Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27-1) тармақшасына және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидалары;

      2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесі бекітілсін.

      Алты ай ішінде тексеру жүргізіліп, осы тармақта көрсетілген тізбеге кірмейтін адамдарға бұрын берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары алынсын.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 763-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 460 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 9, 182-құжат).

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2014 жылғы 13 қаңтардағы
  № 722 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді әрі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты - өзіне

      жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан, одан тыс жерлерде тұрған кезде және Қазақстан Республикасына келген кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты - өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан және келген, одан тыс жерлерде тұрған кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын және оның иесінің ресми мәртебесін растайтын құжат.

      3) уәкілетті адам - паспорт иесі немесе іссапарға жіберуші орган паспортты ресімдеу мен алу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыруға уәкілеттік берген осы органның қызметкері;

      4) іссапарға жіберуші орган - өз қызметкерін шетелдік іссапарға жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы немесе ұйымы;

      5) жауапты қызметкер - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) паспортты ресімдеу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыратын қызметкері;

      6) өтінімхат – мемлекеттік орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның не аппарат басшының (белгіленген тәртіппен өзіне аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамның) қолы қойылған іссапарға жіберуші органның фирмалық бланкідегі хаты;

      7) иесі — өзіне дипломатиялық және қызметтік паспорт ресімделген адам.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік

      паспортын (бұдан әрі - паспорт) шетелге жеке сапарлар үшін пайдалануға жол берілмейді.

      4. Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады және тегін ресімделеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып саналады.

      5. Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, Қазақстан

      Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін

      Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) сәйкес паспортты Министрлік береді.

      Тізбеде көрсетілмеген адамдарға Қазақстан Республикасының Президентімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің беруіне жол беріледі.

      6. Паспорт бес жыл мерзімге беріледі.

      7. Паспорттардың бланкілері Министрліктің өтінімдері бойынша жасалатын қатаң есептілік құжаттары болып табылады.

      8. Паспорттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, тапсыруды, алып

      қоюды, есепке алуды, сақтауды және жоюды Министрлік жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібі

      9. Паспортты ресімдеу үшін іссапарға жіберуші орган уәкілетті адам арқылы Министрлікке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімхат;

      2) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) паспорт беруге толтырылған өтініш (бұдан әрі — өтініш);

      4) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет. Фотосурет азаматтың құжатты ресімдеу сәтіндегі жасына сәйкес болуы, жарық фонда тікелей алдынан түсірілген болуы тиіс, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 70-80%-ға жуығын алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді;

      5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі.

      10. Құжаттарды қабылдаған кезде Министрліктің жауапты қызметкері өтініште көрсетілген деректердің жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерімен сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.

      11. Басқа паспорт болған кезде паспорттарды ресімдеуге:

      1) шет мемлекетке кіру үшін кедергі болатындай шетелдік виза болған;

      2) қысқа мерзімде бірнеше мемлекеттің визаларын алу қажет болған;

      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, оның орынбасарларының немесе Министрліктің аппарат басшысының жазбаша нұсқауы болған жағдайларда жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      12. Паспортты ресімдеу мерзімі осы Қағидалардың 9-тармағында

      көрсетілген құжаттар түскен сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

      13. Паспортты уәкілетті адамға беру Қазақстан Республикасы

      азаматының жеке куәлігін немесе паспортын көрсеткен кезде паспорттарды беру журналына қол қойғызу арқылы жүзеге асырылады.

      14. Министрліктің мұрағатынан паспорттарды беру уәкілетті адам

      арқылы ұсынылған, іссапарға жіберуші органның осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген іссапарға жіберу туралы деректер көрсетілген жазбаша өтініші мен іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе қызметкердің шетелдік іссапарға жіберілетінін растайтын өзге құжаттың көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Уәкілетті адам паспортты алғаннан кейін оны дереу иесіне береді.

      15. Паспортты ауыстыруды осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттар ұсынылғаннан кейін Министрліктің жауапты қызметкері жүргізеді.

      Паспортты тапсыру уәкілетті адамның оны Министрлікке ұсынуы жолымен жүргізіледі.

      Паспорт:

      1) онда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;

      2) оның қолданылу мерзімі өткен;

      3) Заңның 7-бабының 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректерді не құжаттың қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;

      4) жоғалған, уәкілетті адам Министрлікке паспорттың жоғалғаны туралы тиісті өтініш берген күннен бастап (табылған паспорт Министрлікке тапсырылады және жойылуға жатады);

      5) иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген;

      6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып танылады.

      Жарамсыз паспорттар ауыстыруға жатады.

      16. Паспортты алып қоюды Министрлік жүргізеді. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда Министрлік паспортты талап етеді.

      Паспорт иесіне паспортты мұрағатқа тапсыру қажеттігі туралы ауызша немесе жазбаша хабарлау жолымен талап етіледі. Уәкілетті адам немесе іссапарға жіберуші орган паспортты он күн мерзім ішінде тапсырмаған жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне паспортты жарамсыз деп тану туралы ақпарат жібереді. Министрліктің жазбаша өтініші негізінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі паспортты мемлекеттік шекарадан өту кезінде алып қояды, одан кейін паспорт Министрлікке жолданады.

      17. Азаматтар шетелдік сапардан оралғаннан кейін, паспорт иесі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасынан тыс жерге қайта шықпайтын болса, ол он күн мерзімде Министрліктің мұрағатына тапсырылуы тиіс. Паспортты тапсыру негізсіз кідіртілген жағдайда Министрлік оны жарамсыз деп таниды.

      18. Паспорттарды есепке алуды Министрліктің материалдық-жауапты адамы деректерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, ұлты, жұмыс орны, лауазымы, шығатын елі, паспорт нөмірі, паспорт түрі, паспорттың тұрған жері, берілген күні, қайта тіркелуі) электрондық базаға енгізу жолымен жүргізеді, бұдан кейін паспорт әліпби тәртібімен Министрліктің мұрағатына орналастырылады.

      19. Паспорт шетелде жоғалған жағдайда оның иесі бұл туралы болу мемлекетінің құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының жақын жердегі шетелдегі мекемесіне, ал егер жоғалу, ұрлану Қазақстан Республикасының аумағында орын алса - Министрлікке және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу мәлімдейді.

      Жоғалған, ұрланған паспорттың орнына жаңа паспорт беру жоғалғаны, ұрланғаны туралы ақпарат тексерілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілеген тәртіпте жүргізіледі.

      20. Паспорттарды сақтау Министрліктің мұрағатында жүргізіледі.

      Паспортпен бірге паспортты есепке алу карточкасы сақталады, ол паспорт берілген кезде мұрағатта қалады.

      21. Паспорт:

      1) оның жарамдылық мерзімі өткен;

      2) оны ресімдеу кезінде техникалық қателіктер жіберілген;

      3) ол жарамсыз деп танылған жағдайларда жойылуға жатады.

      Паспортты жою туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен бекітілетін комиссия мүшелері актіге қол қояды.


  Қазақстан Республикасының
дипломатиялық және қызметтік
паспорттарын ресімдеу, беру,
ауыстыру, тапсыру, алып қою,
есепке алу, сақтау және жою
қағидаларына
1-ҚОСЫМША

      Іссапарға жіберуші ұйымның бланкісінде

      паспортты (дипломатиялық, қызметтік) ресімдеу үшін

      №

      20_____ ж. "___"_________

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

      ... (ел) шығу үшін паспорт (дипломатиялық, қызметтік) ресімдеуді/беруді сұраймыз:

      Т.А.Ә. - лауазымы

      Шығуы жылы/күні/айы,... күн (жыл) мерзімге жоспарланған

      Маршруты:

      Баратын қалалар:

      Сапардың мақсаты:

      Шығуының негізі:... (ұйымның атауы) шақыруы бойынша

      Сапарды:... (ұйымның атауы) қаржыландырады

      Қосымша:

      1) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесі;

      2) паспорт беруге толтырылған өтініш;

      3) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының көшірмесі

      Ұйымның басшысы Қолы Т.А.Ә._________________/

      Мөрдің орны

      Орындаушы: Т.А.Ә.

      Телефон:


  Қазақстан Республикасының
дипломатиялық және қызметтік
паспорттарын ресімдеу, беру,
ауыстыру, тапсыру, алып қою,
есепке алу, сақтау және жою
қағидаларына
2-ҚОСЫМША

      Дипломатиялық/қызметтік паспортты жою актісі

      "Бекітемін"

      _______________________

      паспортты беруге жауапты

      құрылымдық бөлімшенің

      басшысы

      ________________ Т.А.Ә.

      20 ___ ж. "____"________

      Қатаң есептіліктегі бүлінген бланкілерді жою туралы

      АКТ

      Біз, төменде қол қоюшылар

      1. ___________________________,

      (лауазымы) Т.А.Ә.

      2. ___________________________,

      (лауазымы) Т.А.Ә.

      3. ___________________________

      (лауазымы) Т.А.Ә.

      № ____ паспорттардың бланкілері жойылғаны туралы осы актіні жасадық.

      Қосымша: жойылған паспорттар бланкілерінің көшірмелері.

      _____________________________

      қолы, Т.А.Ә.

      _____________________________

      қолы, Т.А.Ә.

      _____________________________

      қолы, Т.А.Ә.

      Орынд.: Тегі, аты


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 722 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесі

Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 21.04.2014 N 807; 27.10.2016 № 362 (04.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2017 дейін қолданылады); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471; 03.10.2017 № 555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілдеді); 05.07.2019 № 54 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 615; 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 487 Жарлықтарымен.
      1. Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелері.

      2-1. Қазақстан Республикасының экс-Президенттері.

      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

      4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

      5. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

      5-1. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға қатысатын әскери қызметшілер.

      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

      7. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

      8. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы.

      9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.

      11. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

      12. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары.

      12-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.

      13. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.

      13-1. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңесінің бастығы.

      13-2. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері.

      13-3. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері.

      14. Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      15. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы.

      16. Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары.

      17. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы.

      18. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.

      18-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы және оның орынбасарлары.

      19. Алып тасталды - ҚР Президентінің 03.10.2017 № 555 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілдеді).

      20. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстардың әкімдері.

      21. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.

      21-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары.

      22. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

      23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.

      24. Алып тасталды - ҚР Президентінің 03.10.2017 № 555 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілдеді).

      25. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының сыртқы байланыстар мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

      26. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі.

      27. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы, балалары).

      27-1. 04.03.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Президентінің 27.10.2016 № 362 Жарлығымен.

      28. Қазақстан Республикасынан жіберілетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы, балалары).

      29. Әскери атташелер, олардың көмекшілері және олардың отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы, балалары).

      29-1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері, олардың көмекшілері және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, балалары).

      30. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға немесе халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасынан жіберілетін қызметкер ретінде жұмысқа баратын Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты иесімен бірге шыққан жағдайда, оның асырауындағы адамдар.

      31. Біріккен Ұлттар Ұйымының әскери байқаушылары және штаб офицерлері ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысушылар.

      32. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Астана" халықаралық қаржы орталығының бірінші басшылары.

      33. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.

Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 21.04.2014 N 807; 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 158; 05.10.2016 № 349; 03.10.2017 № 555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілдеді); 18.02.2019 № 843; 22.07.2019 № 74; 20.02.2021 № 515; 18.05.2022 № 895 Жарлықтарымен.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары.

      2. Қазақстан      Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес дипломатиялық паспорт алуға құқығы жоқ мемлекеттік саяси қызметшілер.

      3. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес "А" корпусының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.

      4. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінің А және В санаттарының, "Б" корпусының С-1, С-2, С-3 санаттарының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.

      4-1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібімен тағайындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлері.

      5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру қызметінің офицер атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін іске асыратын қызметкерлері.

      6. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері, олардың отбасы мүшелері.

      7. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер атқарушы органдарының бірінші басшылары.

      7-1. Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірінші басшысы, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палаталарының бірінші басшылары және "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының өңірлік директорлары.

      7-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне кіретін спорт федерацияларының бірінші басшылары.

      8. Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының халықаралық ұшып өтуін қамтамасыз ету үшін тартылатын қазақстандық авиакомпаниялардың ұшқыш-техникалық персоналы.

      9. Осы тізбенің 7-тармағында көрсетілген ұйымдардың шет мемлекеттердегі өкілдіктеріндегі қызметкерлер мен олардың жұбайы/зайыбы, балалары, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдар.

      10. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға немесе халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасынан жіберілетін қызметкер ретінде жұмысқа баратын Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты иесімен бірге шыққан жағдайда, оның асырауындағы адамдар.

Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан и перечня должностных лиц Республики Казахстан, которым выдаются дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 13 января 2014 года № 722.

      В соответствии с подпунктом 27-1) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан" и статьей 24 Закона Республики Казахстан "О документах, удостоверяющих личность" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции Указа Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан;

      2) перечень должностных лиц Республики Казахстан, которым выдаются дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан.

      В течение шести месяцев провести ревизию и изъять дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан, выданные ранее лицам, не входящим в перечень, указанный в настоящем пункте.

      2. Признать утратившими силу:

      1) Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 150 "Об утверждении Правил выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 54, ст. 763);

      2) Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2012 года № 460 "О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 150 "Об утверждении Правил выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 9, ст. 182).

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

     
      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 13 января 2014 года № 722

ПРАВИЛА
оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 29 января 2013 года "О документах, удостоверяющих личность" и определяют порядок оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) дипломатический паспорт Республики Казахстан - документ, удостоверяющий личность гражданина Республики Казахстан при его выезде, проживании за пределами Республики Казахстан для исполнения возложенных на него служебных обязанностей и при его въезде в Республику Казахстан;

      2) служебный паспорт Республики Казахстан - документ, удостоверяющий личность гражданина Республики Казахстан и подтверждающий официальный статус его владельца при выезде и въезде, проживании за пределами Республики Казахстан для исполнения возложенных на него служебных обязанностей;

      3) уполномоченное лицо - владелец паспорта или сотрудник командирующего органа, уполномоченные данным органом осуществлять действия по оформлению и получению паспорта;

      4) командирующий орган - государственный орган или организация Республики Казахстан, направляющие своего сотрудника в заграничную командировку;

      5) ответственный сотрудник - сотрудник Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее - Министерство), осуществляющий действия по оформлению паспорта;

      6) письмо-заявка – письмо командирующего органа на фирменном бланке за подписью руководителя государственного органа или лица, исполняющего его обязанности, либо руководителя аппарата (должностного лица, на которого в установленном порядке возложены полномочия руководителя аппарата);

      7) владелец - лицо, на которое оформлен дипломатический или служебный паспорт.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 18.01.2021 № 495 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Не допускается использование дипломатического или служебного паспорта Республики Казахстан (далее - паспорт) для частных поездок за рубеж.

      4. Паспорт является собственностью Республики Казахстан и оформляется бесплатно, а также считается действительным для выезда из Республики Казахстан во все государства мира.

      5. Паспорт выдается Министерством согласно перечню должностных лиц Республики Казахстан, которым выдаются дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан, утверждаемому Президентом Республики Казахстан (далее — перечень).

      Допускается выдача Министром иностранных дел Республики Казахстан по согласованию с Президентом Республики Казахстан дипломатического паспорта Республики Казахстан лицам, не указанным в перечне.

      6. Паспорт выдается сроком на пять лет.

      7. Бланки паспортов являются документами строгой отчетности, которые изготавливаются по заявкам Министерства.

      8. Оформление, выдача, замена, сдача, изъятие, учет, хранение и уничтожение паспортов осуществляются Министерством.

2. Порядок оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан

      9. Для оформления паспорта командирующий орган представляет в

      Министерство через уполномоченное лицо следующие документы:

      1) письмо-заявку по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копию приказа о командировании, заверенную службой управления персоналом (кадровой службой) командирующего органа;

      3) заполненное заявление на выдачу паспорта (далее - заявление);

      4) две цветные фотографии размером 3,5 х 4,5 см. Фотография должна соответствовать возрасту гражданина на момент оформления документа, должна быть выполнена строго в анфас на светлом фоне, причем лицо должно занимать около 70-80 % общей площади фотографии. Не допускается использование изображений, изготовленных методом компьютерного сканирования, моделирования или ксерокопирования;

      5) копию удостоверения личности гражданина или паспорта гражданина Республики Казахстан.

      10. При приеме документов ответственным сотрудником Министерства производится сверка на предмет соответствия данных, указанных в заявлении, с данными документов, удостоверяющих личность.

      11. Оформление паспортов при наличии другого паспорта допускается в случаях:

      1) наличия иностранной визы, которая может послужить препятствием для въезда в иностранное государство;

      2) необходимости получения в короткие сроки виз нескольких государств;

      3) письменного указания Министра иностранных дел Республики Казахстан, его заместителей или руководителя аппарата Министерства.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 18.01.2021 № 495 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      12. Срок оформления паспорта составляет до 5 рабочих дней с момента поступления документов, указанных в пункте 9 настоящих Правил.

      13. Выдача паспорта осуществляется уполномоченному лицу под роспись в журнале выдачи паспортов при предъявлении удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан.

      14. Выдача паспортов из архива Министерства осуществляется на основании письменного обращения командирующего органа с указанием данных о командировании, предусмотренных в приложении 1 к настоящим Правилам, и копии приказа о командировании, заверенной службой управления персоналом (кадровой службой) командирующего органа, или иного документа, подтверждающего направление сотрудника в заграничную командировку, представленных через уполномоченное лицо. Уполномоченное лицо после получения паспорта незамедлительно передает его владельцу.

      15. Замена паспорта производится ответственным сотрудником Министерства после представления документов, предусмотренных в пункте 9 настоящих Правил.

      Сдача паспорта производится уполномоченным лицом путем представления его в Министерство.

      Паспорт признается недействительным в случаях:

      1) отсутствия в нем данных, указанных в подпунктах 1), 2), 5), 6), 7) и 8) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 29 января 2013 года "О документах, удостоверяющих личность" (далее - Закон);

      2) истечения срока его действия;

      3) невозможности идентификации данных, указанных в подпунктах подпунктах 1), 2), 5), 6), 7) и 8) пункта 1 статьи 7 Закона, либо степени защиты документа;

      4) утраты паспорта со дня подачи уполномоченным лицом соответствующего заявления об утере в Министерство (найденный паспорт сдается в Министерство и подлежит уничтожению);

      5) несоответствия правовому статусу владельца;

      6) смены пола.

      Недействительные паспорта подлежат замене.

      16. Изъятие паспорта производится Министерством. Министерство истребует паспорт в случаях, предусмотренных пунктом 15 настоящих Правил. Паспорт истребуется путем устного или письменного уведомления владельца о необходимости сдачи паспорта в архив. В случае несдачи паспорта уполномоченным лицом или командирующим органом в десятидневный срок, Министерство направляет информацию в Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о признании паспорта недействительным. Паспорт изымается Пограничной службой Комитета национальной безопасности при пересечении государственной границы на основании письменного обращения Министерства, после чего паспорт направляется в Министерство.

      17. После возвращения граждан из заграничной поездки, если его владелец в месячный срок вновь не выезжает за пределы Республики Казахстан, паспорт подлежит сдаче в архив Министерства в десятидневный срок. В случае необоснованной задержки сдачи паспорта Министерство признает его недействительным.

      18. Учет паспортов ведется материально-ответственным лицом Министерства путем внесения данных (фамилия, имя, отчество, дата рождения, национальность, место работы, должность, страна выезда, номер паспорта, тип паспорта, нахождение паспорта, дата выдачи, перерегистрация) в электронную базу, после чего паспорт в алфавитном порядке помещается в архив Министерства.

      19. В случае утраты паспорта за рубежом его владелец незамедлительно заявляет об этом в правоохранительные органы государства пребывания и ближайшее загранучреждение Республики Казахстан, а если утрата, кража произошли на территории Казахстана - в Министерство и органы внутренних дел Республики Казахстан.

      Выдача нового паспорта взамен утраченного, украденного производится после проверки информации об утрате, краже в порядке, установленном Министром иностранных дел Республики Казахстан.

      20. Хранение паспортов производится в архиве Министерства. Вместе с паспортом хранится карточка учета паспорта, которая остается в архиве при выдаче паспорта.

      21. Паспорт подлежит уничтожению в случаях:

      1) истечения срока действия паспорта;

      2) допущения технических ошибок при оформлении паспорта;

      3) признания паспорта недействительным.

      Об уничтожении паспорта составляется акт по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам. Акт подписывается членами комиссии, положение и состав которой утверждаются Министром иностранных дел Республики Казахстан.

  ПРИЛОЖЕНИЕ 1
к Правилам оформления, выдачи, замены, сдачи,
изъятия, учета, хранения и уничтожения
дипломатических и служебных паспортов
Республики Казахстан

Для оформления (дипломатического, служебного) паспорта

      на бланке командирующей организации

      № _________

      "__" ______ 20__ г.

      МИНИСТЕРСТВО ИНОСТРАННЫХ ДЕЛ

      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      Просим оформить/выдать (дипломатический, служебный) паспорт для выезда в __________________ (страна):

      Ф.И.О. - должность

      Выезд намечен на число/месяц/год, сроком на ______ дней (год)

      По маршруту:

      Города посещения:

      Цель поездки:

      Основание выезда: по приглашению _____________ (наименование организации)

      Поездка финансируется: ____________ (наименование организации)

      Приложение:

      1) копия приказа о командировании, заверенная службой управления персоналом (кадровая служба) командирующего органа, или иного документа;

      2) заполненное заявление на выдачу паспорта;

      3) две цветные фотографии размером 3,5 х 4,5 см;

      4) копия удостоверения личности гражданина и паспорта гражданина Республики Казахстан.

      Руководитель организации Подпись Ф.И.О. ________/

      Место печати

      Исполнитель: Ф.И.О.,

      Телефон:

  ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к Правилам оформления, выдачи, замены, сдачи,
изъятия, учета, хранения и уничтожения
дипломатических и служебных паспортов
Республики Казахстан

Акт уничтожения дипломатического/служебного паспорта


  "Утверждаю"

      _________________________

      руководитель структурного

      подразделения, ответственного

      за выдачу паспорта

      _____________________ Ф.И.О.

      "__" ________ 20__ г.

АКТ
об уничтожении испорченных бланков строгой отчетности

      Мы, нижеподписавшиеся, в составе:

      1. _______________________________

      (должность) Ф. И. О.

      2. _______________________________

      (должность) Ф. И. О.

      3. _______________________________

      (должность) Ф. И. О.

      составили настоящий акт о том, что уничтожили бланки паспортов № ___.

      Приложение: копии уничтоженных бланков паспортов.

      __________________________________

      подпись, Ф. И. О.

      __________________________________

      подпись, Ф. И. О.

      __________________________________

      подпись, Ф. И. О.

      Исп.: Фамилия, имя

  УТВЕРЖДЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 13 января 2014 года № 722

Перечень должностных лиц Республики Казахстан, которым выдаются дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 05.05.2017 № 471.

Перечень лиц, которым выдается дипломатический паспорт Республики Казахстан

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными указами Президента РК от 21.04.2014 № 807; от 27.10.2016 № 362 (вводится в действие с 04.03.2016 и действует до 31.12.2017); от 03.10.2017 № 555 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 05.07.2019 № 54 (вводится в действие с 01.07.2019); от 02.07.2021 № 615; от 02.01.2023 № 78 (вводится в действие с 01.01.2023); от 13.04.2023 № 195 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования); от 23.02.2024 № 487.
      1. Исключен Указом Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      2. Президент Республики Казахстан и члены его семьи.

      2-1. Экс-Президенты Республики Казахстан.

      3. Премьер-Министр Республики Казахстан.

      4. Председатель Сената Парламента Республики Казахстан.

      5. Председатель Мажилиса Парламента Республики Казахстан.

      5-1. Военнослужащие, участвующие в выполнении международных обязательств по поддержанию мира и безопасности.

      6. Государственный советник Республики Казахстан.

      7. Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан.

      8. Председатель Конституционного Суда Республики Казахстан.

      9. Председатель Верховного Суда Республики Казахстан.

      10. Председатель Национального Банка Республики Казахстан.

      11. Председатель Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан.

      12. Заместители Премьер-Министра Республики Казахстан.

      12-1. Заместитель Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан.

      13. Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан.

      13-1. Начальник Канцелярии Президента Республики Казахстан.

      13-2. Помощники Президента Республики Казахстан.

      13-3. Советники Президента Республики Казахстан.

      14. Исключен Указом Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      15. Председатель Высшего Судебного Совета Республики Казахстан.

      16. Специальные представители Президента Республики Казахстан, заместители Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан.

      17. Руководитель Аппарата Правительства Республики Казахстан.

      18. Первые руководители государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, первые руководители центральных исполнительных органов.

      18-1. Начальник Службы государственной охраны Республики Казахстан и его заместители.

      19. Исключен Указом Президента РК от 03.10.2017 № 555 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      20. Акимы столицы, городов республиканского значения и областей.

      21. Депутаты Парламента Республики Казахстан.

      21-1. Судьи Конституционного Суда Республики Казахстан.

      22. Уполномоченный по правам человека в Республике Казахстан.

      23. Начальник Службы протокола Президента Республики Казахстан, Пресс-секретарь Президента Республики Казахстан, заведующий Отделом внешней политики Администрации Президента Республики Казахстан.

      24. Исключен Указом Президента РК от 03.10.2017 № 555 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      25. Руководитель структурного подразделения Аппарата Правительства Республики Казахстан, курирующего вопросы внешних связей.

      26. Помощник Премьер-Министра Республики Казахстан.

      27. Сотрудники дипломатической службы Республики Казахстан, члены их семей (супруги, дети).

      27-1. Действовал с 04.03.2016 до 31.12.2017 в соответствии с Указом Президента РК от 27.10.2016 № 362.

      28. Сотрудники международных организаций, направляемые от Республики Казахстан, члены их семей (супруги, дети).

      29. Военные атташе, их помощники и члены их семей (супруги, дети).

      29-1. Официальные представители органов национальной безопасности Республики Казахстан в загранучреждениях Республики Казахстан, их помощники и члены их семей (супруги, дети).

      30. Лица, находящиеся на иждивении у владельца дипломатического паспорта Республики Казахстан, выезжающего в длительную заграничную командировку или на работу в международную организацию в качестве сотрудника, направляемого от Республики Казахстан, в случае их совместного выезда.

      31. Участники миротворческих операций Организации Объединенных Наций в качестве военных наблюдателей и штабных офицеров Организации Объединенных Наций.

      32. Первые руководители акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына", Международного финансового центра "Астана".

      33. Президент Национального олимпийского комитета Республики Казахстан.

Перечень лиц, которым выдается служебный паспорт
Республики Казахстан

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными указами Президента РК от 21.04.2014 № 807; от 29.08.2014 № 900; от 29.12.2015 № 158; от 05.10.2016 № 349; от 03.10.2017 № 555 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 18.02.2019 № 843; от 22.07.2019 № 74; от 20.02.2021 № 515; от 18.05.2022 № 895.

      1. Судьи Верховного Суда Республики Казахстан.

      2. Политические государственные служащие согласно Реестру должностей политических и административных государственных служащих, утвержденному Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150, не обладающие правом на получение дипломатического паспорта.

      3. Административные государственные служащие, занимающие должности корпуса "А", согласно Реестру должностей политических и административных государственных служащих, утвержденному Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150, за исключением лиц, имеющих право на получение дипломатического паспорта.

      4. Административные государственные служащие, занимающие должности категорий А и В, категорий С-1, С-2, С-3 корпуса "Б" Реестра должностей политических и административных государственных служащих, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150, за исключением лиц, имеющих право на получение дипломатического паспорта.

      4-1. Работники Национального Банка Республики Казахстан, назначенные в загранучреждения Республики Казахстан в порядке прикомандирования.

      Сноска. Перечень дополнен пунктом 4-1 в соответствии с указом Президента РК от 18.05.2022 № 895.

      5. Сотрудники Министерства обороны Республики Казахстан, Службы государственной охраны Республики Казахстан, Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы), Службы экономических расследований Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, имеющие офицерские звания, классные чины, квалификационные классы и (или) осуществляющие правоохранительную деятельность, за исключением сотрудников территориальных органов.

      6. Работники дипломатической службы Республики Казахстан, члены их семей.

      7. Первые руководители государственных предприятий, исполнительных органов национальных институтов развития, национальных холдингов, национальных компаний, национальных управляющих холдингов.

      7-1. Первый руководитель Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен", первые руководители региональных палат предпринимателей "Атамекен" и региональные директоры акционерного общества "Национальная компания "KAZAKH INVEST".

      7-2. Первые руководители спортивных федераций, входящих в Национальный олимпийский комитет Республики Казахстан.

      8. Летно-технический персонал казахстанских авиакомпаний, привлекаемых для обеспечения международных перелетов официальных делегаций Республики Казахстан.

      9. Сотрудники представительств организаций, указанных в пункте 7 настоящего перечня, в иностранных государствах и их супруги, дети, а также лица, находящиеся на их иждивении.

      10. Лица, находящиеся на иждивении у владельца служебного паспорта Республики Казахстан, выезжающего в длительную заграничную командировку или на работу в международную организацию в качестве сотрудника, направляемого от Республики Казахстан, в случае их совместного выезда.