Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 маусымдағы N 129 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 155 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.09.30 N 155  Жарлығымен.

"Президент пен Үкімет  
актілерінің жинағында" 
жариялануға тиіс    

  Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының
медальдары туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарындағы қызметтiң беделiн көтеру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының мынадай медальдары тағайындалсын:
      1) "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн";
      2) "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi";
      3) I, II, III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн".

      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарының сипаттамасы мен эскиздері;
      2) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарымен наградтау ережелерi;
      3) Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдарына куәлiктердiң сипаттамасы мен үлгiлерi бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары мен оларға куәлiктердi дайындау жөнiндегi шығыстар заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 5 маусымдағы 
N 129 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

  Қазақстан Республикасы
төтенше жағдайлар органдары медальдарының
СИПАТТАМАСЫ

  "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны
үшiн" медалi

      "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгiсi (қызғылт-сары түстес шеңбер iшiндегi көгілдір үшбұрыш) бейнеленген жер шарының бейінді бейнесi, жер шары пішінінің төменгi жағында - қалықтаған қыран. Жер шарының реңi көгiлдiр эмальмен боялған. Қалықтаған қыран мен жер шарының меридиандары бейнелеріне алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның ортасында енi 3 мм екi қызғылт сары жолақ, олардың ортасында енi 2 мм көгiлдiр жолақ, қызғылт-сары жолақтардың жиектерiнде енi 3 мм ақ жолақтар орналасқан. Лентаның жиектерiнде енi 8 мм көгiлдiр жолақтар бар. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.  

  "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының
ардагерi" медалi

      "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалi жезден жасалады және сары түстес екi қырлы сәулелерi бар сегiз бұрышты дөңес жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (қызғылт-сары түстес шеңбер iшiндегi көгiлдiр үшбұрыш) бейнеленген жер шарының бейінді бейнесi, жер шары пiшiнiнiң төменгi жағында - қалықтаған қыран. Ол бейнелер сақинаның қызыл түсі аясындағы "ҚАЗАҚСТАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРI" деген жазумен көмкерiлген. Жер шары мен қалықтаған қыранның реңi көгiлдiр эмальмен боялған. Әрiптерге, қалықтаған қыранның пішініне және жер шарының меридиандарына алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" деген жазу орналасқан. Төменгi жағында - "25 жыл" деген жазу.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес.
      Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы медальдiң көлемі - 38 мм.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның ортасында енi 17 мм көгiлдiр жолақ, лентаның оң жиегiнде енi 1 мм үш қара жолақпен кезектескен енi 1 мм төрт қызғылт-сары жолақ орналасады. Лентаның сол жиегiнде арасында енi 2 мм көгiлдiр жолағы бар енi 3 мм және 1 мм екi қызғылт-сары жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.

  I, ІІ, III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы
мiнсiз қызметi үшiн" медалi

      І дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы: қалықтаған қыранның қанаттарының арасында айқасқан өрт сөндiру балталары бар өрт сөндiрушi каскасының бейнесi орналасқан. Эмблемаға алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу орналасқан. Төменгi жағында "20 жыл" деген жазу.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектеледi.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында енi 6 мм ақ жолағы бар енi 5 мм екi қызғылт-сары жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      II дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы: қалықтаған қыранның қанаттарының арасында айқасқан өрт сөндiру балталары бар өрт сөндiрушi каскасының бейнесi орналасқан. Эмблемаға алтын жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "15 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектеледi.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ортаңғысы 2 мм үш қызғылт-сары жолақтармен кезектескен енi 3 мм екi ақ жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызмет органдарының эмблемасы: қалықтаған қыранның қанаттарының арасында айқасқан өрт сөндiру балталары бар өрт сөндiрушi каскасының бейнесi орналасқан. Эмблемаға күмiс жалатылған.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "10 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектеледi.
      Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегiмен жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ал ортаңғыларының енi 1 мм төрт қызғылт-сары жолақпен кезектескен енi 2 мм үш ақ жолақ орналасады. Лентаның енi 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдардың эскиздерi қоса берiлiп отыр.

"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі
Медальдің суретін қағаз мәтінінен қараңыз

"Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері" медалі
Медальдің суретін қағаз мәтінінен қараңыз

І дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі (өртке қарсы қызмет органдарындағы 20 жыл мінсіз қызметі үшін наградтау)
Медальдің суретін қағаз мәтінінен қараңыз

ІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
(өртке қарсы қызмет органдарындағы 15 жыл мінсіз қызметі үшін наградтау)
Медальдің суретін қағаз мәтінінен қараңыз

ІІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі
(өртке қарсы қызмет органдарындағы 10 жыл мінсіз қызметі үшін наградтау)
Медальдің суретін қағаз мәтінінен қараңыз
 

       Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 5 маусымдағы 
N 129 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

  Қазақстан Республикасы
төтенше жағдайлар органдарының медальдарымен наградтау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

  "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк
шыққаны үшiн" медалi

      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалi Қазақтан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалiмен халықты авариялардан, апаттардан, өрттен және дүлей зiлзалалардан қорғау жөнiндегi өз борышын үлгiлi орындаған төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларға белсене қатысқан және осы жағдайда батылдық пен жанқиярлық көрсеткен басқа да адамдар наградталады.
      3. Медальмен наградтау туралы қолдаухаттар беру және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi белгiлейдi.
      4. Медаль тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi, төтенше жағдайлар органдары бөлiмшелерiнiң бастықтары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн" медалi кеуденiң сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағына мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады. 

  "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының
ардагерi" медалi

      1. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалi Қазақтан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалiмен әскери қызметте тұрғандарды қоспағанда, қызметі бойынша жағымды сипатталатын әрі күнтiзбелiк есептеу бойынша 25 және одан да көп жалпы еңбек сiңiрген жылдары бар төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерi наградталады.
      3. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалiмен наградтау туралы қолдаухаттар беру және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi белгiлейдi.
      4. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi, төтенше жағдайлар жөнiндегi жергiлiктi органдардың басшылары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медалi кеуденiң сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағына мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.

  I, ІІ, III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы
мiнсiз қызметi үшiн" медалi

      1. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi Қазақтан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiнің үш дәрежесі болады:
      I дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 20 жыл мiнсiз қызметi үшiн;
      II дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 15 жыл мiнсiз қызметi үшiн;
      III дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 10 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтауға арналған.
      I дәрежелi "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жоғары дәрежелi болып табылады.
      3. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау төменгi дәрежеден жоғарыға қарай дәйектiлiкпен жүргiзiледi. Алдыңғы дәрежедегi медальдi алмағандарды одан жоғарырақ дәрежелi медальмен наградтауға жол берiлмейдi.
      4. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң 10 және одан да көп жыл жалпы еңбек сiңiрген жылдары бар, қызметi бойынша жағымды сипатталатын әрі өзiнiң қызметтiк борышын үлгiлi орындаған өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi наградталады.
      5. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау туралы қолдаухаттар беру және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi белгiлейдi.
      6. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi, өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерiнiң бастықтары жүргiзедi.
      7. Әрбiр наградталған адамға медаль тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      8. "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi дәрежелердiң жоғарылау тәртiбiмен кеуденiң сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағына мемлекеттiк наградалар нышандарынан кейiн орналасады.
 

       Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 5 маусымдағы 
N 129 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

  Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының
медальдарына қоса берiлетiн куәлiктердiң
СИПАТТАМАСЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІ

      Куәлiктер "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн", "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагерi" медальдары үшiн төрт парақты және "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үшiн сегiз парақты мөлшерi 8х11 см көлемдегі кiтапша болып табылады. Куәлiктердiң тысы көгiлдiр түстi бумвинильдi негiздегi қатырма қағаздан жасалған. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы мен жазулар батыңқы түсiрілген алтын түспен жасалған.
      Куәлiктердiң эскиздерi қоса берiлiп отыр.


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Елтаңбаның бейнесі

    К У Ә Л І К


 
 
 
 

        ____________________________
тегі (фамилия)

____________________________
аты (имя)

____________________________
әкесінің аты (отчество)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    1

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
_______жылғы________________ N________ бұйрығымен
 
      "Төтенше жағдайлардың алдын
алуда және жоюда үздік
шыққаны үшін"
медалімен наградталды
 
 
 
          Қазақстан
Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі   2

Приказом Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
N ______
    от_____________________года
 
 
        награжден(а) медалью
"Төтенше жағдайлардың алдын
алуда және жоюда үздік
шыққаны үшін"       3
ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР
ОСОБЫЕ ОТМЕТКИ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                      4


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Елтаңбаның бейнесі

    К У Ә Л І К


 
 
 
 

        ____________________________
тегі (фамилия)

____________________________
аты (имя)

____________________________
әкесінің аты (отчество)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    1

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
_______жылғы________________ N________ бұйрығымен
 
      "Төтенше жағдайлар
органдарының ардагері"
медалімен наградталды
 
 
 
          Қазақстан
Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
      2

Приказом Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
N ______
    от_____________________года
 
 
        награжден(а) медалью
"Төтенше жағдайлар
органдарының ардагері"       3
ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР
ОСОБЫЕ ОТМЕТКИ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                      4


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Елтаңбаның бейнесі

    К У Ә Л І К


 
 
 
 

        ____________________________
тегі (фамилия)

____________________________
аты (имя)

____________________________
әкесінің аты (отчество)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    1

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
_______жылғы________________ N________ бұйрығымен
 
      ІІІ дәрежелі  "Өртке қарсы
қызмет органдарындағы
мінсіз қызметі үшін"
медалімен наградталды
 
 
 
          Қазақстан
Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі   2

Приказом Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
N ______
    от_____________________года
 
 
        награжден(а) медалью
"Өртке қарсы
қызмет органдарындағы
мінсіз қызметі үшін"
ІІІ степени
 
 
              3
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
_______жылғы________________ N________ бұйрығымен
 
      ІІ дәрежелі  "Өртке қарсы
қызмет органдарындағы
мінсіз қызметі үшін"
медалімен наградталды
 
 
 
          Қазақстан
Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
 
 
 
          4

Приказом Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
N ______
    от_____________________года
 
 
        награжден(а) медалью
"Өртке қарсы
қызмет органдарындағы
мінсіз қызметі үшін"
ІІ степени
 
 
              5
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
_______жылғы________________ N________ бұйрығымен
 
      І дәрежелі  "Өртке қарсы
қызмет органдарындағы
мінсіз қызметі үшін"
медалімен наградталды
 
 
 
          Қазақстан
Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
 
 
 
          6

Приказом Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
N ______
    от_____________________года
 
 
        награжден(а) медалью
"Өртке қарсы
қызмет органдарындағы
мінсіз қызметі үшін"
І степени
        7


  ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР
ОСОБЫЕ ОТМЕТКИ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                      8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады