"Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 459 Жарлығы

      Атқарушылық іс-жүргізу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік сот орындаушыларының мәртебесін көтеру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімде:
      «С санаттарының тобы» бөлімінде:
      С-О-3 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Аумақтық бөлімнің жетекшісі — аға сот орындаушысы»;
      С-О-4 санатында:
      «Аумақтық бөлімнің жетекшісі - аға сот орындаушысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сот орындаушысы»;
      С-О-5 санатында «Сот орындаушысы» деген жол алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады