Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 471 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
  (үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 471 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) әскери нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығында:

      Жарлықтың тақырыбында, мәтінінде, жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) нышаны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары бейнесінің сипаттамаларында:

      "(Республикалық ұлан)" деген сөздер алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат):

      Жарлықтың тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      4. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:

      15-тармақтың 6) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      5. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 55, 599-құжат):

      Жарлықтың тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      6. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):

      Жарлықтың тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

      7. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 157-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерінде:

      5-тармақта "ай сайын" деген сөздер "тоқсан сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:

      1) тармақшада "шұғыл немесе басым деп жариялау" деген сөздер "басым деп айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекет басшысының тиісті тапсырмалары іске асырылатын заң жобалары;".

      9. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      10. "Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, б. 169):

      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша ", сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау" деген сөздер алып тасталсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінде:

      тақырыбында ", сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау" деген сөздер алып тасталсын;

      бүкіл мәтін бойынша "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялауға", ", сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға", "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялауға", "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау", "немесе оны қаралуын шұғыл деп жариялау", "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялаудың", "немесе шұғыл деп жариялау" деген сөздер алып тасталсын.

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) азаматтықтан айыру."

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.".

      12. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:

      17-тараудың тақырыбында "Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары," деген сөздер алып тасталсын;

      23-тармақта "(Республикалық ұлан)" деген сөздер алып тасталсын;

      187 және 188-тармақтарда "Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары," деген сөздер алып тасталсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

      28-тармақта "агенттіктердің" деген сөз "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32, 46-тармақтар алып тасталсын;

      49-тармақта "Орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "Министрліктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

      3-тармақта "агенттіктердің" деген сөз "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36, 50-тармақтар алып тасталсын;

      53-тармақта "Орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "Министрліктердің" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

      27-тармақта "(Республикалық ұлан)" деген сөздер алып тасталсын.

      14. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат):

      4-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацында орыс тіліндегі мәтін өзгереді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      15. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж. № 12-13, 116-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      9-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацында "және орталық атқарушы органдарға" деген сөздер алып тасталсын;

      15-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы "Парламенттің заңдар жобаларының қарауы басымдылығын айқындау жөнінде" деп жазылсын;

      16-тармақта:

      бірінші бөлігінде "Үкімет пен орталық атқарушы органдарға" деген сөздер "Үкіметке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшасында "орталық атқарушы органдар" деген сөздер "министрліктер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшасында:

      екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкіметтің құрылымдық жүйесін жетілдіру туралы;

      Үкіметке тапсырмалар беру туралы;";

      бесінші абзац алып тасталсын;

      алтыншы абзацта "төрағалық етуі" деген сөздер "төрағалық ету қажеттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақта "көзделген жағдайларда, Президенттің мәлімдемелері мен Президенттің Конституциялық Кеңес шешімдеріне қарсылықтарын" деген сөздер ", ал Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасына көзделген жағдайларда, Президенттің мәлімдемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақтың 18) тармақшасында "және өзге де орталық атқарушы органдармен" деген сөздер алып тасталсын.

      16. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      4-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      6-тармақта "Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар," деген сөздер алып тасталсын.

      17. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығында:

      бүкіл мәтін бойынша және аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасында:

      "(Республикалық ұлан)", "(Республикалық ұланды)" деген сөздер алып тасталсын.

      18. "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 744-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:

      6-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      19. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

      "(Республикалық ұланды)" деген сөздер алып тасталсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      20. Құпия.

      21. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      22. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 124-құжат):

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      23. Құпия.

      24. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 279-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      "(Республикалық ұлан)", "(Республикалық ұланды)" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақта ", Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің және Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын" деген сөздер алып тасталсын.

      25. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      Мемлекеттік саяси лауазымдар деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жол алып тасталсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      26. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 552-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары):

      1-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      27. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      28. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:

      8-тармақта "атқарушы" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады