ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 4, 44-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2010 ж., № 9, 105-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 55, 738-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы";
"Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі" деген жол алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев