Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 78 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру үшін ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 2 қаңтардағы
№ 78 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты

25

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты

70

  ".

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:

      15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Ұлттық Банкі, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғары аудиторлық палатасы төрағаларының, Іс Басқарушының, астана, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палатасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, Жоғары Сот Кеңесі аппараттары басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі – қызмет көрсетілетін адамдар) қызметін көліктік және медициналық қамтамасыз ету;".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссияның отырыстарында Конституциялық Соттың Төрағасы, Жоғарғы Соттың Төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.";

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      9-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына қатысты;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Президенттің Конституциялық Сотқа қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Президенттің жолданымдарын дайындау жөніндегі функцияны жүзеге асырады.";

      24-тармақтың екінші бөлігінің 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) Әкімшіліктің Парламентпен, оның Палаталарымен, Парламент Палаталарының жұмыс органдарымен және аппараттарымен; Үкіметпен және Премьер-Министр Кеңсесімен; министрліктермен; Конституциялық Сотпен; Жоғарғы Сотпен; Жоғары Сот Кеңесімен, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын тұрақты негізде қамтамасыз етеді;".

      5. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамалары;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамалары";

      "1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі" деген бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі";

      "Медальдар:" деген кіші бөлімде:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты:

      "Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін".";

      "2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі Сипаттамалар)" деген бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі Сипаттамалар)";

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің медалі" деген кіші бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының медалі";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттаудың (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айырудың) осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен (бұдан әрі – ведомстволық наградалар) марапаттаудың (ведомстволық наградаларынан айырудың) бірыңғай тәртібі мен қағидаттарын айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметкерлерін, жұмыскерлерін, судьяларды және өзге де адамдарын ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) туралы ұсыныстарға (бұдан әрі – ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) туралы ұсыныстар) олардың басшылары бастамашылық етеді, олар тиісті ұсыныстарды орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне жібереді.

      Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ адамдарды ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсыныстарға Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, олардың құрылымдық, ведомстволық қарасты және аумақтық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық етеді, олар тиісті ұсыныстарды орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне жібереді.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жарлықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде айқындалған орталық мемлекеттік органдарда ведомстволық наградалармен марапаттауға (ведомстволық наградалардан айыруға) объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін бірінші басшының бұйрығымен Комиссия тұрақты негізде құрылады.";

      "3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері" деген бөлімде:

      24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1. "Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін" медалімен:

      Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге сіңірген ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары (бұрынғы судьялары), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің бұрынғы мүшелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының қызметкерлері;

      Қазақстан Республикасында конституционализмнің қалыптасуы мен дамуына, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан салмақты үлесі үшін шетелдердің конституциялық бақылау органдарының қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, заңгер-ғалымдар, сондай-ақ өзге де адамдар марапатталады.";

      Қағидаларға 1 және 2-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларына" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларына";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы:

      1) Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді;

      2) ақпаратты жинауды, өңдеуді, мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау практикасын талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;

      3) Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен хат жазысуды жүргізеді;

      4) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның хаттамасын ресімдеуді жүзеге асырады;

      5) мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асырады;

      6) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялар туралы үлгілік ережені әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;

      7) Комиссияның қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      6. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы.";

      мынадай мазмұндағы 12-1, 21-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.";

      "21-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары.".

      7. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "1-тарау. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Басшысы, оның орынбасарлары";

      "2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "А" корпусы" деген бөлімнің 1-санаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы

      Орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы";

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-2 санатында:

      "Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Конституциялық Соттың талдаушысы";

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасы орынбасарының көмекшісі";

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Аппараты басшысының көмекшісі".

      8. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;".

      9. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері

Жұмысы бағаланбайды

  "

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

  "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы

  ";

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

  "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы

  ".

      10. "Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы";

      Жарлықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.";

      3-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы төрағаларының, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлерінің антын Қазақстан Республикасының Президенті өзі қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырысында ант береді.";

      6-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьясы антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өзге де мемлекеттік қызметшінің тиісінше ресімделген және мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде басылған антының мәтіні ант беруші адамның таңдауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.".

      11. "Халық алғысы" медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 348 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Халық алғысы" медалімен наградтау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары, Үкіметі, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Медальды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;

      2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады