Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 238 Жарлығы

 ҚР ПҮАЖ-ында және     
республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс     

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат; 2004 ж., N 15, 183-құжат; 2005 ж., N 21, 247-құжат; 2006 ж., N 20, 195-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның  құрамына :

Тұрсынов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Сағынбек Тоқабайұлы       Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі
                          меңгерушісінің орынбасары, Комиссия
                          төрағасы
болып енгізілсін;

      аталған Комиссияның құрамынан Ж.М.Әбділдин шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады