Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 тамыздағы N 374 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Рәшит Төлеутайұлы Түсіпбековке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға принципті сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 7 тамыздағы       
N 374 Жарлығымен         
МАҚҰЛДАНҒАН        

  Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ

       Бұдан әрі»"Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы,
      1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгеріс енгізуге келісті:
      1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6.»"Орталық органдар" - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шешімді қабылдайтын мемлекеттік органдар.".
      Осы Хаттама ратификациялануға тиіс және Шарттың 23-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      200____ жылдың ________ ____________ қаласында, екі данада, әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттың мәтінін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

     Қазақстан Республикасы үшін     Әзірбайжан Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады