Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2011 ж., № 15, 177-құжат, № 37, 441-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоса беріліп отырған:
1) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сынақты деңгейі бекітілсін.";
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларымен, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сынақты деңгейімен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 314 Жарлығына 1-ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
Осы "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, экономикалық шарттары мен қағидаттарын белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 7562,3 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк пен алаңы 433,1 гектар № 2 индустриялық парк кіреді.
2. АЭА:
1) инвестициялар тарту және құрылыстағы озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым құру арқылы Астана қаласын жеделдете дамыту;
2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.
3. АЭА аумағындағы басым қызмет түрлері:
1) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру;
2) машиналар мен жабдықтар жасау;
3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;
5) химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) электр жабдығын, оның ішінде электрмен жарықтандыру жабдығын шығару;
8) жарықтандыру аспаптарына арналған шыны құрамдастарын шығару;
9) тамақ өнімдерін өндіру;
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон шығару;
11) жиһаз шығару;
12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару;
13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам шығару;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын шығару;
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар шығару;
16) электрондық бөлшектер жасау;
17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру болып табылады.
4. Осы Ереженің 3-тармағының 14), 16), 17) тармақшаларында көрсетілген, АЭА-ның бүкіл аумағының шегінде жүзеге асыруға болатын қызмет түрлерін қоспағанда, осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген қызмет түрлері тек № 1 индустриялық парк пен № 2 индустриялық парк шегінде ғана жүзеге асырылады.
5. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
6. АЭА-ның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
2. АЭА-ны басқару
7. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
3. АЭА-ның аумағындағы салық салу
9. АЭА-ның аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
4. Кедендік реттеу
10. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі АЭА-ның бүкіл аумағында қолданылады.
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен қызметін АЭА-ға қатысушы ретінде жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың АЭА аумағында орналастыруына және (немесе) пайдалануына арналған тауарлар орналастырылады.
12. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА шекарасы оның периметрі бойынша кедендік бақылауды жүргізу мақсатында арнайы қоршаулармен жайластырылады және жабдықталады.
13. АЭА аумағында Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
14. АЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге кедендік рәсімдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және қолданылуы мүмкін.
15. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар кедендік баждар, салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерде орналастырылған ретінде қаралады.
16. Уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, тауарларды кедендік тазартумен және шығарумен, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізумен байланысты кедендік операциялар Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. АЭА-ның аумағында шетелдік азаматтардың болу тәртібі
17. АЭА-ның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келу, кету, транзиті мен болу тәртібі қолданылады.
6. Қорытынды ережелер
18. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
19. АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
20. АЭА-ны тарату рәсімін Астана қаласының әкімдігі жүзеге асырады.
21. АЭА-ның құрылған мерзімінің өтуіне байланысты таратылған кезде Астана қаласының әкімдігі:
1) көрсетілген мерзімнің аяқталуынан үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы уақытта таратылатыны, оның таратылуына байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру жариялайды;
2) АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеудің тәртібі жөнінде түсініктеме берілуін қамтамасыз етеді;
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
22. АЭА Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мерзімінен бұрын таратылған кезде, рәсім алты айдан аспайтын мерзімде осы Ереженің 21-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып аяқталуға тиіс.
23. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығымен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге ҚОСЫМША |
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы шекарасының
жоспары
"Астана - жаңа қала" АЭА аумағы S=7562,3 га
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 314 Жарлығына 2-ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс
істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға
қол жеткізбеудің сынақты деңгейі
№ | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атаулары) | Өлшем бірлігі* | Базалық кезең (2011) | 2017 жылға қарай қол жеткізу | ||||||
2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | Сынақты деңгей | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Жалпы инвестиция көлемі, соның ішінде (ұлғайтумен)**: | млрд. теңге | 911 | 975,8 | 1040,6 | 1105,4 | 1170,2 | 1235 | 1300 | 1100 |
Шетелдік инвестиция көлемі | млрд. теңге | 101 | 101,2 | 101,3 | 101,5 | 101,6 | 101,8 | 102 | 101 | |
Отандық инвестиция көлемі | млрд. теңге | 810 | 874,6 | 939,2 | 1003,8 | 1068,4 | 1133 | 1198 | 999 | |
2 | АЭА аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі** | млрд. теңге | 35 | 40,8 | 46,6 | 52,4 | 58,2 | 64 | 70 | 40 |
3 | Қатысушылар саны | компаниялар | 24 | 28 | 33 | 37 | 41 | 45 | 50 | 30 |
4 | Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар саны | адам | 50 | 58 | 64 | 72 | 81 | 89 | 100 | 50 |
5 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (ұлғайтумен) | адам | 950 | 1375 | 1800 | 2225 | 2650 | 3075 | 3500 | 1500 |
6 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі | % | 15 | 20 | 25 | 30 | 35 | 40 | 45 | 25 |
7 | Астана қаласының аумағындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігің деңгейі*** | % | - | 3,7 | 4,8 | 6,2 | 8,0 | 10,0 | 11,8 | 8,0 |
кестенің жалғасы
№ | 2022 жылға қарай қол жеткізу | 2027 жылға қарай қол жеткізу | ||||||||||
2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | Сынақты деңгей | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | Сынақты деңгей | |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | |
1 | 1350 | 1400 | 1450 | 1500 | 1550 | 1300 | 1620 | 1690 | 1760 | 1830 | 1900 | 1500 |
104 | 105 | 107 | 108 | 110 | 102 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 110 | |
1246,4 | 1294,8 | 1343,2 | 1391,6 | 1440 | 1198 | 1509 | 1578 | 1647 | 1716 | 1785 | 1390 | |
2 | 80 | 90 | 100 | 110 | 120 | 60 | 126 | 132 | 138 | 144 | 150 | 75 |
3 | 52 | 55 | 58 | 60 | 62 | 35 | 64 | 67 | 70 | 75 | 80 | 50 |
4 | 110 | 120 | 130 | 140 | 150 | 75 | 160 | 170 | 180 | 190 | 200 | 100 |
5 | 3700 | 3900 | 4100 | 4300 | 4500 | 2000 | 4700 | 4900 | 5100 | 5300 | 5500 | 2750 |
6 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 30 | 52 | 54 | 56 | 58 | 60 | 35 |
7 | 12,2 | 12,5 | 12,9 | 13,2 | 13,5 | 12,5 | 13,7 | 13,9 | 14,1 | 14,5 | 15 | 13,9 |
Ескертпе:
* - индикаторлар көрсеткіштері ұлғаю қорытындысымен келтірілген;
есептеу кезінде қолданылған бағам: 1 АҚШ доллары - 147 теңге.
** - инвестициялар сомасы АЭА құрылған сәттен (2002 жылдан) бастап ұлғайтыла көрсетілгеніне, ал тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі 2010 жылдан бастап іске қосылған өндірістерге сәйкес көрсетілгеніне байланысты АЭА аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі инвестициялар сомасынан аз. Бүгінгі күнге өндірісті 7 кәсіпорын жүзеге асырады, 16 объекті салыну сатысында және 27 жоба жобалау сатысында.
Астана қаласының № 1 индустриялық паркі бойынша инвестиция көлемі 135 774 млн. теңгені құрайды, кәсіпорындардың жобалық қуатына шыққанынан кейінгі өндіріс көлемі жылына 175 720 млн. теңгені құрайды.
*** - бұл көрсеткішті Қазақстан Республикасының статистика органдары есептейді