Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегі N 371 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 тамыздағы N 1629 Жарлығы

      "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының  5-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 371  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 186-құжат; 2004 ж., N 21, 263-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген мемлекеттік органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiнде:
      "Жалпы ережелер" деген бөлiмде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнің Басшысына "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11,    12,   13,   14-баптарында  айқындалған барлық мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнiнде өкілеттік берiледi.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң Кеңсесi өзара келiсуден кейiн өздерiнiң құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбелерін бекітеді.";

      1-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттіктiң төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшiншi абзацта "Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегi агенттіктiң төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын;
      жиырмасыншы, жиырма бiрiншi абзацтарда "Көлiк және коммуникациялар министрi" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-бағанның 18) тармақшасында "шекара әскерлерi қызметiнiң негiзгi түрлерiн" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің негiзгi қызмет түрлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкiмшілiгiнiң Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттіктің төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма тоғызыншы абзацта "Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегi агенттіктiң төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бағанда:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноттары мен монеттерін шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер оларды ауыстыру шешiм қабылданған күннен бастап және осы мәліметтерді оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына берген сәтке дейін банкноттар мен монеттердi (мерейтойлық және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алып тастауға әкеп соқтыратын болса.";
      18) тармақшада "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын," деген сөздер алынып тасталсын, "әдiстерi" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
      30) тармақшаның мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;

      3-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтарда "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бағанның 4) тармақшасында "бекiту" деген сөз алынып тасталсын;

      4-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      он төртiншi абзац ", Қаржы министрi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-бағанда:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Барлау, қарсы барлау қызметiнiң күштерiн, құралдарын, көздерiн, әдiстерiн, жоспарларын, жай-күйiн, ұйымдастырылуын, нәтижелерiн, сондай-aқ қылмыстық процесте қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер ретінде пайдаланылмаған жедел-iздестiру қызметінiң нәтижелерiн ашып көрсететiн мәлiметтер. Барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру туралы деректер, егер олар санамаланған мәлiметтердi ашып көрсететiн болса.";
      8), 9) тармақшаларда "шекара әскерлерінің" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақшада "нақты адамдардың ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелерге қатыстылығын" деген сөздер "ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелердiң күштерiн, құралдарын және әдiстерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мемлекеттiк органдар үш ай мерзiмде өздерiнiң құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тiзбелерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады