"Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 131 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

Президент


тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары


      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары

тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары

тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттарының хатшылары

Әкімшілік Басшысы


      ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттарының хатшылары;";

      23-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңестер төрағалары.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады