Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 344 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 344 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; № 14. 408-құжат):

      аталған Жарлыққа 1 қосымшада:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

      қызмет істері агенттігі 215

      Соның ішінде аумақтық органдар 173"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын;

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

      қызмет істері агенттігі 292

      оның ішінде аумақтық органдар 237".

      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.

      3. "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілер тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына ("Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат ; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат, 2005 ж, № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары".

      4. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      6. "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж, № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:

      "В санаттарының тобы" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "В санаттарының тобы

      Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты

      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (орталық аппараты)";

      В санаттарының тобында:

      В-4 санатында:

      "Президенттің Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттің Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады