Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 779 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 12 ақпандағы
№ 779 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары

      10-2. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары";

      "15-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

      15-2. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы";

      20 және 27-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Президенттің кеңесшілері";

      32-тармақ алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2, 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары

      11-2. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары";

      "16-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

      16-2. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы";

      23 және 29-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Президенттің кеңесшілері";

      34-тармақ алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әкімшіліктің құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.";

      24-тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өзінің бірінші орынбасарының, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      3) Президентпен келісу бойынша өзінің бірінші орынбасары, Кеңсе бастығы, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін (бұдан әрі – Бөлініс) бекітеді;

      4) Президенттің қарауына өзінің бірінші орынбасарын, Президенттің көмекшілерін және кеңесшілерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;";

      25, 26-тармақтар және 27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әкімшілік Басшысы орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары не Әкімшілік Басшысы белгілеген өзге адам атқарады.

      26. Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасарын, Президенттің көмекшілерін және кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      27. Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшілері:";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Республика Президенті міндеттердің бірінші кезектілігі мен маңыздылығына қарай Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына, өзінің көмекшілері мен кеңесшілеріне осы ережеде көзделгеннен ерекшеленетін өзге де міндеттер мен өкілеттіктерді жүктеуі мүмкін. Президент өзінің көмекшілері мен кеңесшілерінің санын және олардың қызметінің бағыттарын айқындайды.";

      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшіліктің Басшысы және оның бірінші орынбасары осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге ие болады.".

      3. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:

      32-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі тапсырмалардың жобасын үш жұмыс күні ішінде Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісімен, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарымен, мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін Президенттің көмекшілерімен, Президент Кеңсесінің бастығымен және Президенттің кеңесшілерімен, Мемлекеттік құқық бөлімімен және Жалпы бөліммен, сондай-ақ басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен электрондық түрде келіседі.".

      4. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары" деген жол алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.".

      6. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары".

      7. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінде, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:

      2-тармақтағы "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында" деген сөздер "Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ротация мерзімі басталған кезде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне екі және одан да аз жыл қалған мемлекеттік қызметші уәкілетті адамға берілген өтініші негізінде ротациядан босатылады.".

      6. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

Қазақстан Республикасының Президенті

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасының Президенті

      ".

      9. "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларында:

      2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы" деген сөздерден кейін ", оның бірінші орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;

      10. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол алып тасталсын.

      11. "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол алып тасталсын.

      12. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығында:

      қызмет бабында пайдалану үшін.

      ________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады