Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығы

«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін
оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
22 мамырдағы № 571 Жарлығына баспасөз-хабарламасы

      «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығы (бұдан әрі - Жарлық) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында «Ұлттық даму агенттігі» акционерлік қоғамын құруға қатысты айтқан тапсырмасын орындау үшін әзірленген.
      Жарлық «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) құруды көздейді. Оның негізгі қызметі ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі және сенімгерлікпен басқаруға берілген акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.
      «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ны құрудың мақсаты экономиканы дамытуға және әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту болып табылады.
      Жарлық республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

      Қазақстан Республикасының Индустрия
      және жаңа технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз