"Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 576 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық

      мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - мекеме) құратын болсын;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Мекеменің директорын Қазақстан Республикасының Президенті

      қызметке тағайындайды және қызметінен босатады деп белгіленсін.

      3. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады