1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 1439 Жарлығы.


      "Актілер жинағында",

      республикалық және жергілікті

      баспасөзде жариялануға тиіс

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы құрметiне, соғыс ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерiнiң ерлiгiн, қаhармандығы мен қайсарлылығын терең құрмет тұта отырып,

      Қаулы етемін:

      1. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалi тағайындалсын.

      2. Қоса берiліп отырған:

      1) "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалi туралы ереже;

      2) "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.

      3. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалiмен Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, тыл еңбеккерлерi және осы медаль туралы ережеге сәйкес өзге де адамдар наградталсын.

      4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президентi



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1439 Жарлығымен
Бекітілген

"1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы
Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалi туралы epeжe

      1. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелік медалiмен (бұдан әрi - мерекелiк медаль):

      Ұлы Отан соғысы майдандарында КСРО Қарулы Күштерi қатарында ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер мен ерiктi құрамдағы адамдар, Ұлы Отан соғысы кезiнде уақытша басып алынған КСРО аумақтарында iс-қимыл жүргiзген партизандар мен астыртын ұйымдар мүшелерi, Ұлы Отан соғысы кезiнде КСРО Қарулы Күштерiнде қызмет еткен әскери қызметшілер мен ерiктi құрамдағы адамдар, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн", "Жапонияны жеңгенi үшiн" медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшін" медалiнiң куәлiгi не соғысқа қатысушының куәлігі бар адамдар;

      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегi үшін КCPO ордендерiмен, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегi үшiн", "Еңбектегi ерлiгі үшiн", "Еңбекте үздiк шыққаны үшiн", "Ленинградты қорғағаны үшiн", "Москваны қорғағаны үшiн", "Одессаны қорғағаны үшiн", "Севастопольды қорғағаны үшiн", "Сталинградты қорғағаны үшiн", "Киевтi қорғағаны үшiн", "Кавказды қорғағаны үшін", "Кeңестiк Заполярьенi қорғағаны үшін" медальдарымен наградталған тыл еңбеккерлерi, сондай-ақ "Құрсаудағы Ленинград тұрғынына" белгiсi не "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшін" медалiнiң куәлігі бар адамдар;

      уақытша дұшпан басып алған аумақтарда жұмыс iстеген кезеңдi қоспағанда, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген адамдар;

      концлагерлердiң, геттолардың және екiншi дүниежүзілік соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған басқа да ерiксiз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары наградталады.

      2. Мерекелік медальмен наградталатын азаматтардың тiзiмiн жасау және бекiту мынадай тәртiппен жүргізiледi:

      N 1 нысан бойынша (қоса берiліп отыр) осы ереженiң 1-тармағында аталғандар iшiнен мына азаматтарға:

      Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң , Ішкі iстер министрлігінiң , Қорғаныс министрлігінiң , Республикалық ұланның, Президенттің Күзет қызметiнiң орталық аппараттары осы органдарда есепте тұратын адамдарға;

      жергіліктi атқарушы органдар - адамдарға тұрғылықты жерi бойынша тiзiм жасайды.

      Тiзiмдердi жасауға жауапты лауазымды адамдар оларға қол қояды және орталық мемлекеттiк және жергіліктi атқарушы органдар басшылары бекiтедi.

      Тiзiмдердiң дұрыс жасалуы үшiн жауаптылық осы органдар басшыларына жүктеледi.

      3. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалiн тапсыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан және оның тапсырмасы бойынша жүргізiледi. Медаль, әдетте, наградталушының тiзiмге енгізiлген жерi бойынша тапсырылады.

      Наградталған адамға медальмен қоса белгiленген үлгідегi куәлiк табыс етiледi.

      4. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалi сол жақ омырауға тағылады және "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 50 жыл" медалiнен кейiн орналасады.

      5. Мерекелiк медальдiң табыс етiлгендiгі жөнiнде наградтау тiзiмiне тиiсті жазу жазылады.

      Табыс етілмеген медальдар мен олардың куәлiктерi қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Орден қоймасына қайтарылады, бұл жөнiнде тiзiмдерде тиiстi белгі қойылады.

      Мерекелік медальдарды тапсыру аяқталғаннан кейiн наградталғандар тiзiмдерi белгіленген тәртiппен тұрақты сақталуға тиiс.

      Орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдар мерекелік медальдiң табыс етiлгендігі туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасына 2005 жылдың 1 шiлдесiне N 2 нысан бойынша (қоса берiліп отыр) жiбередi.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1439 Жарлығымен
Бекітілген

"1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл"
мерекелiк медалiнiң сипаттамасы

      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалi жезден дайындалады, диаметрi 32 мм шеңбер нысанында болады. Медальдiң бет жағында, жоғарыда "Жеңiс" орденiнiң бейнесi, төменде - "1945-2005" цифрлары орналасқан.

      Медальдiң сырт жағында, ортада "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" деген жазу, айнала лавр бұтақтары орналасқан. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген. Медальдағы барлық бейнелер, жазулар мен цифрлар бедерлi.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы қызыл түсті қатқыл жiбек лентамен тысталған бес бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның енi 24 мм. Лентаның шеттерiн бойлай үш қара және екi қызғылт сары түсті, әрқайсысының енi 1 мм. бес жолақ жүргiзiлген. Шеткi қара жолақтары енi 0,5 мм. қызғылт сары жолақтармен жиектелген.

      Медаль киiмге түйреуiш арқылы бекiтiледi.

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 14 қыркүйектегi
N 1439 Жарлығымен бекiтiлген
"1941-1945 жж. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңiске
60 жыл" мерекелiк медалi
туралы ережеге
Қосымша
N 1 нысан
Бекітемін

      _______________________

      (мемлекеттік органның

      басшысы, қолы, мөрi)

      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске

      60 жыл" мерекелiк медалiмен наградтау үшiн

      _________________________________ бойынша

      (мемлекеттік органның атауы)

      Тізімі

      __________________________________________________________________

      N | Аты-жөні | Үйінің | Тiзiмге енгiзу | Медальдi тапсыру

      р/с| | мекенжайы | үшін негіз | датасы

      __________________________________________________________________

      1 2 3 4 5

      __________________________________________________________________

      Тiзiмнiң жасалуына жауапты

      адамның аты-жөні, лауазымы

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 14 қыркүйектегi
N 1439 Жарлығымен бекiтiлген
"1941-1945 жж. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңiске
60 жыл" мерекелiк медалi
туралы ережеге
Қосымша
N 2 нысан

      "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы

      Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медальдарының

      тапсырылғандығы туралы

      ______________________________________ бойынша

      (мемлекеттік органның атауы)

      Есебі

      __________________________________________________________________

      Наградтау тiзiмiне | Табыс етiлген медальдар |Қайтарылғаны|Қалғаны

      енгізiлгендердiң |мен олардың куәлiктерінің| |

      барлығы | барлығы | |

      __________________________________________________________________

      1 2 3 4

      __________________________________________________________________

      Мемлекеттік органның басшысы

      (қолы, мөрi)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады