Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 894 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

       «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат, № 15, 149-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 37, 508-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережесі, мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және оған бұл міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңмен белгіленген жауапкершілік жүктеледі.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады