Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:
мына:
"Әділет министрлігінің Әділет Әділет Премьер-
орталық аппаратты департа- министрі министрі Министрмен,
менттерінің директорлары, Әкімшілік
Облыстар, Астана және Басшысымен"
Алматы қалалары әділет
департаменттерінің бастық-
тары, Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің
орталық аппараты,
облыстар, Астана және
Алматы қалалары бойынша
басқармаларының
бастықтары, "Сот сарап-
тамасы орталығы"
мемлекеттік мекемесінің
директоры
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әділет министрлігінің Әділет Әділет Премьер-
облыстар, Астана және министрі министрі Министрмен
Алматы қалалары әділет Әкімшілік
департаменттерінің бастық- Басшысымен"
тары, Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің
орталық аппараты,
облыстар, Астана және
Алматы қалалары бойынша
басқармаларының
бастықтары, "Сот сарап-
тамасы орталығы"
мемлекеттік мекемесінің
директоры
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережесінде, 4-тармақтың төртінші абзацындағы "орталық аппараты департаменттерінің бастықтары," деген сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |