Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы N 643 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 738 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының , "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы N 643 Жарлығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде :
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жүктелген міндеттерді орындамауына, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты не тәртіптік қылықтар жасағаны үшін судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген тұлғалардың, сондай-ақ бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап алты жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде :
       11-тармақтағы ", Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасының" деген сөздер алып тасталсын;
       3-тараудың тақырыбындағы "Материалдарды" деген сөз "Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау туралы материалдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
       29-тармақтың үшінші бөлігіндегі "Президентіне" деген сөз "Жоғары Сот Кеңесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына судьяларды жіберу тәртібі
      31-1. Сот жюриі өз құрамынан үш судьяны екі жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына ротациялық негізде жібереді.
      Сот жюриінің төрағасы жіберу үшін кандидаттарды ұсынады.
      31-2. Сот жюриінің жіберу туралы шешімі Сот жюриінің отырысында дауыс беру арқылы қабылданады, егер оған Сот жюриінің дауыс беруге қатысқан мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі, сондай-ақ оған Сот жюриінің төрағасы қол қояды.
      Шешімнің көшірмесі үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесіне жіберіледі.
      31-3. Сот жюриінің жіберу туралы шешімі қорытынды нысанында ресімделеді және ол:
      1) Сот жюриінің құрамы;
      2) судьяларды жіберу туралы мәселені қараған орны мен уақыты;
      3) жіберілетін судьялардың аты-жөні, тегі, лауазымдары туралы деректерді қамтуы тиіс.";

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы ережеде :
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Тәртіптік-біліктілік алқаларының қызметі судьялардың тәуелсіздігі және сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі соттың қызметіне араласпау, Конституциялық заңмен және осы Ережемен құзыретіне жатқызылған мәселелерді алқалы, жариялы, бейтарап және әділ қарау принциптеріне негізделеді.";
       5-тармақтағы "тәртіптік жазасы жоқ, судьялар қауымы арасында беделді" деген сөздер "мінсіз беделі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
       7-тармақтағы "Әділет біліктілік алқасы және" деген сөздер алып тасталсын;
       10-тармақта :
      2) тармақшадағы "істерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ алқаның өзі қабылдаған тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешім бойынша тәртіптік істерді" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      "шағымдарды" деген сөз "судьялардың шағымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
       24-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
       29-тармақ алып тасталсын;
       31-тармақтағы "және қажетті судьялық стажының бар" деген сөздер алып тасталсын;
       6-тараудың тақырыбындағы "Тәртіптік-біліктілік алқалардың" деген сөздер "Облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
       35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының тәртіптік іс бойынша, біліктілік іс жүргізу жөніндегі шешіміне, судьяның орнынан түсу құқығын растау мәселесі бойынша қорытындысына немесе оны тоқтатуға өзіне қатысты шешім немесе қорытынды шығарылған судья шешімнің көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде облыстық тәртіптік-біліктілік алқасы арқылы Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына шағымдана алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.";
       36-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады