Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі етіп қайта құру жолымен Чех Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті