"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 406 Жарлығы

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы
экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Президенті 2012 жылғы 17 қазандағы Жарлығына
пресс-релиз

      «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
      АЭА туралы жаңа заңдардың қабылдануына, сонымен қатар Қазақстанның Кеден одағына қосылуына байланысты «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына «жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, мұнай-химия, химия және сабақтас өндірістерді салу және оны пайдалануға беру»; «химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру»; «мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін өндіру» қызметінің басым түрлерімен толықтыру бөлігінде өзгерістер мен толықтыру енгізілуде.
      Осылайша, өзгерістер енгізу қосылған құны жоғары базалық мұнай-химия өнімдерін шығару жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыру мақсатына негізделген.
      Осы Жарлық республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз