Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 528 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 213 Жарлығы

 Қазақстан Республикасының     
Президент мен Үкімет актілерінің 
жинағында жариялануға тиіс    

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 528  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 599-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Жарғысының 22-тармағында "құрамына" деген сөзден кейін "лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады