған дерекқорды және тиiстi жағдайларда олардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тиiстi сот практикасы туралы ақпаратты кезең-кезеңiмен жасау әрi қолдау мен темекiге қарсы күрес саласындағы бағдарламаларды өңiрлiк және ғаламдық деңгейлерде әзiрлеуде ынтымақтасуға;
      (b) осы Баптың 3(а)-тармағына сәйкес эпидқадағалаудың ұлттық бағдарламаларынан алынған жаңартылған дерекқорын кезең-кезеңiмен жасауға және қолдауға;
      (с) құзыреттi халықаралық ұйымдармен темекi өндiру және темекi өнiмдерiн дайындау туралы, сондай-ақ осы Конвенцияға немесе темекiге қарсы күрес жөнiндегi ұлттық қызметке ықпал ететiн темекi өнеркәсiбi қызметi туралы ақпаратты тұрақты жинау және тарату үшiн ғаламдық жүйенi кезең-кезеңмен жасау және қолдау мақсатында ынтымақтасуға ұмтылады.
      5. Тараптар өңiрлiк және халықаралық үкiметаралық ұйымдардың және қаржы мекемелердiң, сондай-ақ өздерi мүшелерi болып табылатын дамыту мәселелерiмен айналысатын мекемелер шеңберiнде, дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға олардың зерттеулер, эпидқадағалау және ақпарат алмасу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауда көмек көрсету үшiн Хатшылыққа жәрдемдесу әрi техникалық және қаржы ресурстарын берудi көтермелеу мақсатында ынтымақтасуы керек.

  21-бап
Есептiлiк және ақпарат алмасу

      1. Әрбiр Тарап Хатшылық арқылы Тараптар Конференциясына өзiнiң Конвенцияны орындағаны туралы мерзiмдiк баяндамаларын ұсынады, онда мыналар қамтылады:
      (а) Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған заңнамалық, атқарушылық, әкiмшiлiк немесе өзге де шаралар туралы ақпарат;
      (b) тиiстi жағдайларда Конвенцияны жүзеге асыруда кездескен кез-келген кедергiлер мен тосқауылдар туралы және осы тосқауылдарды жою үшiн қабылданған шаралар туралы ақпарат;
      (с) темекiге қарсы күрес жөнiндегi қызмет үшiн берілген немесе алынған қаржылық және техникалық көмек туралы тиiстi жағдайларда ақпарат;
      (д) 20-бапта көрсетiлгендей, эпидқадағалау және зерттеулер туралы ақпарат; және
      (e) 6.3, 13.2, 13.3, 13.4(4), 15.5 және 19.2-баптарда көрсетiлген ақпарат.
      2. Мұндай баяндамаларды барлық Тараптардың ұсынуының жиiлiгi мен нысанын Тараптардың Конференциясы айқындайды. Әрбiр Тарап аталған Тарап үшiн Конвенция күшiне енгеннен кейiн екi жыл iшiнде өзiнiң бастапқы баяндамасын дайындайды.
      3. Тараптар Конференциясы 22 және 26-баптарға сәйкес дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға, олардың өтiнiшi бойынша, осы Баптағы олардың өз мiндеттемелерiн орындауда көмек көрсету жөнiндегi шараларды қарайды.
      4. Осы Конвенция бойынша баяндамалар ұсыну және ақпарат алмасу жеке өмiрiнiң құпиялылығын және қол сұғылмауын қамтамасыз ету тұрғысындағы ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Тараптар өзара келiсiм бойынша алмасатын кез-келген құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етедi.

  22-бап
Ғылыми-техникалық және заң салаларындағы
ынтымақтастық және тиiстi тәжiрибенi ұсыну

      1. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелi экономикасы бар Тараптардың қажеттiлiктерiн ескере отырып, осы Конвенциядан туындайтын мiндеттемелердi орындау жөнiндегi өзiнiң әлеуетiн нығайту мақсатында тiкелей немесе құзыреттi халықаралық органдар арқылы ынтымақтасады. Мұндай ынтымақтастықтың темекiге қарсы күрес саласындағы ұлттық стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеу және нығайту үшiн өзара келiсiм бойынша ғылыми-техникалық және заңдық тәжiрибенi және технологияны беруге жәрдемдесу, атап айтқанда, мыналарға бағытталған мақсаты болады:
      (а) темекiге қарсы күреске байланысты технологияларды, бiлiмдi, дағдыны, әлеуеттi және тәжiрибенi әзiрлеуге, беруге және алуға жәрдемдесуге;
      (b) Мыналар:
      (i) тиiстi өтiнiш бойынша тұғырлы заңнамалық негiздi, сондай-ақ темекiнi тұтынуды бастаудың алдын алу, оны тұтынуды тоқтатуға және темекi түтiнiнiң әсерiнен қорғауға жәрдемдесу жөнiндегi бағдарламаларды қоса алғанда, техникалық бағдарламаларды жасауда көмек көрсету;
      (іі) темекi секторында жұмыс iстейтiн адамдарға тиiстi жағдайларда экономикалық тұрғыдан өмiршең құралдарды қамтамасыз етудiң тиiстi экономикалық және заңдық тұрғыдан өмiршең балама тәсiлдерiн әзiрлеуде көмек көрсету;
      (ііі) темекi өсiрумен айналысатын адамдарға тиiстi жағдайларда ауыл шаруашылығы өндiрiсiн экономикалық тұрғыдан өмiршең балама дақылдарға ауыстыруға көмек көрсету арқылы Конвенцияны жүзеге асыруға бағытталған темекiге қарсы күрес саласындағы ұлттық стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламаларды жасау әрi нығайту үшiн ғылыми-техникалық, заңдық және өзге де тәжiрибелердi ұсыну;
      (с) 12-бапқа сәйкес тиiстi қызметкердi даярлаудың тиiстi бағдарламаларын қолдау немесе ақпараттануын арттыру;
      (d) тиiстi жағдайларда темекiге қарсы күрес саласындағы стратегиялар, жоспарлар мен бағдарламалар үшiн қажеттi материалдарды, жабдықты беру және материалдық-техникалық қолдау көрсету;
      (е) никотинге тәуелдiлiктi жан-жақты емдеудi қоса алғанда, темекiге қарсы күрестiң әдiстерiн айқындау;
      (f) никотинге тәуелдiлiктi жан-жақты емдеудiң қол жетiмдiлiгiн арттыру мақсатында тиiстi жағдайларда ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу.
      2. Тараптар Конференциясы ғылыми-техникалық және заң тәжiрибесi мен технологияны беруде жәрдемдеседi және осылай берудi 26-бапқа сәйкес көрсетiлетiн қаржылай қолдау кезiнде жеңiлдетедi.

  YIІІ Бөлім: Ұйымдастыру шаралары және қаржы ресурстары

  23-бап
Тараптар Конференциясы

      1. Тараптар Конференциясы осымен бекiтiледi. Конференцияның бiрiншi сессиясын Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырады. Конференция өзiнiң бiрiншi сессиясында келесi кезектi сессиялардың өтетiн орны мен уақытын белгiлейдi.
      2. Тараптар Конференциясының кезектен тыс сессиялары Конференция қажет деп тапқан немесе бұл талап туралы ақпаратты Конвенцияның Хатшылығы оларға берiлген сәтiнен бастап алты ай iшiнде Тараптардың кемiнде үштен бiрi қолдайтын жағдайда кез келген Тараптың жазбаша талабы бойынша басқа мерзiмдерде өткiзiледi.
      3. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi сессиясында өзара келiсiммен рәсiмiнiң Ережесiн қабылдайды.
      4. Тараптар Конференциясы өзара келiсiммен өзiнiң ережелерiн, сондай-ақ ол құра алатын кез-келген қосалқы органдарды қаржыландыруды регламенттейтiн ережелердi, сондай-ақ Хатшылықтың жұмысын регламенттейтiн қаржы ережелерiн қабылдайды. Ол әрбiр кезектi сессияда келесi кезектi сессияға дейiнгi қаржылық кезеңге арналған бюджеттi бекiтедi.
      5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның жүзеге асырылуын тұрақты қарайды әрі оны тиiмдi жүзеге асыруға жәрдемдесу үшiн қажеттi шешiмдердi қабылдайды және 28, 29 және 33-баптарға сәйкес Конвенцияға хаттамаларды, қосымшалар мен түзетулердi қабылдай алады. Ол осы мақсатта:
      (а) 20 және 21-баптарға сәйкес ақпарат алмасуға жәрдемдеседi және жеңiлдетедi;
      (b) осы Конвенцияны жүзеге асыруға қатысты, 20-бапта көзделгендердi толықтыруға ғылыми зерттеулердi салыстырмалы әдiснамаларын әзiрлеуге және деректер жинағын мерзiмдiк жетiлдiруге жәрдемдеседi және жiбередi;
      (с) стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламаларды, сондай-ақ саясатты, заңнаманы және басқа да шараларды әзiрлеуге, жүзеге асыруға және бағалауға тиiстi жағдайларда жәрдемдеседi;
      (d) осы Конвенцияның 21-бабына сәйкес Тараптар ұсынған баяндамаларды қарайды және Конвенцияның жүзеге асырылуы туралы тұрақты баяндамаларды бекiтедi;
      (e) 26-бапқа сәйкес осы Конвенцияны жүзеге асыруға арналған қаржы ресурстарын жұмылдыруға жәрдемдеседi және ықпал етедi;
      (f) осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажетті қосалқы органдарды бекiтедi;
      (g) тиiстi жағдайларда құзыреттi және тиiстi ұйымдардың әрi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесi органдарынан және басқа халықаралық әрi өңiрлiк үкiметаралық ұйымдар мен бейүкiметтiк ұйымдардың және органдардың Конвенцияны жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды нығайту құралы ретiнде қызмет көрсету және ынтымақтасу, сондай-ақ ақпарат ұсыну туралы өтiнiш жасайды; және
      (һ) тиiстi жағдайларда осы Конвенцияның мақсатына қол жеткiзу үшiн оны жүзеге асыру процесiнде жинақталған тәжiрибе аясында басқа да iс-қимылдарды қарайды.
      6. Тараптар Конференциясы оның жұмысына бақылаушылардың қатысу өлшемдерiн белгiлейдi.

  24-бап
Хатшылық

      1. Тараптар Конференциясы тұрақты хатшылық тағайындайды және оның жұмыс iстеу жағдайларын қамтамасыз етедi. Тараптардың Конференциясы мұны өзiнiң бiрiншi сессиясында орындауға ұмтылады.
      2. Тұрақты хатшылықты тағайындалған және бекiтiлген сәтке дейiн хатшылықтың функциясын осы Конвенцияға сәйкес Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы қамтамасыз етедi.
      3. Хатшылықтың функциялары:
      (а) Тараптар Конференциясының және кез келген қосалқы органдардың сессияларын ұйымдастыру мен оларды қажетті қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету;
      (b) осы Конвенцияға сәйкес өздерi алған баяндамаларды беру;
      (с) Тараптарға, әсiресе, дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға олардың сұрауы бойынша осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес талап етiлетiн ақпаратты жинау мен беруге көмек көрсету;
      (d) Тараптар Конференциясының басшылығымен Конвенцияға сәйкес өзiнiң қызметi туралы баяндамалар дайындау және оларды Тараптар Конференциясына ұсыну;
      (е) Тараптар Конференциясының басшылығымен құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен және басқа да органдармен қажеттi үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      (f) Тараптар Конференциясының басшылығымен оның функцияларын тиiмдi жүзеге асыру үшiн талап етiлyi мүмкiн мұндай әкiмшілік немесе келiсiмшарттар жасасу;
      (g) Конвенцияда және оның кез-келген хаттамаларында көрсетiлген басқа да хатшылық функцияларын, сондай-ақ Тараптар Конференциясы айқындауы мүмкiн осындай басқа да функцияларды орындау болып табылады.

  25-бап
Тараптар Конференциясы мен үкіметаралық
ұйымдардың арасындағы қарым-қатынас

      Осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзуде техникалық және қаржылық ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн Тараптар Конференциясы, қаржы мекемелерiн және даму мәселелерiмен айналысатын мекемелердi қоса алғанда, құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдарға ынтымақтастық туралы өтiнiш жасай алады.

  26-бап
Қаржы ресурстары

      1. Тараптар осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзуде қаржы ресурстарының маңызды рөл атқаратынын таниды.
      2. Әрбiр Тарап өзiнiң ұлттық жоспарларына, басымдықтары мен бағдарламаларына сәйкес осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған, өзiнiң ұлттық қызметiне қатысты қаржылай қолдауды қамтамасыз етедi.
      3. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптардың темекiге қарсы күрестiң көп салалы жан-жақты бағдарламаларын әзiрлеудi және нығайтуды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн тиiсті жағдайларда екiжақты, өңiрлiк, қосалқы өңiрлiк және басқа да көпжақты арналарды пайдалануға жәрдемдеседi. Тиiсiнше, ұлттық деңгейде әзiрленетiн тұрлаулы даму стратегияларының аясында дақылдарды әртараптандыруды қоса алғанда, темекi өндiрiсiнiң экономикалық өмiршең баламаларын қарау және қолдау керек.
      4. Тиiстi өңiрлiк және халықаралық үкiметаралық ұйымдарда, сондай-ақ қаржы мекемелерiнде және даму мәселелерiмен айналысатын мекемелерде өкiлдiк ететiн Тараптар, дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға бұл ұйымдарда қатысу құқығын шектемей, олардың осы Конвенция бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға көмек көрсету мақсатында осы ұйымдар мен мекемелердiң қаржылай қолдаумен қамтамасыз етуiн көтермелейдi.
      5. Тараптар мыналарға келiседi.
      (а) Тараптарға осы Конвенция бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға көмек көрсету үшiн барлық Тараптардың, әсiресе, дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптардың игiлiгi үшiн барлық тиiстi ықтимал және қолда бар қаржылай, техникалық немесе темекiге қарсы күрес жөнiндегi іс-шаралар үшiн қолжетiмдi өзге де мемлекеттiк және жекеше ресурстарды жұмылдыру әрi пайдалану керек.
      (b) Хатшылық дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға, олардың өтiнiшi бойынша, осы Конвенциядағы олардың өз мiндеттемелерiн орындауын жеңiлдету үшiн қаржыландырудың қолда бар көздерi туралы кеңес бередi.
      (с) Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi сессиясында Хатшылық жүргiзген зерттеулердiң және басқа да тиiстi ақпараттың негiзiнде қолда бар және ықтимал көздер мен тетiктерге шолу жүргiзедi және олардың сәйкестiгiн қарайды.
      (d) бұл шолудың нәтижелерiн Тараптар Конференциясы қолда бар тетiктердi нығайту немесе қажет кезiнде қосымша қаржы ресурстарын дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға жiберу үшiн осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзуде оларға көмек көрсету үшiн ерiктi ғаламдық қорды құрудың не өзге де тиісті қаржы тетiктерiн жасаудың қажеттiлiгiн айқындау кезiнде ескеретiн болады.

  IX Бөлім: Дауларды реттеу

  27-бап
Дауларды реттеу

      1. Екi не одан да көп Тараптардың арасында осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты дау туындаған жағдайда тиiстi Тараптар қайырымдылық қызметтердi, делдалдықты немесе татуласуды қоса алғанда, келiссөздер немесе олардың таңдауымен кез келген басқа бейбiт жолдар арқылы дипломатиялық арналар бойынша дауды реттеуге ұмтылады.
      2. Осы Конвенцияны бекiту, қабылдау, негiздеу не ресми мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде не бұдан кейiн кез келген уақытта мемлекет немесе экономикалық ықпалдастық өңiрлiк ұйымы Депозитарийге осы Баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуi мүмкiн емес дауға қатысты өзара келiсiм негiзiнде Тараптар Конференциясының қабылдауына жататын рәсiмдерге сәйкес арнайы төрелiк жасауға өздерiнiң мәжбүрлi шара ретiнде келiсетiн жазбаша мәлiмдей алады.
      3. Осы Баптың ережелерi, егер онда өзгеше көзделмесе, осы хаттаманың тараптар арасындағы дауға қолданылатын кез-келген хаттамасына қатысты қолданылады.

  X Бөлім: Конвенцияны одан әрі әзірлеу

  28-бап
Конвенцияға түзетулер

      1. Кез келген Тарап осы Конвенцияға түзетулер ұсына алады. Мұндай түзетулердi Тараптар Конференциясы қарайтын болады.
      2. Конвенцияға түзетулердi Тараптар Конференциясы қарайды. Конвенцияға ұсынылатын кез келген түзетудiң мәтiнi оны қабылдау үшiн ол ұсынылатын сессияға дейiн кемiнде алты ай бұрын Хатшылық Тараптарға алдын ала жөнелтедi. Хатшылық ұсынылатын түзетулердiң мәтiнiн Конвенцияға қол қойған Тараптарға және ақпарат үшiн - Депозитарийге де жолдайды.
      3. Тараптар өзара келiсiм негiзiнде осы Конвенцияға ұсынылатын кез келген түзетулер бойынша келiсiмге қол жеткiзу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды. Егер өзара келiсiмге қол жеткiзудегi барлық күш-жiгер жұмсалып, ал келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда соңғы шара ретiнде түзету отырысқа қатысушы және дауыс беруге қатысушы Тараптардың төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Осы Баптың мақсаттары үшiн отырысқа қатысушы және дауыс беруге қатысушы Тараптар деп отырысқа қатысушы және "иә" немесе "жоқ" деп дауыс берушi Тараптар түсiніледi.
      4. Түзетулердi қабылдау туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады. Осы Баптың 3-тармағына сәйкес қабылданған түзету оны қабылдаған Тараптар үшiн осы Конвенцияны кем дегенде үш Тарап қабылдау туралы құжатты Депозитарий алған күнiнен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      5. Түзету кез келген басқа Тарап үшiн осы Тараптың аталған түзетудi қабылдағаны туралы өз құжатын Депозитарийге сақтауға берген күнiнен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

  29-бап
Конвенцияға қосымшаларды қабылдау және
оған түзетулер енгiзу

      1. Осы Конвенцияға қосымшалар мен оларға түзетулер 28-бапта белгiленген рәсiмге сәйкес ұсынылады, қабылданады және күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияға қосымшалар оның ажырамас бөлiгiн құрайды және егер онда тiкелей өзгеше көзделмесе, Конвенцияға сiлтеме сонымен қатар оның кез келген қосымшасына сiлтеме болып табылады.
      3. Қосымшалар тiзiмдермен, нысандармен және рәсiмдiк, ғылыми, техникалық және әкiмшілiк мәселелерге қатысты өзге де сипаттамалық материалдармен шектеледi.

  XI Бөлім: Қорытынды ережелер

  30-бап
Ескертпелер

      Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелер жасауға болмайды.

  31-бап
Шығу

      1. Қандай да бiр Тарап үшiн осы Конвенция күшiне енген күнiнен екi жыл өткеннен кейiн кез келген уақытта бұл Тараптың Депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, Конвенциядан шығуына болады.
      2. Кез келген осындай шығу Депозитарийдiң шығуы туралы хабарлама алған күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн немесе шығу туралы хабарламада көрсетілуi мүмкiн неғұрлым кешiрек уақытта күшiне енедi.
      3. Осы Конвенциядан шығатын кез келген Тарап, ол Тарапы болып табылатын кез келген хаттамадан да шыққан болып саналады.

  32-бап
Дауыс беру құқығы

      1. Осы Конвенцияның әрбiр Тарапы осы Баптың 2-тармағында көзделген жағдайдан басқа бiр дауысқа ие болады.
      2. Өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдары өздерiнiң құзыретiне енетiн мәселелерде осы Конвенция Тараптарының мүше-мемлекеттерiнiң санына тең дауыстарға ие бола отырып, өзiнiң дауыс беру құқығын пайдаланады. Мұндай ұйым, егер оның мүшесi болып табылатын қандай да бiр мемлекет өз құқығын пайдаланса және керiсiнше пайдаланбаса, өзiнiң дауыс беру құқығын пайдаланбайды.

  33-бап
Хаттамалар

      1. Кез келген Тарап хаттамалар ұсына алады. Мұндай ұсыныстарды Тараптардың Конференциясы қарайды.
      2. Тараптардың Конференциясы Конвенцияға хаттамаларды қабылдауы мүмкiн. Ол хаттамаларды қабылдау кезiнде өзара келiсiмге қол жеткiзу үшiн барлық күш-жiгер жұмсалады. Егер өзара келiсiмге қол жеткiзуге күш-жiгер жұмсалып, ал келiсiмге қол жеткiзiлмесе, соңғы шара ретiнде хаттама отырысқа қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптардың төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Осы баптың мақсаттары үшiн, отырысқа қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптар деп отырысқа қатысқан және "иә" немесе "жоқ" дауыс берген Тараптар түсiнiледi.
      3. Ұсынылған хаттаманың кез келген мәтiнiн Хатшылық Тараптарға оны қабылдауға ұсынатын сессияға дейiн кемiнде алты айдан кешiктiрмей жолдайды.
      4. Хаттаманың Тараптары осы Конвенцияның Тараптары ғана болуы мүмкiн.
      5. Осы Конвенцияға кез келген хаттама тиiстi хаттаманың тараптары үшiн ғана мiндеттi болып табылады. Қандай да бiр хаттамаға ғана қатысты мәселелер жөнiндегi шешімдi осы хаттаманың тараптары ғана қабылдайды.
      6. Кез келген хаттаманың күшiне ену шарттары осы хаттамамен белгіленедi.

  34-бап
Қол қою

      Осы Конвенция Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымына мүше барлық мемлекеттер мен Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мүшесi болып табылмайтын, бiрақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелерi болып табылатын кез келген мемлекет және Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының Женевадағы штаб-пәтерiнде 2003 жылғы 16-22 маусым аралығында, кейiннен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегi штаб-пәтерiнде 2003 жылғы 30 маусым - 2004 жылғы 29 маусым аралығында өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдарының қол қоюы үшiн ашық болады.

  35-бап
Бекiту, қабылдау, негiздеу, ресми мақұлдау немесе қосылу

      1. Осы Конвенцияны мемлекеттер бекiтуге, қабылдауға, негiздеуге немесе қосылуға, сондай-ақ өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдары ресми мақұлдауға немесе оған қосылуға тиiс. Ол Конвенцияға қол қою жабылатын күнiнен кейiнгi күнiнде қосылу үшiн ашылады. Бекіту, қабылдау, негiздеу, ресми мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтау үшiн тапсырылады.
      2. Осы Конвенцияның Тарапы болатын кез келген өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымы оған мүше-мемлекеттiң бiрде бiрi Тарап болып табылмайтын жағдайда Конвенция бойынша барлық мiндеттердi алады. Осындай ұйымдарға мүше-мемлекеттердiң бipeуi немесе бiрнешеуi Конвенцияның Тарапы болған жағдайда, бұл ұйым мен оның мүшелерi болып табылатын мемлекеттер Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындау жөнiндегi олардың тиiстi мiндеттерiне қатысты шешiм қабылдайды. Мұндай жағдайларда ұйымдар мен мүше-мемлекеттер Конвенциядан туындайтын құқықтарды олармен қатар жүзеге асыра алмайды.
      3. Өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдары өздерiнiң ресми мақұлдау туралы құжаттарында немесе өздерiнiң қосылу туралы құжаттарында осы Конвенциямен реттелетiн мәселелердегi өз құзыретiнiң шегi туралы өтiнiш жасайды. Бұл ұйымдар Депозитарийдi де хабардар етедi, ол өз кезегiнде олардың құзыретi шегiнiң кез келген елеулi өзгерiсi туралы хабардар етедi.

  36-бап
Күшiне ену

      1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, негiздеу, ресми мақұлдау немесе қосылу туралы қырқыншы құжатты Депозитарийге сақтауға тапсырған күнiнен кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын, негiздейтiн немесе Күшiне ену туралы осы Баптың 1-тармағында жазылған шарттар орындалғаннан кейiн оған қосылатын әрбiр мемлекет үшiн Конвенция оның бекiту, қабылдау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған уақыттан кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      3. Күшiне ену туралы осы баптың 1-тармағында жазылған шарттар орындалғаннан кейiн ресми мақұлдау туралы құжатты немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған әрбiр өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымы үшiн осы Конвенция оның ресми мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты тапсырған уақыттан кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      4. Осы Баптың мақсаттары үшiн өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымы сақтауға тапсырған кез келген құжат осы ұйымға мүше-мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша деп саналмайды.

  37-бап
Депозитарий

      Осы Конвенцияның және оған түзетулердiң, сондай-ақ 28, 29 және 33-баптарға сәйкес қабылданған хаттамалар мен қосымшалардың Депозитарийi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болып табылады.

  38-бап
Мәтiннiң дәлме-дәлдiгi

      Осы Конвенцияның ағылшын, apaб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiндегi түпнұсқасы дәлме-дәл сәйкес болып табылады, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

      Оны куәландыруға оған тиiсiнше уәкiлеттi, төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

      Екi мың үшiншi жылғы жиырма бiрiншi мамырда Женевада жасалды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады