ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 43, 480-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта "Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденовке" деген сөздер "Григорий Александрович Марченкоға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев