Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 806 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат; 2006 ж., N 41, 446-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде :
      5-тармақтың 3) тармақшасындағы "шетелдік" деген сөз алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады