Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 162 Жарлығымен.
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтіні бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 7 сәуірдегі
N 1547 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әділет органдары
қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы
құрамдағы адамдарының
анты
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кіре отырып:
Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық және әділдік қағидаттарын ұстануға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеуге;
өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі кәсіби шеберлікпен атқаруға, Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің абыройын қастерлеуге;
мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға серт беріп, салтанатты түрде ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болуға дайынмын.
20 жылғы __________ _______________
(қолы)