Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 мамырдағы N 325 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1.   "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 156-құжат; 2000 ж., N 17, 168-құжат; 2003 ж., N 45, 486-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
      8-тармақтағы»"Қазақстан Республикасы Президентінің инвестиция мәселелерін қадағалайтын көмекшісі" деген сөздер»"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кеңестің шетелдік тараптан құрамына байланысты мәселелерді қарау мақсатында Кеңестің шетелдік тараптан құрамын реттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, оның құрамы Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.";

      14-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "жұмыс органы" деген сөздер алып тасталсын;

      1)-7) тармақшалардағы "қатысуын", "беделін", "маңыздылығын", "қызметін", "дайындығын", "қатысуын", "ұсынымдарын ескереді" деген сөздер тиісінше "қатысуы", "беделі", "маңыздылығы", "қызметі", "дайындығы", "қатысуы", "ұсынымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы»"міндеттерін" деген сөзден кейін»"және экологиялық сипаттағы міндеттерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынандай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым салаларындағы халықаралық ұйымның немесе шетелдік компанияның қызметі ескеріледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Өтінімдерді жұмыс органы олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қарайды және олар осы Ереженің 13 және 14-тармақтарында белгіленген өлшемдерді қанағаттандырған жағдайда Комиссияның қарауына шығарылады.";

      5-тарау алып тасталсын;

      6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Кеңестің шетелдік тараптан құрамын реттеу жөніндегі комиссия
      17. Комиссияның негізгі міндеті Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерін тиімді орындауына қолдау көрсету болып табылады.
      18. Комиссия қазақстандық тараптың бес өкілінен және шетелдік тараптың төрт өкілінен тұрады.
      Қазақстандық тараптан Комиссия мүшелері лауазымы бойынша мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы).
      19. Комиссия отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.
      20. Кеңестің шетелдік мүшелерін шығару немесе ауыстыру туралы
мәселені қарау кезінде мыналар назарға алынатын болады:
      1) Кеңестің шетелдік мүшелерінің Кеңестің жалпы отырыстарына жеке қатысуы;
      2) Кеңестің шетелдік мүшелері тұрақты өкілдерінің Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметіне жеке және белсенді түрде қатысуы;
      3) Кеңестің шетелдік мүшелерінің Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтауы;
      4) Кеңестің шетелдік мүшелерінің Қазақстан Республикасы
экономикасының дамуына, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының
экономикасын әртараптандыру жөніндегі шараларды іске асыруға қатысуы.
      21. Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жұмыс органы Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің шетелдік тараптан құрамы бойынша ұсыныстар әзірлейді.";

      22-тармақтағы 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Шетелдік мүшені Кеңестің құрамынан шығару үшін сондай-ақ Комиссияның ұсынымдары негіздеме бола алады";

      23-тармақтың үшінші абзацындағы "басшысы" деген сөзден кейін "немесе басшылық ішінен басқа лауазымды тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;

      29-тармақтың бірінші абзацындағы»"инвестициялық саясат мәселелерін қадағалайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      32-тармақтың 1) тармақшасындағы»"және оның" деген сөздер ", Кеңес пен Комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеге қосымшада:
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі жобалардың тізбесін қоса алғанда," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметіне қатысу";

      9-тармақтағы»"міндеттерін" деген сөзден кейін "және экологиялық сипаттағы міндеттерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақ»"және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады