Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері лауазымдарының тізбесін бекіту және «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 432 Жарлығы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.
      3. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
      «С санаттарының тобы» бөлімінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «С санаттарының тобы
      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар
      Орталық атқарушы органдар
      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
      Орталық атқарушы органдардың ведомстволары
      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері»;
      С-1, С-2 және С-3 санаттары мынадай редакцияда жазылсын:
      «С-1 санаты
      Аппарат жетекшісі1
      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі
      Орталық атқарушы орган комитетінің төрағасы
      С-2 санаты
      Департамент директоры2
      Орталық атқарушы орган комитеті терағасының орынбасары
      СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
      Сенімді уәкіл
      Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары
      Бас консул
      Шетелдегі мекеменің кеңесші - уәкілі
      С-3 санаты
      Департамент директорының орынбасары
      Шетелдегі мекеменің кеңесшісі»;
      сілтеменің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2 Орталық атқарушы органдардың ведомстволарынан басқа (ведомстволар құрамында департаменттер құру көзделмейді)»;
      С-О-1, С-О-2 санаттары мынадай редакцияда жазылсын:
      «С-О-1 санаты
      Өңіраралық, облыстық аумақтық департаменттің, инспекцияның      жетекшісі
      С-О-2 санаты
      Өңіраралық, облыстық аумақтық департамент инспекциясы жетекшісінің орынбасары
      Облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі»;
      С-О-4 санаты мынадай редакцияда жазылсын:
      «С-О-4 санаты
      Өңіраралық, облыстық аумақтық департаменттің, инспекцияның бөлім бастығы
      Аумақтық бөлімнің жетекшісі - аға сот орындаушысы
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органының консультанты».
      4. Осы Жарлық 2012 жылғы 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы 15 қарашадағы
№ 432 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері
лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.

1. Орталық аппарат, өкілдіктер
Департамент директоры
Департамент директорының орынбасары
Өкілдік басшысы
Басқарма бастығы
Басқарма бастығының орынбасары1
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Консультант
Баспасөз хатшысы
Бөлім бастығы2
Бас маман
Жетекші маман
Маман
2. Филиалдар
Филиал директоры
Филиал директорының орынбасары
Бөлімше меңгерушісі
Бөлім бастығы
Құндылықтар қоймасының бастығы
Бөлім бастығының орынбасары
Инкассация тобының бастығы
Касса, қойма (құндылықтар) меңгерушісі
Бас маман
Жетекші маман
Маман
_________
1Басқарманың штат саны кемінде 10 бірлік болған кезде енгізіледі
2Орталық аппараттың дербес басқармаларында ғана енгізіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады